место в рейтинге
  • 19130
  • 41
  • 8
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ремейк. Мың жылдық адам

Тарих. Тоқтаусыз өтіп жатқан уақыт. Әр сәтіне өз бейнесін жазып, жадысында сақтайды. Жансыз заттың да тарихы бар. Заттардың кейбіреулерін жай зат деп те атау қиын.

Адам тұрмысын өзгерткен машиналардың бірі болған автомобильді алайықшы. Кейбір автомобильдердің тарихы аңызға бергісіз. Мысалы, «Победа» (жеңіс) атауымен белгілі жеңіл автокөлігі. Ұлы Отан соғысынан кейін 1946 жылы шығарыла бастады. Өз заманындағы жеңіл автокөліктің үздік үлгісі. Оның алдындағы жеңіл автокөліктердің үлгілерінде көлікті  қозғалысқа әкелетін дөңгелектер кабина сыртында орналасатын. Дөңгелектердің әрқайсысы жеке қалқанмен жабылатын (көлік жүрген кезде батпақ, құм дөңгелек  астынан кабинаға қарай шашпау үшін). Жаңа автокөлікте кабина ені кеңейтіліп, дөңгелектер оның астында қалды. Қазіргі кездегі жеңіл автокөлік салонында жүргізуші және (қасындағы) жолаушы жеке креслоларында отырады. Ал "Победа" салонында екі жеке дара креслоның орнында екі кісілік диван. Сырт пішімі -дизайны фастбек (аэроседан), артқы жағынан қарасақ ағып бара жатқан су тамшысына ұқсас.

Қазақ жерінде мұндай машина заманында кездессе, иесі  батырлығымен көзге түскен соғыс ардагері  немесе үлкен үкімет адамы екені анық. Қазіргі кезде көне көліктің жүргізушісінің орнына отырып, жансыз темірге, резеңкеге қолыңды тигізсең, оларды жансыз  деп те айта алмайсың. Бәрі тарих.

Көне, иесіз, қолдануға жарамсыз, керексіз затқа көз тастасақ. Мүмкін оған жан бітіп, тарихын бізге жайып салар ма еді? Қиялға ерік берейік.

 

Өткен шаққа сапар

 

Күздің таңы. Жаңбыр себелеп жауып тұр. Бес қабатты үйдің төбесінен төмен тартылған құбырдан сарылдап аққан су арыққа кұйылып, одан тасып, үйдің кіріс-шыға берісін суға толтырды. Есік алдындағы кішігірім тұрақта көкшіл түсті жеңіл автокөліктің қаңқасы тұр. Кезіндегі ең қымбат тұрған "Победа"-нікі. Темір үстін жауын суы қанша шайса да, қарайған жерлеріндегі тат кетер емес. Осы үйдің төртінші қабатында Есбол өз бөлмесінде ұйқы үстінде. Студент. Бөлмесінің терезесінен қарасақ, жеңіл автокөліктің қаңқасын анық көреміз. Содан болуы керек дәл қазір көріп жатқан түсінде есік алдында тұрған жеңіл автокөлікті жүргізіп келеді:

Көк даланы ирелеңдеген жол екіге бөліп, көкжиекке жете бергенде, сұр тау аралларына еніп жоқ болады. Сұр тастар бір-бір тау болғандай. Жеңіл көлік бір тау етегінен өтіп, келесі тау етегіне шұғыл бұрылып жүргенде, оңға және солға теңселеді.

Аяқ астынан тау бастарын тұман басып, бұлтқа айналып, қоюлана, салмағы ауырлап, күн жарығын басып, айналаны бейуақыттай өзгертті. Жарқ еткен найзағай дауысы жердің бетін дүр сілкіндіріп, іле-шала нөсер жауын жауды.

Жауын түс ауа басылды. Көк аспан күмбезі бойынша күн жылжи көкжиекке жақындап қалған шақ. Таулардан түскен көлеңке даланы ала –құла құрақ көрпемен жапқандай әсерлейді. Жауыннан кейін әр жерде қалған көлшік судан шағылысқан сәулелерді қоссақ, нағыз таңғажайып жердің көрінісі.

Қалың нөсер жауында жеңіл автокөлігінің жүрісін тоқтатпай жүргізген Есбол жолдан адасты.  Сұр таулар арасынан көк даланың  бір шетіне қалай жетіп тоқтағанын өзі де білмейді. Күн ашылды. Әрі қарай жолын жалғастырайын десе, көлік қозғалтқышы от алмайды.

Амал жоқ, мына таңсық, белгісіз жерде машинада түнеуге тура келеді. Кабина есігін жауып, шыныларын көтеріп, ұйықтайын деп ыңғайланды. Қас қарайды. Айсыз түн. Түнгі аспандағы қалың бұлт жұлдыздарды көрсетпей тастады. Жігіттің дем алғаны, жүрек соққаны өзіне анық естіледі. Орнаған тыныштықта бойындағы тамырларында қанның сырылдап аққан даусының естілуіне шақ қалды. Денесі қалтырайды, түн суық. Сәл уақыт өткен соң бір сәуле жарық нұрын төкті. Есболды оятуға келген анасы бөлменің шамын жақты:

-Есбол, тұр сабағыңнан қаласың, -деген анасының дауысынан селк етіп, көзін ашты. Терезеден аққан жауын суы төмен жол салып, жолақ болып кетеді. Сондай мұңды көрініс.

- Жылы киіндің бе?

- Иә, анашым! - үстіне жалма-жан курткасын іле салған Есбол пәтерден шығып, баспалдақтардың үстінен адымдап басып, төменгі қабатқа түсіп келеді.

Дәл үйдің кіре берісінде қария адамның елесі пайда болды. Кішкене көздері тереңнен жаудырайды. Қара торы жүзі, иегіне жиырылып түскен бет терісі, көз астында терең жол болған әжімдері қарияның өмірінен сыр шертіп, жүз жасаған жасын көрсеткендей. Басындағы ақ тақиясы әжім басқан маңдайын жасырып тұр.

Есбол қария қалай пайда болғанын байқаған жоқ. Сондықтан жанынан өтіп бара жатқанда, оны ет пен сүйектен жаратылған адамдай қабылдады. Шын мәнінде де солай еді, ауадан жаралған елеске ет пен сүйек бітіп үлгерді.

- Көк дала қалай екен?- деген сұрақты естіп, кілт тоқтады. Тоқтатқан қарияның келбеті емес, аяқ астынан қойған сұрағы Есболды таң қалдырды.

Ол еш нәрсені түсінбестен үндемей тұрып қалды. Қария ары қарай сөзін жалғастырды:

- Балам, сен көрген түс емес! Машинаның көк далада қалғаны рас, - деді.

Таңға жуық көріп, ұмытып үлгерген  түсін қария білетініне сенгісі келмеді. Ертегі болып естілгенді әрі қарай тыңдағысы келмегендіктен:

- Сабаққа кешігіп барамын - деді.

Үйдің ауласына жүгіріп шыққан Есболдың артынан қария қарап тұрып:

- Бүгін кезіктіресің!- деп айқай сала көзден ғайып болды.

Жаңағы басынан өткен оқиғаны қабылдай алмады, мәні түсініксіз. Оқиғаны ұмытуға тырысып, жүрісін жеделдетіп, оқуына кете берді.

Есбол ертеңгісі түстен кейін есік алдында отырған қарияны тағы да көрді. Үндеместен қасынан өтпекші болғанда:

- Балам,- деді. Қария қолымен орындықтағы бос орынның үстін алақанымен соғып, қасыма отыр деген ишара жасады. Есбол қаны қызу, жылдам ісін шешетін, өзіне сенімді жас жігітке айналған кезі еді. Жүрісін тоқтатпай жүре берер де еді, бірақ та қарияның көзінен аққан жасы жүрегін инемен шаншып алғандай болды. Үндеместен қария қасына отырды.

-Балам, мына алдыңда тұрған машина менің кіші ұлымдікі болатын. Машина табылды, ал өзі жоқ, - деді.

- А, сонда қайтыс болды ма?

Қария Есболға қарап:

- Кім біледі? - деп күрсінді де, ойын ары қарай жалғастырды:

Бозбалалықпен көпке мән бермедің. Мектептегі қоштасу кешіне сен келмей қалдың, - дегенде Есболдың бет жүзі өзгеріп кетті. Бір түрлі таңсық, құпияға толы болып көрінген қария сөздері негізін тапқандай болды.

- Келсең бір сырдың беті ашылар еді.

Есбол таң қалған күймен:

- Қайдан білесіз не болғанын?- деді.

- Білем, бәрін білемін, балам. Мектеппен қоштасу кешіне келмегенің, жолдасыңмен ұрсысып, төбелескенсің, төбелесте көгерген көзбен келуден ұялғансың, мен бәрін де білемін, -деді.

Ұялғаннан тұрып қария қасынан кетпекші бола бергенде, қария оның білегінен ұстап алып:

- Кеше тағдыр саған жазған қосағыңды екінші рет алдыңа әкелді? Соны біл - деді.

Есбол бас-аяғы жоқ оқиғаларды байланыстыра алмады. Шыдамы таусылды. Қолын тартып босатпақшы болғанда, білегінен ұстаған қария саусақтары мұздай суық болып кете берді. Бүкіл денесінде қайнаған қан мұз болып, оны тұрған жерде қатырып тастағандай етті. Орнынан қозғалар шамасы жоқ. Сөйткенде көз алдындағы шал буға айналып, ғайып бола бергенде, денесіне жан бітіп, алдында тартылып тұрған бұлшық еттері орнына келіп, дене салмағы бір жаққа ауа түскенде құламай аяғымен тұрып қалды. Сирек соққан жүрегі өзіне анық естілгенде маңдайынан суық тер тамшылары бірақ шықты. Терең демалып, өзін тыңдап көрді. Бәрі өз қалпында, өз орнында. Жаңағы қолынан жармасқан елестің шексіз мүмкіншілігін байқап, жан баласына иелік бермеген таңсық күштің алдында дәрменсіздігін сезді. Өмірінде алғашқы рет өнебойын қорқыныш биледі. Тіл ұшына тимеген ой да, өткеннің ісі де "құпиялы" елеске жасырын емес—ті. Адамның ойын білу —оның еркінен айыру. Осы жайтты түйсігінен қайта-қайта өткізген Есболдың күні бойы көңіл -күйі болған жоқ. Кешкі ас ішкенге де тәбеті болмады. Ерте төсек орнына барып жатып қалды. Көп уақытқа дейін ұйықтай алмай, ары- бері аунады, мазасызданды.

Түс көрмеген адам жоқ шығар. Бірақ, бір түнде көрген түсті келесі түнде жалғасын көрген адам сирек шығар. Ғылым түсті сананың бейсаналы күйі десе де, Есбол таң атысында өткен түндегі түстің жалғасын ғылымға белгісіз саналы күштің қалауымен көруін жалғастырды:

Жұтынса, тамағы ауырсынады, көзін ашайын десе, тік түскен күн сәулесі аштыртпайды. Бүкіл денесі ыңғайсыз жатқаннан ауырсынып қалыпты, ыңғайын тауып, тіреліп басын көтере алмайды да. Көзін сығырайтып ашты. Көк далаға әкеліп, түн бетінде панасына айналған жеңіл көлік кабинасының ішінде.

Кабинаның алдыңғы терезесінен жан-жаққа  қарады. Көзі бірден жақын жерде жайылып жүрген еліктерге түсті. "Керемет. Еліктер сұлу жанаурлар екен-ау" дегенше олар жан-жаққа бытырай қаша жөнелді. Қасқырлар шапты.

Түс көргенде уақыт бірде бәсеңдейді немесе үдей түседі. Түс ішінде көріністе үзіліс болмайды.

Жемтіктеріне шапқыншылық сәтсіз аяқталды. Қасқырлар бір- бірлеп жеңіл көліктің қасына жинала бастады.

Жыртқыштар ортасында. Көліктің кабинасында отырса да, іштей қауіпсіздігіне күмәндана бастады. Күмәні негізсіз екеніне көзін жеткізбекші болып, жан-жағына қараса, жолаушы жақтағы кабинаның есігі ашылып қалыпты.

Оң қолын созып, ашық тұрған есік тұтқасынан  ұстап, жабуға әрекет ете бергенде, есік кенеттен шалқасынан ашылып, дәл құлақтың түбінен қорс-қорс, бырт-бырт еткен дыбыстары естілді. "Қайдан, неден шыққан дыбыс?"-деп ойланып үлгергенше, оны талап жатқан қасқырдың жақтары карс-қарс қозғалып, тістері мойынға тереңдеп кіре берді. Жанға түскен ауыртпалық күшті ми қорыта алмады, жүрек болса шыдамады, тоқтап  қалды. Өліммен күресетін дене жансызданып, құрысып, сіріңке шырпысы жанып  бітетіндей уақыттан соң, соңғы демі шығып, денесі босады.

Есбол болса төсек үстінде әрі бері бұратылып,  булығып тұншығып жатқанда, оны оятуға келген анасы кейіпінен шошып, ес жиғызу үшін жақтарынан шапалақпен екі-үш рет шарт-шұрт ұрды.

Есін жиғызып алған соң көңілі босап:

-Не болған? Саған ғана қарап отырмын. Жалғызымсың ғой.

жалғасы бар

25 апреля 2013, 19:58
891

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 35168
  • 197
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15786
  • 3
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12581
  • 3
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 8042
  • 92
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 2976
  • 71
В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

Тут живут будущие повара, актрисы, журналисты, боксеры, баскетболисты, певцы, поэты и многие другие талантливые дети!
socium_kzo
22 нояб. 2017 / 14:49
  • 2296
  • 0
«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

В прошлом году на мероприятии "Слет Авиатора" я выиграла подарок - экскурсию на командно-диспетчерский пункт (КДП). Но тогда я даже не ожидала, что эта экскурсия выльется в такое интересное...
Aleksandra747
20 нояб. 2017 / 9:00
  • 1679
  • 6
«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

Проблем в обществе много: даже больше, чем догадывается среднестатистический казахстанец. И тут я хочу описать несколько, с моей точки зрения, проблем нашего общества.
Advokot
18 нояб. 2017 / 23:27