Астананың қоғамдық көлік жүргізушілері «Шиеленісті шеше біл» шеберлік дәрісін тыңдап, білімін нақтылау мақсатында «Әдептілік аптасын» ұйымдастырады

Astana2012 2013 M05 4
410
0
0
0

Таңның атысы, кештің батысы Баян Кенжебекқызының өмірі жол үстінде өтіп келеді. Қиын да болса, қызығы мен шыжығы қатар жүретін кәсіптен нәсібін тауып жүргеніне өзі дән риза.

«Астана-Таңдауы» байқауы қарсаңында 3 мамырда «№1 автоус паркі» АҚ жүргізушілері мен кондукторлары шейленісті жағдайларда өзара түсінісіп, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеудің технологиялық жолдары мен жолаушылармен, әріптестермен, басшылықпен бола қалған даулы жағдайды жою мақсатын көздейтін «шиеленісті шеше біл» шеберлік дәрісін тыңдайды. Бұл үшін жүргізушілер мен кондукторлар түрлі адамдардың психологиялық мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеп, командада даулы мәселелерді шешудің дағдыларын қарастырады.

«Біз автобустарымыздағы жолаушылар тек машинаның жайлылығын сезініп қана қоймай, көбіне кондукторлар мен жүргізушілерге қатысты болатын жақсы көңіл күйде болғандығын да қалаймыз. Астана тұрғындарының басым көпшілігі күнде ертемен жұмыстарына автобустармен барады ғой. Сондықтан кейде қоғамдық көліктерде туындайтын дауларды барынша болдырмаудың жолдарын қарастыруға күш салудамыз. Жүргізушілердің қауырт жұмысбастылығына қарамастан, біз мұндай тренингтерді өткізіп келеміз. Өткен жылғы «Астана-Тандауы» байқауының жеңімпазы біздің парктің жүргізушісі болды. Биыл да жол жеңісті одан әрі жалғастырамыз ба деген үмітіміз зор» - дейді«№1 автобус паркі» АҚ басқарма төрағасы  Сергей Богатырев.

«Шиеленісті шеше біл» шеберлік дәрісі кезінде жүргізушілер мен кондукторлар дау-жанжалдың әлеуметтік саланың барлық саласына сыналай еніп, кәсіпорынның дамына айталықтай нұқсан келтіретін іргелі кесел екендігін көздерімен көреді. Жаттықтырушымен бірге дау-жанжалды шығармаудың тиімді тәсілдері мен оны реттеудің алгоритм жолдарын қарастыратын болады.

Шеберлік дәрістерін өткізуге «НИКА» Шешендік өнері орталығының жетекшісі, Мәскеудің риторика және шешендік өнер университетінің лицензия иесі, Қазақстан Республикасы Психологтар ассоциациясының мүшесі  Меруерт Жүнісбек келісімін берді. Ол 5 жылдан астам уақыт корпоративтік тренингтер ашып, жүргізіп келеді. «НИКА» Шешендік өнері орталығы астана қаласындағы шешендік өнерге оқытатын алғашқы мамандандырылған орталық. Есігін 2009 жылдың мамыр айында ашты. Содан бері 2000-нан астам бітірушілер осы орталық қабырғасында риторика көмегімен өз өмірлеріне дағды қалыптастырып келеді. Орталықтың жаттықтырушылары – Сергей Шипунов жетекшілік ететін Мәскеудің риторика және шешендік өнер университетінің мамандандырылған лицензианттары.

«№1 автобус паркі» АҚ 1974 жылы жолаушылар тасымалдау жөніндегі мамандандырылған кәсіпорын ретінде құрылған Астана қаласының байырғы ірі жолаушылар тасымалы кәсіпорны болып табылады. Қазіргі уақытта «№1 автобус паркі» АҚ  № 3, 8, 9, 10, 18, 19, 20, 23, 25, 28, 42 қалалық бағдарға,  соның ішінде, әлеуметтік әлсіз топтарды да (Астана қаласының мектеп оқушылары мен мүгедек балаларды мектепке алып баруға) қызмет көрсетуде. МАН, ЛиАЗ-5256 және Хюндай Аэро Сити маркалы барлығы - всего 158 және 12 көмекші техникадан тұратын жылжымалы құрамы бар.

Баян Кенжебекқызы, қоғамдық көлік кондукторы:

Халықпен жұмыс істеу өте қызықты. Болған қиындықтарды жеңуге тырысамыз. Жұмыстағы жағдайды үйге, үйдегі жағдайды жұмысқа әкелмеуге тырысамыз. Әр түрлі жолаушы бар. Күніне  мыңдаған жолаушымен жүздесіп, кездесеміз. Әрқайсысының мінезі әр түрлі, мінез-құлқына қарай тіл табысуға тырысамыз.

Қоғамдық көлік қызметкерлері мен жолаушылар арасындағы кикілжіңнің алдын алу үшін Астана қаласының №1 автобус паркінде 6 мамырдан 12 мамырға дейін  «Әдептілік аптасы» өтеді. Осыған орай бүгінде психолог автопарктегі жүргізушілер мен кондукторларға  «Шиеленісті шеше біл» шеберлік дәрісін өткізіп, қоғамдық көлікте тәртіп сақтау, жолаушыға қызмет көрсету сапасын пысықтауда. Айта кетейік, аталған шара «Астана-таңдауы» байқауы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Шеберлік дәрісін тыңдаған жүргізушілер мен кондукторлар алған білімін нақтылау мақсатында 6-нан 12 мамырға дейін «Әдептілік аптасы» акциясына қатысады. Осы акция аясында әрбір жолаушы мына мекен-жайға: 010000, Астана қ, Бейбітшілік к-сі, 25 үй, 401 кабинет; немесе astana-tandauy-2013@mail.ru электронды поштасына немесе astanaday@gmail.com хабарласып, өзі таңдаған автокөлік жүргізушісінің мәліметтерін жолдай алады.  Барлық мәселелер бойынша  8 (7172) 910-842, 910-845 (факс) телефондарына хабарласуға болады.

Еске салайық,  ең үздік – «Педагог», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Жолшы» және «Құрылысшы»  мамандық иелерін іздеп тауып, жариялау. Аталған байқау олардың еңбектерін замандастарына кеңінен танытып қана қоймайды, кейінгі өскелең ұрпаққа осы мамандықтың қыры мен сырын көрсетіп, айтулы кәсіптің мәртебесін арттыруға мүмкіндік туғызады.

«Астана Таңдауы» байқауының қаһарманын олардың жанқиярлық еңбегі мен кәсіби шеберлігіне көз жеткізген кез келген астаналық таңдай алады. Сауалнама-өтінім қабылдау  2013 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады. Үзіктерді елорда тұрғындары Астана қаласының әкімдігі сайтында 1-нен 30 маусымға дейін дауыс беру арқылы таңдайды.

«Астана-Таңдауы» байқауының әрбір жеңімпазы «халық ықыласынан» басқа Астана қаласы әкімінің қолынан дәстүрлі кубок пен грамота алады. Ең үздік мамандық иелерінің еңбек жолы, өмірі деректі фильмдерге түсіріліп, еңбек майталмандарын өскелең ұрпақ біліп, үлгі алуы үшін «қаһармандардың» фотосы Астана көшелеріндегі билбордтарға ілінеді. Алайда, биылғы жылы бұрынғы дәстүрлі берілетін жүлделерге енді, Бурабай курортына барып демалу, Астана күніне орайластырылған басқа да материалдық сый-сияпаттар қосылған. Ұйымдастырушылар «Астана-Таңдауы» 2013 қатысушыларына айырықша назар аударуда. Өйткені осы байқаудан бастап елорданың 15 жылдығын мерекелеуге дайындық басталған-ды. «Астана-Таңдауы» мерейтойға арналған іс-шаралардың ішінде айырықша аталып, әрбір аталым жеңімпаздары жеке-жеке құрметтелуімен аяқталады.

http://www.astana.kz/kk/modules/material/903

     

Оцените пост

0