место в рейтинге
  • 118555
  • 96
  • 20
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жалған мен нақты әлем

Қазақ әңгімелері

№7 әңгіме. Жалған мен нақты әлем

Көп жағдайда саналы өмірге енді бет бұрған жастарымыздың «өз капиталымды қалай құрсам болады?»,-деп жиі қоятын сұрағымен кездесуге тура келеді. Көпшілігі жеке капиталын құрудың жалғыз жолы бар, ол – мемлекеттік бюджетті немесе елдің шикізат ресурсын бақылайтын ірі шенеуніктің қоластына кіру деп түсінеді. Кейін осы ірі шенеуніктің қолдауын пайдалана отырып, мемлекеттің немесе шикізат компаниясының ақшасын ұрлаймын,-деп көздейді.

Сөзсіз, мұндай пікірдің орынды негізі бар, себебі еліміздегі байлардың көпшілін алып қарасақ, олардың басым бөлігінің өз байлықтарын мемлекеттік бюджетті тонау және шикізат компаниялары ақшасының бір бөлігін ұрлау арқылы иеленіп отырғанын көреміз. Сәйкесінше, статистикалық тұрғыдан қарасақ, еліңді тонау арқылы бай болғысы келетіндерге басымдылық беріледі. Капитал құрудың осыған ұқсас екінші жолын пайдаланатын адамдардың келесі бөлігі бар. Олар басқалардың мүліктерін алдау-арбау және күшпен тартып алу арқылы жетістікке жетуге болады деп санайды.

Енді көптеген адамдардың ұрлық, қарақшылық және алаяқтық арқылы өз капиталдарын құрып жатқан мемлекет қанша уақыт өмір сүреді? Және бұл қандай мемлекет болмақ? Ұрлықшылар, қарақшылар және алаяқтардың қолдарынан не келеді, олар нені жасай алады? Әлбетте мұндай мемлекеттің болашағы жоқ, ол өз ішінен шіриді. Басқаларды тонау, өзгелердің мүліктерін алдау арқылы тартып алу немесе басқа адамның иелігін күшпен алу абырой болып саналатын қоғам күнделікті азайып бара жатқан қоғамдық байлық үшін бір-бірімен күресіп, қырқысатын болады. Ақыр соңында осындай ұрлықшылардың, қарақшылардың және алаяқтардың мемлекеті не өздерінің шіріктерінен құрып бітеді, не олардан мықты, дені сау мемлекеттің соққысына тап болып, солардың боданына айналады.

Сау қоғам мен дені сау мемлекетте адамның өз жеке капиталын құруының жолы басқа болуы керек. Адамдар жасампаздық еңбек жолы арқылы өздерінің жеке материалдық игіліктерін құруы қажет. Міне осы жерде көпшілігі кідіріп, былай деп сұрайды:  «Жеке капиталыңды құру үшін бастапқы капитал қажет қой. Ал егер Мен енді жұмыс істей бастаған жас маман болсам және жалақымнан басқа кірісім болмаса не істей аламын?».

Алдымен бұл сұраққа жауап берместен бұрын, аса маңызды келесі нәрсеге мән берейік. Әрбір адамның бұл өмірде өз тағдыры және осы әлемде, осы уақытта, дәл қазіргі адамдардың арасында пайда болуының себебі бар. Және адам өмірдегі өзінің орнын тауып, өз міндеттерін орындауы тиіс. Сондықтан да, егер сіздің тағдырыңыз музыкант, сәулетші, жаңа компьютер бағдарламасын жасаушы немесе ұлы аспазшы болу болса, онда сізге тек осылармен айналысу қажет. Ал егер сіз өзіңізге бөтен бизнес саласында іспен айналыссаңыз, онда сіз тек жетістікке жетпей қоймай, онымен қоса өмірдегі ең бақытсыз адамға айналасыз.

Кәсіпкерлік, бизнесмен, капиталист жолы, бұл сіздің жолыңыз деп шешсеңіз және сіз өз бизнесіңізге бастапқы капиталды қайдан табамын деп ойласаңыз, онда сізге келесі нәрсені түсінген жөн. Кез келген ең үлкен капитал, жеке тұтынуға емес, ал инвестицияға құйылған 1 доллардан басталады. Алайда сіз осыны түсінген сәтте, өте қызық жайтқа тап боласыз, яғни сіз осы бір долларды жинақтаудың қалай қиын екенін байқайсыз. Негізі жағдай мынада: қоғамдық өмірдегі барлық құрылым бізге ақша жинау мен оны жеке капиталыңды құру үшін бағыттауға мүмкіндік бермейтін жүйеге негізделген.

18 ғасырдың ағылшын философы Бернар де Мандевиль осы жағдайды және оның себептерін өте жақсы суреттеген:

«Жұмысшыларды аштық өлімінен сақтау қажет, алайда оларға қосымша жинақ жасай алатындай ештеңе бермеу керек. Бай ұлттардың (елдердің) барлығы кедейлердің басым бөлігінің әрқашанда жұмыс жасағанына және алған табыстарын үнемі толығымен жаратып тастағандарына қызығушылық танытады.

Күнделікті еңбекпен табыс алатын адамдарды жұмыс істеуге жоқшылық итермелейді, алайда осы жоқшылықты түбейгейлі жоюдың қажеттілігі жоқ, оны тек жәй жақсартудың өзі жеткілікті.

Мұқтаждықтарын толық жаппайтын жалақы жұмысшы адамды ынталы етеді.

Өте төмен жалақы жұмысшының мінез-құлқына байланысты, оны не жасықтыққа не үмітсіздікке әкеледі. Ал жоғары жалақы — оны арсыз және жалқау етеді. Осы уақытқа дейін айтылғандардан шығатын қорытынды, ол құлдығы жоқ ұлт (ел) үшін ең тиімді байлық енбекқор кедейлердің көптігінде және оларға төленетін жалақы мұқтаждықтарын толық жаппауы қажет дегенге саяды. Жұмысшылар флот пен әскерді жинақтаудың сарқылмас көзі болып табылатындығымен қатар, жұмысшыларсыз еш ләззат алу және табыс табу мүмкіндік болмас еді.

Қоғамды бақытты, ал халықты оның аянышты күйінің өзінде де риза қылу үшін үлкен көпшілік надан және кедей болуы керек. Білім біздің қалауымызды кеңейтеді және көбейтеді, ал адам неғұрлым аз қалаған сайын, соғұрлым оның қажеттіліктерін өтеу жеңіл болады».

Бүгінде Мандевильдің айтқандарының барлығын бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар, ғаламтор, газеттер, журналдар мен фильмдер жасап жатыр. Мұқияттылықпен қарайтын болсақ, бұқаралық ақпарат құралдарының халық санасына әлемге деген қандай бейне мен көзқарас қалыптастырып жатқандығын байқауға болады.

Мәселе, кез келген адам, бейсаналық тұрғыда, теледидарға немесе журнал бетіне шыққан адамды, бұл өмірде жетістікке жеткен тұлға деп санайтындығында болып отыр. Ал үлкен немесе кішкентай болмасын, әйтеуір үнемі жетістікке ұмтылу қажеттілігі бізге табиғаттан берілген нәрсе. Бала кезімізде біз ата-анамыздың немесе басқа жақындарымыз бен айналамыздағылардың мінез-құлық моделін қайталаймыз. Біз үлкендердің киімін киіп, «аррухана» және «үй» ойындарын ойнап, басқа балаларды «үлкендер секілді шәй ішуге» шақыра отырып, үнемі үлкендерге еліктейміз. Осы себептен де көптеген жасөспірімдер шылым шеге және ішімдік іше бастайды.

Балалар үлкендерге ұқсағысы келеді, себебі оларға үлкендер мықты күштің, дербестіктің және балалармен салыстырғанда анағұрлым жоғары деңгейдегі әлеуметтік мәртебенің иесі болып табылады. Адамдар әрқашанда анағұрлым табысты, анағұрлым мықты және жоғары әлеуметтік мәртебеге ие тұлғаға еліктейді. Балалар есейген сәтте де, ештеңе өзгермейді, бәрі сол қалпында қалады, тек енді еліктеудің үлгісі болған «үлкендер» орнына бізге теледидар экранынан немесе журнал бетінен қарап тұрған адамдар ауысып келеді. Және де, адам экрандағы кейіпкеріне саналы және бейсаналы түрде еліктейді.

Сәйкесінше, біз бейсаналық тұрғыда бізге БАҚ өкілдерінің ұсынған «жетістікке» жеткен кейіпкердің өмір сүру үлгісін ақырындап қабылдаймыз. Журналдардың парақшаларынан біз қымбат брендті киімдерді киіп, қымбат автокөліктерде отырған адамдарды көреміз, осыдан кейін бізде жетістікке жету үшін қымбат киім киіп, қымбат автокөлік сатып алу қажет екен деген ой қалыптасады. БАҚ өкілдерінің салған әдемі суреті, бұл жетістікке жету үшін адамға қосымша ақша жасауға мүмкіндік бермейтіндей, оның ақшасын қымбат заттарды сатып алуға жаратуға бағытталған әдейі ойдан шығарылған жалған әлем. Сондықтан да, біз осы жалған әлем заңдарына сәйкес әрекет ете бастаймыз және ойдан шығарылған виртуалды әлемде жетістікке жету үшін тонна керексіз заттарды сатып аламыз. Және әлбетте ерте ме, кеш пе жеңіліске ұшыраймыз, себебі нақты өмірдің жетістікке жету заңдары мүлдем өзгеше.

Нақты өмірде сіздің киген киіміңіз қанша тұратындығы, сіздің көлігіңіздің қаншалықты қымбат екендігі, қасыңыздағы қыздың немесе жігіттің қаншалықты сұлу екендігі маңызды емес. Нақты өмірде мүлдем басқа ережелер мен заңдар қабылданған. Бұл өмірде сіздің қаншалықты істі жақсы жасай алатындығыңыз, сізді қаншалықты мықты және білікті достарыңыздың, әріптестеріңіздің қоршағаны маңызды, мұнда сіз бақылайтын зауыттар мен жылжымайтын мүлік санының көптігі және сіз шығаратын тауардың бағасы мен сапасы маңызды. Және бір нәрсеге сенімді болыңыз, егер сіз нақты өмірде жетістікке жетсеңіз, онда сұлу қыздар үнемі жаныңыздан табылады. Себебі олар әрқашанда нақты күштің иісіне қарай ағылады.

Сондықтан да, егер сіз нақты өмірде жетістікке жеткіңіз келсе, онда қымбат әшекей, киім мен автокөлік алуға өз ақшаңыз бен энергияңызды құртуды тоқтатыңыз. Нақты билік сізге тиесілі зауыттарда, жерлерде, дүкендерде, мейрамханалар мен БАҚ құралдарында екенін есте сақтаңыз. Ал егер сіз басқалардың көз алдында жақсы көрінгіңіз келсе, онда сізге қымбат заттарды, көліктер, қымбат кемелерді сатып алып, өзіңізді үлде мен бүлдеге орап алғаныңыз жөн болады. Алайда «гауҺар шаңы» сізге ешқанда нақты билік бермейтінін ұмытпағайсыз және сағат тілі 12:00 соққанда сіздің күймеңіз асқабаққа айналады.

Осыған қатысты біздің бір досымыз мынандай әзіл айтқан еді:

О дүниеде американдық, ағылшын және қазақ кездесіп, өзара бір-бірімен осы жерге келу себебі жайында бөліседі екен. Американдық өзінің "ferrari"-не мініп, зымырып келе жатқанда Санта-Моника жолында өз көлігін басқара алмай жолдан шығып, содан осы жерге келгенін айтады. Ағылшындық өзінің "aston martin" көлігімен Лондоннан Эдинбургке қарай шығып, орта жолда бұрылыстардың бірінде бағанаға соғылып, содан осы жерге түскенін айтты. Ендігі кезек қазаққа жеткенде, ол “Bentley” сатып алып, содан соң «аштан» өлгенін мәлімдейді.

Егер осы әңгімені оқып шыққаннан кейін сізді алдап-арбау арқылы сіздің жеке капиталыңызды құруға қажетті кез келген мүмкіндікке жол бермеу үшін әлемде өзара келісілген қастандық бар екен деген ойға келсеңіз, онда сіз қателесесіз.  Ешқандайда қастандық жоқ. Себебі БАҚ сіздің санаңызды алдап-арбау арқылы, сізге керексіз затты сатып алғызбаса да, сіз бұл әрекетті өз еркіңізбен жасайсыз. Демек, сізге алдау-арбаудан құтылу үшін тек қана өз эмоцияңызды қатаң бақылауға алу жеткілікті. Сондықтан да, сіз не өз эмоцияңызды басқарасыз, не эмоцияңыз сізді басқарады.

 
Дана Жол danajol
«Дана Жол» қолданбалы экономика орталығы «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. danazhol.kz vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
2 мая 2013, 13:40
506

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

Истерический вой, поднявшийся в российских СМИ по поводу перевода казахского языка на латиницу, блогер и публицист из Казани Римзиль Валеев оценил довольно-таки точно, на наш взгляд.
openqazaqstan
18 апр. 2017 / 16:47
  • 32345
  • 235
Казахстан сидит на чемоданах. А некоторые из нас – непосредственно в них

Казахстан сидит на чемоданах. А некоторые из нас – непосредственно в них

Откуда я знаю, спросите вы? Да очень просто. Голые мужики в сауне могут врать только про баб. Про машины и планы переездов – только по-чесноку. Чего уж скрывать, если все остальное напоказ.
Lesch
17 апр. 2017 / 23:30
  • 6159
  • 23
«Сорри, коммерческая тайна». Ответ от ALTEL и Tele2

«Сорри, коммерческая тайна». Ответ от ALTEL и Tele2

Пресс-служба ALTEL и Tele2 предоставила ответы на наши вопросы по поводу сервисов, навязываемых ALTEL при наборе кодов проверки баланса от других операторов.
openqazaqstan
17 апр. 2017 / 15:26
  • 4628
  • 20
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3138
  • 10
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Наши депутаты известны не достижениями и работой, а своими высказываниями. Сегодня в СМИ вышла новость, где депутат сената Бырганым Айтимова ответила на критику народа.
tala03
20 апр. 2017 / 13:44
  • 2322
  • 17
Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Наводнение в Атбасаре, размытые дороги, подтопленные сёла по всему Центральному и Северному Казахстану... Что происходит?
openqazaqstan
19 апр. 2017 / 15:20
  • 2294
  • 14
Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Когда я пришла в первый раз на работу, слышала как доносятся крики из разных кабинетов. Крики это были не детей, а учителей, которые не могут сдержаться, когда уже все силы иссякли...
teacher1210
19 апр. 2017 / 7:56
  • 2426
  • 61
Чем меньше риск, тем меньше прибыль. Давайте зарабатывать больше, а я вам помогу

Чем меньше риск, тем меньше прибыль. Давайте зарабатывать больше, а я вам помогу

Если хотите жить как все казахстанцы, а казахстанцы в среднем живут очень бедно, то можете продолжать так же жить прежней жизнью, но если вы хотите жить лучше, чем вчера, надо заняться...
noyanovmyras
17 апр. 2017 / 17:02
  • 4674
  • 27