Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:48, 03 мая 2013

Қазақстандық үш спортшы әлемнің үздік палуандары рейтингіне енді

Blog post image

Фото дерек көзі: wrestling.kz.

     

Қазақстандық палуан Нұрмахан Тінәлиев 120 кг жоғары салмақ дәрежесінің жаңартылған әлемдік рейтингінде үшінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер арасындағы күрес федерациясының ақпараты бойынша, рейтинге мықты деген он атлет қана кіреді. Нұрмаханның рейтингке кіріуіне жақында ғана Үндістанда өткен Азия чемпионатындағы жеңісі көп ықпал етті. Бұл рейтингте екінші орында украиндық Андрей Орлов тұрса, түрік палуаны Риза Каяалп көш бастап тұр», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қазақстандық тағы екі спортшы үздік ондыққа кірді. Ербол Қоңыратов 66 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі рейтингті қорытындылап тұрса, Ерұлан Ысқақов 96 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі ондықта сегізінші орында тұр.

Жоғарыда аталған Азия чемпионатында қазақстандықтар жалпыкомандалық үшінші орынды иеленді.

 
0
2493
0