Қызылорда облысында самбодан халықаралық турнир өтті

Kazsport agent May 7, 2013
257
0
0
0

  Қызылорда облысында Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаевты еске алуға арналған самбодан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Жосалы ауданы орталығында өтіп жатқан екі күндік...

 

Қызылорда облысында Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаевты еске алуға арналған самбодан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жосалы ауданы орталығында өтіп жатқан екі күндік жарысқа Әзірбайжан, Қытай, Моңғолия, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан екі жүзге жуық спортшы қатысты. Сонымен қатар Астана, Алматы және еліміздің өзге де өңірлерінен келген спортшылар бақ сынады.

Өздерінің салмақ дәрежесінде бірінші орынды қызылордалық Б.Раисов пен БҚО-дан С.Шәмшиев, беларустар И.Аискеевич пен В.Кузнецов, Байқоңырдан М.Сейілов,ШҚО-дан Ш.Жоламанов пен Қ.Мұратов, Өзбекстаннан Ж.Тельманов алды. Турнир жеңімпаздары Т.Көмекбаев атындағы қордың атынан ақшалай сыйлықтармен және дипломмен, медальмен марапатталды.

 

Оцените пост

0