место в рейтинге
  • 754014
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Сарыарқа» ақтық сында сүрінді

Сонымен, «Сарыарқа» ақтық сында сүрінді. Финалға дейін күш-жігерін сарқып алды ма, әлде «Торостың» бас бапкері Руслан Сулейманов Кирдяшовтан айласын асырып кетті ме, жоқ әлде басқадай сыры бар ма, белгісіз.

Ресейдің Жоғары хоккей лигасын дүрліктірген Қарағандының«Сарыарқасы» финалға жетіп сүрінді. ЖХЛ-дағы Қарағанды ертегісі дейсіз бе, әлде ерлігі немесе дастаны деп түзетесіз бе, өз еркіңіз.

Биылғы маусымда аталмыш лиганы сүйсіндіріп, сергелдеңге түсірген «Сарыарқаның» осы «ертегісі» мен жарқын ойындары соңғы матчта жеңіліске ұшыраумен тамамдалды.

«Сарыарқа» биыл Ресейдің Жоғары хоккей лигасына үстемдік құрып, негізгі додасында топ жарған. 52 ойыннан 115 ұпай жинап, бәрінен асып түсті. Ол, ол ма,қатарынан 23 ойында жеңіске жетіп, аталмыш лиганың рекордын жаңартты.

Ресей клубтарын үй демей, түз демей қоғадай жапырған. Қазақстан клубының бұл жетістігіне өзектері өртенгендер аз болған жоқ. Төрешілер тобықтан қанша шалса да, «Сарыарқа» еш клубқа бой бермей, 23 кездесуде алшаң басқан.

«Сарыарқа» содан плей-оффқа шықты. Қарағанды клубымен қоса осы лигада бірнеше жыл ойнап жүрген екінші клубымыз да плей-оффта бақ сынаған. БірақӨскеменнің «Қазцинк-Торпедосы» бірінші електе-ақ қатардан шығып қалды.Өскемен клубының тісі батпаған команда «Торос» (Нефтекамск) клубы болатын.

Қызық болғанда, «Сарыарқа» финалда Братина кубогын дәл осы «Торос» клубымен сарапқа салды. Иә, бірнеше айға созылған негізгі додада екінші орын алған «Рубин» (Тюмень) клубы емес, тек үшінші орынды қанағат тұтқан «Торос» шықты, финалға.

Негізі, «Торос» та өте тәжірибелі команда еді. Жоғары хоккей лигасыныңалғашқы маусымында жартылай финалға дейін жетіп, тек «Рубиннен» ұтылып,қола жүлдегер атанған. Ал былтыр Братина кубогының финалында осы тюмендіктерді 4:1 есебімен тізерлетіп, алғашқы маусымда кеткен есесінқайтарған.

Алғашқы екі ойын Қарағандыда өтті. Бірінші матчта «Сарыарқа 4:1 есебімен басым түсті. «Ресей лигасы өзінің алтын жалатылған, салмағы 19 келі бағалы күміс кубогын бізге бере қойсын ба» деген кейбір қызуқанды жанкүйерлердіңсөзінен секем алып жүргендер «е, бәсе, осылай болса керек еді» десті.

Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Ертеңінде «Сарыарқа» қонақтарынан 1:7 есебімен күйрей ұтылып, жігерімізді құм қылды. Тіпті кездесу соңында ашуға булығып, жұдырықтарын ала жүгірумен болды. Бірақ төбелесіп те жарытпады. Тафгай Д.Грэттон айдынан матч соңына дейін қуылып, Қарағанды мұзайдынында ойнақ салған Башқұртстан клубы ойыншыларын сабасына түсіретін ешкім болмады…

Нефтекамскіде өткен бірінші ойында тағы да «Торос» тайтаң қақты. Есеп – 2:0. Енді «Сарыарқаның» жағдайы тығырыққа тірелді. Енді жеңілсе, «Торосқа» төтеп беру мүмкін емес еді. Абырой болғанда, төртінші ойында «Сарыарқа» хоккейшілері қайсарлық танытып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Содан алақанымызды ысқылай түстік. Енді Қарағандыда «Торосты» тізерлетіп, аптығын басар дестік. Бірақ олай болмады. Сарыарқа төсінде «Торос» 3:2 есебімен жеңіп, қайтадан алға шықты.

Алтыншы ойын Башқұртстанда өтті. Бұл жолы «Сарыарқадан» жеңіс күткендер көп болған жоқ. Бірақ Қазақстан клубы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, таразы басынқайта теңестірді. «Финал деп осыны айт» десті қазақстандықтар. «Екеуі бір-біріне тұрарлық» десті ресейліктер.

Сонымен жетінші әрі шешуші ойын Қарағандыда өтіп, қазақстандықтар «Сарыарқаға» сенім артты. Бірақ «Сарыарқа» тағы да салы суға кетіп, білгенінен жаңылды. Өз жанкүйерлері алдында 0:3 есебімен ұтылып, дәрменсіздік танытты.

«Төрешілер қатты қысым көрсетті» деп те таусыла алмаймыз. Неге екенін,әйтеуір «Сарыарқаның» «Торосқа» тісі де батпады, шамасы да жетпеді. Маусым бойғы қарқыны қайда кеткені түсініксіз. Әлде «Торос» осындай тегеурінді ме?! «Тазы болып шалып», күш-жігерін финалға сақтаған ба?

Содан соң «Сарыарқа» клубының бас бапкері Андрей Кирдяшовтың ақтықойындарда қақпаға көбінесе словак Владимир Ковачты емес, Денис Франскевичтіқойғанын түсіне алмадық. Жарайды, Ковач та шаршайды дейік, Ковач тақателеседі делік. Десек те, бес матч бойы оны тұсаулап ұстап отырғаны түсініксіздеу болды…

Сонымен, «Сарыарқа» ақтық сында сүрінді. Финалға дейін күш-жігерін сарқып алды ма, әлде «Торостың» бас бапкері Руслан Сулейманов Кирдяшовтан айласын асырып кетті ме, жоқ әлде басқадай сыры бар ма, белгісіз.

Әйтсе де, жанкүйерлер «Сарыарқаға» ренішті емес. Көпшілік «алғашқы маусымүшін финалға шығу да – үлкен жетістік» деуде. Ендеше біз де «Сарыарқаның» Жоғары хоккей лигасының алғашқы маусымындағы көрсеткіштерін жоғары бағалап, биылғы жетістіктерінің баянды болуына тілектеспіз.

Бәлкім, Братина кубогын келесі жылы жеңіп алар…

«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Торос» (Нефтекамск) – 3:4

/4:1, 1:7, 0:2, 2:1, 2:3, 3:2, 0:3/

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
3 мая 2013, 10:11
205

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38295
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
вчера / 14:43
  • 5743
  • 15
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 1537
  • 2
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2330
  • 5
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1325
  • 0
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1287
  • 6