Винченцо Нибали «Джиро д’Италия» жарысының жалпы есебінде көш бастады

Kazsport agent 2013 M05 12
219
0
0
0

  «Movistar» командасынан британдық Алекс Даусетт «Джиро д’Италия» жарысының сегізінші кезеңінде бөлек стартты жеке жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Sports.kz. Екінші орында Ұлыбританияның...

 

«Movistar» командасынан британдық Алекс Даусетт «Джиро д’Италия» жарысының сегізінші кезеңінде бөлек стартты жеке жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Екінші орында Ұлыбританияның тағы бір өкілі «Sky» командасынан Брэдли Уиггинс, одан кейінгі орында «Астананың» екі өкілі — эстондық Танел Кангерт пен италиялық Винченцо Нибали.

Жалпы есеп бойынша Нибали көш бастады, екінші орында «BMC» командасынан австралиялық Кадэл Эванс, үшінші орында «Blanco» командасынан голландық Роберт Гесинк.

«Джиро д’Италия», 8-ші кезең.

Габичче-Маре — Сальтара, бөлек стартты жеке жарыс (ITT), 54,8 км.

1. Алекс Даусетт (Ұлыбритания, «Movistar») — 1:16:27

2. Брэдли Уиггинс (Ұлыбритания, «Sky») — +0,10

3. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») — +0,14

4. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — +0:21

Жалпы есеп

1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — 29.46,57

2. Кадэл Эванс (Австралия, «BMC») — 0,29

3. Роберт Гесинк (Голландия, «Blanco») — 1,15.

 

Оцените пост

0
Дальше