Қазіргі уақытта әскер қатарына шақырылып отырған 100 шақырылушыдан Құрлық әскерлеріне, Республикалық ұланға, ТЖМ бөлімшелеріне, ҰҚК Шекара қызметіне жіберу үшін алты команда жасақталған. Оларды шығарып салуға тек ата-аналары ғана емес, облыстық әкімдіктің, ардагерлер кеңесінің және басқа да ұйымдардың өкілдері де келді.
Жас жігіттерге қызметте табыс тілей отырып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскелерінің қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов бұл шығарып салудың барша еліміз үшін мерекелік оқиғалар: Отан қорғаушылар күні мен Жауынгерлік парад қарсаңында өткізіліп жатқанын атап өтті.
Генерал-майор Талғат Қойбақов: Сендер өз әскери бөлімдеріңізге жеткен уақытта, Жамбыл облысындағы «Отар» 40-әскери базасында, сендердің туған жерлеріңде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихындағы тұңғыш Жауынгерлік парад өтеді. Өз туған өңірлерің мен төл Армиямыз үшін мақтаныш сезімі сендердің жауынгерлік рухтарыңды нығайтып, мерзімді қызмет атқару барысында әскери мамандықтарды табысты игеруге үлкен күш-қуат береріне кәміл сенемін, – деп өз пікірін білдірді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі