место в рейтинге
  • 773416
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Шведованың «шабысы» ширақ

 

Ерлерге қарағанда қыздарымыздың аяқалысы әлдеқайда тәуір. Бұл ретте біз Ярослава Шведованы мақтан тұтамыз. 25 жастағы отандасымыз Ролан Гарроста екі рет ширек финалға дейін жетті. Жұптық сайыста АҚШ-тың ашық біріншілігі мен Уимблдонда жеңімпаз атанды. WTA турнирлерінде 7 рет топ жарды.

Теннисшілердің әлемдік рейтингі үнемі өзгеріп тұрады.Өйткені төрткүл дүниенің әр қиырында халықаралықтурнирлер үздіксіз ұйымдастырылады. Байрақты бәсекелерде табысты өнер көрсеткен өрендер материалдық тұрғыда мол олжаға кенелумен қатар, рейтингтегі жағдайларын да жақсартады. Сондықтан да олар түрлі жарыстарға жиі қатысуға мүдделі.

Ерлер арасында бүгінгі таңда Новак Джоковичке тең келер ешкім жоқ. Соңғы екі жыл көлемінде қарқынын күрт күшейткен 25 жастағы сербиялық саңлақ бұл күндері АТР рейтингінде көш бастап тұр. Ол көптеген турнирлердің жеңімпазы. Әсіресе, Джокович Австралияныңашық біріншілігінде өте жақсы ойнайды. Мельбурндағы турнирде ол төрт рет топ жарды. «Үлкен дуылға» санатындағы өзге жарыстарда да зор табысқа қол жеткізуде. Әлемдік тур бәсекесінде екі рет топ жарды. Осы жеңістерінің арқасында Новак 50 миллион АҚШ долларын қалтаға басты.

АТР тізіміндегі екінші мен бесінші тұғырға тұрақтаған ойыншыларөзара жиі орын алмасып тұрады. Қазіргі кезде Роджер Федерердің асығы алшысынан түсіп тұр. Швейцарияның мақтанышы екінші орынды олжалауда. «Үлкен дуылға» додаларында 17 рет топ жарған 31 жастағы сақа спортшы кезінде ұзақ уақыт бойы қарсылас шақ келтірмеді. Соңғы уақытта Джоковичке есе жібергені болмаса, өзгелерден оқ бойы озық. Осы күнге дейін Федерердің түрлі турнирлерде жиған қаржысы 76 779 184 АҚШ долларын құрайды. Үшінші орында – Энди Мюррей. 25 жастағы Шотландия спортшысының жиған-тергені – 27 045 837 доллар. Былтыр ол АҚШ-тың ашық біріншілігін ұтып, Уимблдонда финалға дейін жетті. Биыл Мельбурндағы додада ақтық сынға дейін алқынбай жетті.

Төртінші және бесінші орындарда Пиреней түбегінің қос саңлағы – Давид Феррер мен Рафаэль Надаль. 31 жастағы Феррер «Үлкен дуылға» жарыстарын еш уақытта ұтқан емес. Десек те, былтыр Ролан Гаррос пен АҚШ-тың ашық біріншілігінде жартылай финалға дейін жетіп, жағдайын едәуір жақсартты. Тапқан табысы – 18 293 150 доллар. Надальдің жайы белгілі. Ол да бірер жыл АТР көшін бастаған. «Үлкен дуылға» жарыстарында 11 рет топ жарды. Әсіресе, грунтта ойнаудың хас шебері. Рафаэль теннис ойнап 50 миллион доллардан астам пайда тапты. Сондай-ақ 10 үздіктің қатарына чехиялық Томаш Бердых, аргентиналық Хуан Мартин дель Потро, франциялық Джо-Вилфрид Цонга мен Ришар Гаске және сербиялық Янко Типсареевич еніп отыр.

Жалпы, бүгінгі таңда «Топ-50» тізімінде Испания теннисшілерініңқатары қалың. Пириней түбегінің жеті түлегі үздіктер санатында жүр. Олар – Давид Феррер (4), Рафаэль Надаль (5), Николас Альмагро (12), Марсель Гранольерс (36), Томми Робредо (38), Фелисано Лопес (39) және Фернандо Вердаско (45). Францияның алты өкілі де сол тізімде. Осы орайда жоғарыда есімдері аталған қос теннисшімен қатар Жиль Симон (17), Жереми Шарди (26), Бенуа Пер (32) және Жулиан Бенеттоның (33) есімдері ерекше құрметпен аталады. Сонымен қатар «Топ-50»-діңқатарында Сербия, Чехия, Аргентина, АҚШ және Германиядан – үш, Швейцария, Италия, Ресейден – екі, Ұлыбритания, Хорватия, Канада, Жапония, Украина, Польша, ОАР, Болгария, Словакия, Австралия, Кипр, Бразилия, Финляндия, Латвия, Австрия және Өзбекстаннан – бір теннисшіден бар.

Өкінішке қарай, Қазақстан ондай табысымен мақтана алмайды. Біздің елдің өрендері үшін «Топ-50» емес, «Топ-100»-дің қатарынақосылудың өзі қиындық туғызып отыр. Кезінде үздіктер тізімінен 3-4 есімді кезіктiретін едік, қазір соның өзіне зар болып қалдық. Бұл күндеріҚазақстанның бірінші ракеткасы Евгений Королев АТР рейтингінде 195-орында тұр. Михаил Кукушкин мен Андрей Голубевтің де басынан бағы тайған сыңайлы. Осыдан бір-екі жыл бұрын ғана жап-жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүрген жерлестеріміз қазіргі кезде шабысынан жаңылып, «Топ-200»-дің санатына қосыла алмай қалды.

Ерлерге қарағанда қыздарымыздың аяқалысы әлдеқайда тәуір. Бұл ретте біз Ярослава Шведованы мақтан тұтамыз. 25 жастағы отандасымыз Ролан Гарроста екі рет ширек финалға дейін жетті. Жұптық сайыста АҚШ-тың ашық біріншілігі мен Уимблдонда жеңімпаз атанды. WTA турнирлерінде 7 рет топ жарды. Былтырғы жылдың қазан айында әлемдік рейтингте 25 орынға дейін көтеріліп, бұрын-соңды қазақстандықтардыңқолы жетпеген жетістікке жетті. Қазір де өрелі өнерімен көпшіліктіқуантып жүр. Бұл күндері Шведова WTA рейтингінде 34 орында тұр. Еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева 87 сатыға жайғасты. Биылғана 18 жасқа толған бойжеткеннің болашағы алда екеніне еш күмән жоқ.Өзге қыздары­мыздың да қарқыны жаман емес. Ксения Первак (108), Галина Воскобоева (117) мен Сесиль Каратанчева (118) сынды сақа спортшылар бір серпілсе, алдағы уақытта мықтылар қатарынан көрініпқалулары да ғажап емес. Оларды жастар буынының өкілі Зарина Диас (208) өкшелеп келеді. Әйелдер арасында АҚШ-тың әйгілі теннисшісі Серена Уильямс шашасына шаң жұқтырматын емес. Дәп қазір ардагер ойыншының екінші тынысы ашылғандай. Ресейлік Мария Шарапова, беларуссиялық Виктория Азаренко, польшалық Агнешка Радваньска және гермниялық Ангелина Кербердің де тегеуірні өте қатты. Міне, бүгінгі таңдағы әлемнің ең үздік бес теннисшісi осылар.

Ал әйелдердің «Топ-50» тізіміне тоқталатын болсақ, орыс арулары алдына жан салатын емес. Қазіргі кезде Ресейдің жеті спортшысы мықтылар санатына еркін еніп отыр. Олар – Мария Шарапова (2), Надежда Петрова (10), Мария Кириленко (12), Анастасия Павлюченкова (18), Екатерина Макарова (23), Елена Веснина (27) және Светлана Кузнецова (44). Бұл тізімде АҚШ пен Германиядан төрт-төрт ойыншыдан бар. Америкалықтар арасынан Серена Уильямстен бөлек, Слоун Стивенс (16), Винус Уильямс (20) және Варвара Лепченконы (26) атап өтуге тиіспіз. Неміс қыздары қатарынан Ангелика Керберден өзге Юлия Гергес (28), Мона Бартель (29) және Сабина Лисицки (38) бар. Сондай-ақ, Италия, Чехия, Франция, Сербиядан – үш, Польша, Испания, Словакия, Бельгия, Румыния, Қытай, Ұлыбританиядан– екі, Беларусь, Австралия, Дания, Австрия, Қазақстан, Тайпей, Эстония, Жапония және Болгариядан – бір-бір ойыншыдан «Топ-50» рейтингінен кезіктіруге болады.

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
2 мая 2013, 10:47
180

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8981
  • 83
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6169
  • 24
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2856
  • 31
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1721
  • 32