Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:19, 08 мая 2013

«Формула-1» жарысында Қазақстан Williams командасын қаржыландырады

Blog post image

 

10 мамырда «Аstana» жазуы Williams командасының темір тұлтарларына ілінбек, себебі дәл осы күні Испания гран-приі үшін «Формула-1» кезеңдерінің бірі өтеді, деп жазады forbes.kz.

2010 жылы Williams «Формулы-1» фавориттерінің қатарында жоқ венесуэлалық шабандоз Пастор Мальдонадомен келісімшарт жасасқан. Алайда бір жыл бұрын Мальдонадо Испанияның Гран-приін қанжығалап, оған өзінің туған елінен бөлінген демеушілік қаржылай көмек 29 млн фунт стерлингті құрады.

Ендігі кезекте Williams Шығыс пен туристердің назарын аударту үшін әбігерге түскен елге де келіп жетті, деп жазады The Times.

«Бұл жолы аталған командамен демеушілік келісімшартты ЮНЕСКО-ның атамұра тізіміне енген Астана мен Қазақстанның тарихи әрі мәдени ескерткіштеріне туристердің назарын аударту мақсатында TAK Group қазақстандық инвестициялық компаниясы жасасып отыр. Астана Орталық Азиядағы ірі бизнес-орталықтардың бірі болып табылады және қазір ол EXPO 2017-ге дайындалу үстінде», деп жазады британ басылымы.

TAK Group іргесінде жұмыс істейтін шабандоз Артур Ардавичус: «Formula 1 жарыстары – әлемдегі ең танымал спорт түрі және оның жаһандық беделі Астана үшін өте жақсы жарнама жасайтыны анық. Ал Williams атамыл спорт түрі бойынша аса құрметті командалардың бірі болып табылады, сол себепті осы командамен серіктесу біз үшін үлкен қуаныш. Біз Астана мен жалпы Қазақстанда спорт пен туризмді насихаттауда аталған командамен осы жылдағы бірлескен жұмысымызды бастауға асықпыз», — деген пікірін ортаға салды.

Келісімшарт мөлшері құпия күйінде сақталуда.

 
0
296
0