Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:17, 07 мая 2013

Астананың қаржы полициясы пара алды деген күдікпен Тәуелсіздік Сарайы директорының орынбасарын ұстады

Ағымдағы жылғы 30 сәуірде Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері объектінің өртке қарсы күзеті және өрт сөндіру жүйесін қамтамасыз етудің мемлекеттік сатып алу келісім-шартын жасауға көмектесуі үшін «Арлан Системс НС» ЖШС директорынан 576 мың теңгені пара ретінде алды деген күдікпен «Тәуелсіздік Сарайы» МҚКК директорының коммерциялық сұрақтар бойынша орынбасары Е. Зейнелгабдин және осы мекеменің мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы М. Бақтыбаевты ұстады.

Осы күні аталған тұлғаларға қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

3 мамырда Зейнелгабдин мен Бақтыбаев сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

0
159
0