Қайырымдылық және мейрімділік әлемді құтқарады

Қостанай облысы бойынша Қаржы полиция департаменті жетім балаларға нақты көмек көрсетуде

Әріптестік туралы меморандумға қол қою аясында Қостанай облысы бойынша Қаржы полиция департаменті «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Қостанай облысы филиалымен осы санаттағы балаларға нақты көмек көрсетіліп отыр.
Біздің ведомство «Нұр Отан» ХДП-сы құқыққорғау органыдары ардагерлері кеңесінің партия ұйымымен бірлесе отырып, балалар үйінің түлегі Айнұр Серікқызы Бекенованы қамқорлығына алып, оған Рудный қаласында тұрғын үй бөлінді. Жайлы тұру үшін және тиімді жұмыс істеу үшін үйдегі ыңғайы әрбір адамға қажет. Қаржы полициясы қызметкерлерінің ақшалай қаражаттарына Айнұр ең қажетті заттармен ғана қамтылып қоймай, оған тағы келесі нәрселер сатып алынды:
-екі комплекті көрпе жастық тыстары,
-жиhаздар жинағы,
-ас бөлмесіне керек жарақтары және ыдыстар,
-тұрмыстық техника және плазмалық теледидар.
Бұл акция бір жолғы емес, қаржы полициясы қызметкерлері одан әрі де облыстық қайырымдылық  іс-шараларына белсенді түрде қатысатын болады.

Оцените пост

3