«Көсем» және «Қиялист» қазақтар тарихымызда бар ма?

Nariman Koishibayev 2013 M05 12
394
0
0
0

Қазақтар туралы тағы да ойлануға тура келді бүгін. Әсіресе ұлттық образдар турасында. Бір қызығы, екі түрлі категорияға негіз бола алатын тұлғалар немесе аңыз кейіпкерлері менің көз алдыма...

Қазақтар туралы тағы да ойлануға тура келді бүгін. Әсіресе ұлттық образдар турасында. Бір қызығы, екі түрлі категорияға негіз бола алатын тұлғалар немесе аңыз кейіпкерлері менің көз алдыма келмеді. Біріншісі "Көсем" болса, екіншісі - "Қиялист". Қайталаймын, мен жаңа заман туралы айтып отырғаным жоқ. Қазақтың түп-тұқияны басталатын замандар және қазақ тарихының белортасы кезеңдерін айтып отырмын. Ылғи ойға оралатыны Қожанасыр, Алдас Көсе, Асан Қайғы, Қорқыт. Бірі аферист, бірі жалқау, қала берді неудачник пен өлімнен қашып жүрген тұлғалар. Көсем бар ма? Хандарды алайын десем, біздің тарихта әлі дилемма. Көз алдымызға керемет батыр, көреген қолбасшылар болып Тәуке, Абылай, Қасым, Есім, Тәуекел шығады. Бірақ, тарихымыз әлі зерттеліп бітпеген ғой. Сондықтан шорт кесіп мынау ең "Красавчигі" деп айтатын ханды таппай отырмын. Тұшымды деректердің аздығынан бәрі де көз алдымда салыстырмалы түрде бірдей. Ел басына күн туған кезде, ел бастау - бір аспект. Көсем болған соң, арасындағы жақсы менеджері, ұйымдастырушысы кім болды екен? Қазақ хандығы құрылып, Ресейге қосылған мерзімнің арасында қала салғанымыз шамалы. Негізінен, түркі тілдес тайпалық хандықтар мен қағанаттар салып кеткен қалаларды пана еттік. Одан кейін қала-бекіністерді орыстар тұрғызды. Керемет сауда жасадық дейін десем, Ұлы Жібек жолын XV ғасырға дейін мыңжылдық бұрын қытайлар қалап кетті, кейіннен жәрменкелерді орыстар обиходқа енгізді. Меніңше, мал бағып, малдан мыңғыраған байлық жинаудан біршама жетіскен болғандаймыз, бірақ әттең ол заманда "Forbes" журналы болған жоқ, әйтпегенде шіріген байлардың "байлығын" біліп отыратын едік. Көсем демекші, алғашқы қазақ сұлтандары, хәм хандарын да олай атау қиын. Себебі, құлдырап жатқан Әбілхайыр (Өзбек) хандығынан біздің ата-бабамыз қашып шығып (Отанын тастап), Моғолстан хандығынан "политическое убежище" сұрап, бас сауғалап келді. Қозыбасы маңынан жер алдық. Соңыра Моғолстан ыдырағанда, бейбіт түрде, азаттық үшін соғыссыз-ақ (1991 жылмен керемет ұқсастық) Қазақ хандығын құрып алдық. Абырой болғанда, осы уақытта (XV ғасырдың екінші жартысы) әлеуеті жоғары көршілер ішкі дағдарысқа бой алып, Қазақ хандығының жариялануы аса байқаусыз қалды. (1949 ж. Израиль мемлекеті сияқты жарияланса не болар еді?) Сөздің қысқасы, подходящий момент болып қалды. Екінші категория біріншіден бетер ойландырды. Біздің тұлғалардың арасындағы ең үлкен "Қиялист" кім? Ұлтты төңкеріп шығып, жаңа құндылықтардың бағытына машықтаған, және ол идеясы орындалған тұлға кім? Яғни Стив Джобс, Джон Леннон, Исаак Ньютон, Галилео Галилей, Циолковский, Владимир Ленин, Авраам Линкольн, Мартин Лютер, Мартин Лютер Кинг секілді тұлғалар біздің тарихымызда болды ма? Халқының өмірі мен ойлану қабілетін түбегейлі өзгерткен. Мойындаймын, Абай әрекет еткен, бірақ нәтижеге жетті ме? Тиянақты, кесіп жауап бере алмаймын. Сіз бұл мәселелер туралы не ойлайсыз?

Оцените пост

0