Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
03:14, 21 марта 2010

Наурыз

алқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. О баста адам өзін қоршаған ортамен қарым - қатынасы негізінде туындаған халықтық салт - дәстүрлер, діни әдет -ғұрыптар, маусымдық мерекелер және отбасылық семьялық той-томалақтар деп үш топқа бөлінеді. Діни әдет - ғұрыптарға өте ертеден қалыптасқан түрлі ырым -сырым, наным - сенімдермен бірге зороастр, будда, шаман, ислам діндерінен енген рәсімдер жатады. Ал маусымдық мерекелерге жалпы халықтық тойлар жыл басы тойы Наурыз, жаз тойы Қымызмұрындық, күз мейрамы Мизам (шопандар тойы мен сабантой), қыс тойы Соғым енеді. Сондай -ақ, биебау, тулақшашар, шашыратқы, сіргетағар, сіргежияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу, жүн қырқар т. б. кәсіптік мейрамдар да маусымдық мерекеге саналады. Ал семьялық тойтомалақтарға келсек, үйлену тойы (құда түсу, жаушы жіберу, қыз таңдау, қарғы бау, үкі тағар, ұрын бару, есік-төр көрсету, қынаменде, жар-жар, беташар, қыз ұзату, келін түсіру, неке қию, отауға түсіру, отқа май құю, өлітірі т. б.), құрсақ шашу, қырқынан шығару, ат қойып, айдар тағу, тұсау кесер, тілашар, сүндет тойы, мүшел тойы, сапар тойы, жерлеу салттары (қара тігу, аза тұту, жаназа шығару, жоқтау, тұлдау, ас беру т. б.) осы топқа кіреді.

Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлық наным - сенімі, таным - түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жинақталған салт - дәстүрлер аясында болады.

«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт -дәстүрлерден этностың мінез - құлқы, үлгі- өнегесі, зейін- зердесі, даналығы мен даралығы, шешендігі мен тапқырлығы, ақыл - ойы, сондай- ақ, жаратушы мен жаратылысқа, өзін қоршаған жанды, жансыз әлемге деген моральдық, танымдық, этикалық көзқарастары көрінеді. Яғни, салт - дәстүр дегеніміз халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі.

0
371
0