Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Швейцария Конфедерациясына сапары шеңберінде Женева кантонының Бас прокуроры Оливье Жорномен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен болашағын талқылады.

ГП РК 2013 M04 24
335
0
0
0

А.Дауылбаев әңгімелесушісін прокуратура органдарының алдында тұрған басты міндеттер туралы ақпараттандыра отырып, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды орнату...

А.Дауылбаев әңгімелесушісін прокуратура органдарының алдында тұрған басты міндеттер туралы ақпараттандыра отырып, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды орнату және оны одан әрі нығайту қызметтің негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Сұхбаттасушылар халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндеттер аясында қазіргі заманғы қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес жүргізу бойынша күш-жігерді біріктірудің өзектілігі объективті түрде артып отырғанын атап көрсетті. Сондай-ақ олар кең ауқымды құқықтық мәселелерге қатысты өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға және нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

 

Оцените пост

0