Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:42, 14 мая 2013

«Астана» велошабандозы Нибали — «Джиро д’Италия» жарысының оныншы кезеңінде үшінші орынды иеленді

Blog post image

   

«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали — «Джиро д’Италия» жарысының оныншы кезеңінде үшінші орынды иеленді, деп хабарлады Sports.kz.

«Sky» командасынан колумбиялық Ригоберто Уран «Джиро д’Италия» көпкүндігінің оныншы кезеңінің жеңімпазы атанды. Екінші орында «AG2R La Mondiale» командасынан Колумбияның тағы бір өкілі — Карлос Альберто Бетанкур, үшінші орында «Астана» командасынан италиялық Винченцо Нибали.

Жалпы есепте Нибали алда келе жатыр, одан кейінгі орында «BMC» командасынан австралиялық Кадэл Эванс және Уран.

«Джиро д’Италия», 10-ші кезең

Корденонс — Альтопьяно дель Монтазио, 167 км

1. Ригоберто Уран (Колумбия, «Sky») — 4:37:42

2. Карлос Альберто Бетанкур (Колумбия, «AG2R La Mondiale») — +0:20

3. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — 0:31.

Жалпы есеп

1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — 34:19:31

2. Кадэл Эванс (Австралия, «BMC») — +0:41

3. Ригоберто Уран (Колумбия, «Sky») — +2:04

 
0
157
0