Айман Мұсаходжаева: «АстанаТаңдауы» байқауы қажет мамандықтың беделін асырады

Astana2012 2013 M04 25
768
0
0
0

Бұл байқау басқалардан өзгешерек. Тұрғындар ең үздік мамандық иелерін сайтта сырттай дауыс беру арқылы өздері таңдайды. Бұл нақты да, демократиялық жол.

Танымал скрипкашы, Әлем әртісі, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева қала әкімінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған «Астана Таңдауы» байқауы қоғам үшін ең қажетті – дәрігер, ұстаз, полиция қызметкері, құрылысшы, энергетик, жол жөндеуші мамандықтарының беделін арттырады, - деп санайды. Нақ осы Интернет-дауыс беру арқылы жеңімпаздарды халық анықтайтын «Астана Таңдауы» байқауына осы аталымдар енген.

«АстанаТандауы-2013» байқауы адам жанынынң арашасы дәрігер болсын, жас ұрпақтың жанына ізгілік нәрін себуші ұстаз болсын, қаланың барлық жарығы мен қуаты қарап тұрған энергетик те, аспанмен таласқан сәулім үйлерді тұрғызатын құрылысшы да өмірге ең керек кәсіптер. Өз еңбектеріне адал бола жүріп, олар өмірлерін қатерге тігеді. Мұны нағыз қаһармандық деп түсінген жөн», - деп санайды Айман Мұсаходжаева.

«Бұл байқау басқалардан өзгешерек. Тұрғындар ең үздік мамандық иелерін сайтта сырттай дауыс беру арқылы өздері таңдайды. Бұл нақты да, демократиялық жол. Дәрігерге алғыс айтқысы келетін пациеттері, мұғалімнің шәкірттері, тұтынушылар, бір сөзбен айтқанда, барлығы - «Астана Тандауына» лайық деп санайтындарға дауыс бере алады , - деді А.Мұсаходжаева.

«Мұндай байқаулардың мақсаты, бірінші кезекте – көпшілік мамандық иелерінің жоғары біліктілігін арттыру, озық тәжірибе мен жетістікті насихаттау және жастарды осы мамандықтарға оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл мамандық иелері біздің өмірімізді жақсы жағына қарай өзгертіп, оны жарқын да қауіпсіз және тиімді жасауға көмектеседі», - деп атап көрсетті Халық әртісі.

Еске салайық, «Астана Таңдауы» байқауы – астанаға еңбек сіңірген тұрғындардың боямасыз өмірін баяндау, сондай-ақ әлеуметтік сала мамандарының кәсіби шеберлігін арттыруға және аталған мамандықтардың мәртебесін жоғарылату мақсатында өткізіліп отыр.

«Астана Таңдауы» байқауының қаһарманын олардың жанқиярлық еңбегі мен кәсіби шеберлігіне көз жеткізген кез келген астаналық таңдай алады. Сауалнама-өтінім қабылдау 2013 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады. Үзіктерді елорда тұрғындары Астана қаласының әкімдігі сайтында 1-нен 30 маусымға дейін дауыс беру арқылы таңдайды.

Егер сіздің таңдауыңыз болса, мына мекен-жайға: 010000, Астана қ, Бейбітшілік к-сі, 25 үй, 401 кабинет; немесе astana-tandauy-2013@mail.ru электронды поштасына немесе astanaday@gmail.com жазыңыз. Барлық мәселелер бойынша 8 (7172) 910-842, 910-845 (факс) телефондарына хабарласуға болады.

 

Оцените пост

0
Дальше