«Астана» шабандозы Нибали «Джиро д’Италия» додасының жалпы есебіндегі көшбасшылықты сақтап қалды

Kazsport agent 2013 M05 12
171
0
0
0

  «Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Джиро д’Италия» көпкүндігінің жалпы есебіндегі көшбасшылықты сақтап қалды, деп хабарлайды Sports.kz. «Катюша» командасының мүшесі ресейлік Максим Бельков...

 

«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Джиро д’Италия» көпкүндігінің жалпы есебіндегі көшбасшылықты сақтап қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Катюша» командасының мүшесі ресейлік Максим Бельков «Джиро д’Италия» көпкүндігінің тоғызыншы кезеңінде жеңімпаз атанды.

Екінші және үшінші орындарды колумбиялық Карлос Альберто Бетанкур мен Жарлинсон Пантано (AG2R La Mondiale) иеленді. «Астана» командасынан италияндық Винченцо Нибали оныншы болып келді.

Жалпы есепте Нибали көш бастаса, австралиялық Кадэл Эванс (BMC) пен голландиялық Роберт Гесинк (Blanco) одан кейінгі орындарға жайғасты.

«Джиро д’Италия», 9-шы кезең

Сансеполькро — Фиренце, 170 км

1. Максим Бельков (Ресей, «Катюша») — 4:31:31

2. Карлос Альберто Бетанкур (Колумбия, «AG2R La Mondiale») — +0:44

3. Жарлинсон Пантано (Колумбия) — +0:46

10. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — +1:03

Жалпы есеп

1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — 34:19:31

2. Кадэл Эванс (Австралия, «BMC») — +0:29

3. Роберт Гесинк (Голландия, «Blanco») — +1:15

10. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») — +3:02.

 

Оцените пост

0
Дальше