Тікелей эфир

Педиатр мамандығы: нәрестенің денсаулығын қалай сақтауға болады?

Адам өмірінің соңына дейін хирургке жолықпауы мүмкін. Алайда туылғанынан бастап есейгеніне дейін ең көп кездесетін дәрігері педиатрдың орны өзге дәрігерлерден бір бөлек. Баланың физикалық және психикалық дамуын бақылап, өз жасына сәйкес дамып жатқандығын қадағалап, түрлі балалар ауруларын алдын алып емдейтін бірден-бір медицина саласының мықты мамандығы ол — педиатрия. Бүгінгі материалда осы мамандықтың қыр-сырлары туралы жас маманмен әңгімелесуді жөн көрдік.


 

Педиатрияның тарихына көз жүгіртетін болсақ: бұл мамандық жеке өз алдына тек ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ғана қалыптаса бастаған. Оның туған күні деп 1802 жыл Париж қаласында тұңғыш балалар ауруханасының ашылу күні деп саналады. Алайда, ежелгі заманда да, орта ғасырларда да Гиппократтан бастап өзге де ғалымдар бала ағзасының ерекшелігін, осы педиатрия мамандығына ерекше көңіл бөлу керектігін айтып, баланың тамақтануын, гигиенасын, балалар ауруларын алдын алу мен оларды емдеу жолдарын зерттегендері белгілі.

Мамандықтың әлеуметтік маңыздылығы: Медицинаның қажет емес дейтін саласы жоқ. Ал балаңыздың денсаулығын қадағалаушы дәрігер педиатрдың орны ерекше. Ата-ана вакцинацияның не үшін қажет екендігін, баланың эмоционалды проблемаларын біле бермеуі мүмкін.Бірақ оларды қашанда «Біздің сәбиіміз дұрыс дамып келеді ме?» деген сұрақ мазалайды. Осындай сұрақтарға жауап беріп, баланың ағзасындағы өзгерістерді бірден анықтай алатын дәрігер педиатр.

Мамандықтың қауіптілігі: Бұл мамандық өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бала ата-ананың ең асылы болғандықтан, денсаулығының нашарлауына себепші болған педиатрдың қателігін ешқандай ата-ана кешіре қоймас. Педиатр нешетүрлі жағдайларда жұмыс істейді. Мысалы, участкелік дәрігер көбіне баламен екпе салып, жоспарлы қаралуға келген кезінде ғана кездесетін болса, реанимацияға келген педиатр мүлдем өзге балалармен кездеседі...

Жалақысы: 60 000 теңгеден басталады.

Міндеті: Балаларды тексеруден өткізіп тұру, олардың денсаулығын қадағалау, науқас балаларды емдеу, ауруының асқынып кетуіне жол бермеу.

Роза Хахарова, Жамбыл ауданының (Алматы облысы) орталық емхана педиатр-маманы, 25 жаста.

- Роза, осы мамандыққа қалай келдіңіз?

- Мектеп кезінде бастауыш сыныптарда мұғалімдерім «Кім болғың келеді?» деп сұраса, мен әрдайым «дәрігер боламын» деп жауап береді екенмін. Біздің әулетте дәрігерлер жоқ, бәрі заң саласының мамандары. Бүгінгі күні мен ғана осы мамандық бойынша жұмыс істеп келемін. Өзім Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Педиатрия» мамандығы бойынша білім алдым. Оқуымды бітіргеннен кейін өзім Оңтүстік Қазақстан өңірінің қызы болсам да «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Жамбыл ауданын таңдап, осында келдім. Биыл осы салада жұмыс істеп келе жатқаныма 2 жыл болды.

- Жұмыс күніңіз қалай өтеді?

- Педиатр мамандығының жұмысы өзіме қатты ұнайды. Өйткені бір ата-анадан баласы жүреді ме, еңбектейді ме, тісі шықты ма, неше сөз айтады деп бастасаңыз болды, ата-аналар: «күледі», «мама», «папа» дейді деп, ағынан жарылып баласының қызықтарын айтып беріп жатады. Екі айлық баланы алып келсе, гуілдейді ме, өлең айтады ма деп сұраймыз. Нәресте деген періште ғой, олар сіздің көңіл-күйіңіздің бәрін бірден сезіп қояды. Нәрестенің анасымен сөйлесіп отырғанда, әрине, қуансың. Ал кейбір балаларда тісі шықпайды, шаштары жоқ, өте терлегіш болады. Осындай шағымдарды естігенде ата-анамен қосылып өзің де уайымдайсың. Ата-ана шағымдарының бәрін тізіп, артынша қарап-тексеріп, өзіміздің арнайы емімізді тағайындаймыз. Баламен жұмыс істегеннен соң оның табанын басқанынан не жегеніне дейін, не айтып не істегеніне дейін бәрін бақылап отырамыз.

- Педиатр боламын деген адамда қандай қасиеттер болуы тиіс?

- Жалпы дәрігер мамандығын жүрегінде түгі бар адамдар таңдайды. Дәрігер мамандығын таңдаған адамда ең біріншіден жанашырлық қасиеті болуы керек. Егер де сенің қабылдау уақытың бітсе, ал алдыңа бала келіп тұрса, қабылдауым бітті деп кете беретін болсаңыз, сізден дұрыс дәрігер шығуы екіталай. Сіз баланың ауырып тұрғанын көріп тұрсыз ба, жаныңыз ашып тұр ма, міндетті түрде оны қабылдауыңыз керек. Бірінші орынға мен жанашырлықты қоямын. Одан кейін өзге қасиеттер кете береді. Бірақ егер сізде жанашырлық қасиет болмаса, дәрігерлікке талпынбай-ақ қойыңыз, қажет емес. Педиатрларды олардың жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі арқылы бағалайды. Сондықтан жоғарғы оқу орнын бітіре салған түлек тәжірибесіз бірден мықты маман болып кетемін деуі құр әурешілік. Ол үшін сондай-ақ уақыт пен төзімділік қажет. Сондай-ақ дәрігер біріншіден психолог болуы қажет, өйткені ол нешетүрлі балалармен жұмыс істейді. «Дәрігер тәтейдің жақсы» екендігін балаларға сөзбен түсіндіру қиын, ол оны өзі сезінуі қажет.

- Осы мамандықты не үшін таңдадым екен дейтін кездеріңіз болады ма?

- Адам болғаннан кейін нешетүрлі жағдайлар болады ғой. Мемлекет болғаннан соң, отбасы болғаннан кейін, әсіресе біздің аудан Алматы қаласына жақын болғаннан кейін қалаға көшіп-қонып жүретін ата-аналар өте көп. Сол уақытта бір балалар келіп жатады, бір балалар кетіп жатады. Кез келген уақытта хабарласыңыз деп телефон нөмірімді де беріп қоямын. Бірақ сонда да хабарласпайтын ата-аналар бар. Өзге жаққа көшіп кетіп, сонда аурып ем қабылдай алмайтын жағдайлар болып жатады. Тек қана аурып қойса мейлі екен, бала болғаннан соң одан да басқа қауіп-қатерлерге душар болып жатады. Сол кезде ата-аналар неге солай істейді екен деп іштей қынжылатын кездер болады. Ал негізі мен осы салаға келгендігім үшін өкініп көрмеппін.

- Бүгінгі балалар денсаулығы туралы не айта аласыз? Балалар өлімі пайызы төмендеді ме, әлде жоғарылады ма?

- Денсаулық министіріміз Салидат Қайырбекова келгелі бері денсаулық саласына байланысты көптеген өзгерістер енгізіліп жатыр. Бізде «Бес жасқа дейінгі балалар өлімін төмендету» деген арнайы бұйрықпен бекітілген заң бар. Ол жерде келген баламен қалай сәлемдесуден бастап, басынан аяғына дейін қалай қарау қажет екендігі айтылған. Қазір осы заң бойынша оқып келіп жатырмыз. Өзіміз оқып келіп, ауданымыздағы медбике, фельдшерлермен тәжірибемізбен бөлісіп жатырмыз. Өйткені баланы олардың қайсысы болса да қарай алады. Бірақ қалай қарау керек екендігін дұрыс үйрету қажет. Өкінішке қарай бұл заң енді ғана қолға алынып жатыр. Егер осы заң бойынша біз бәріміз дұрыстап жұмыс істейтін болсақ, балалар өлімі әлдеқайда төмен болар еді. Ал Оңтүстік Қазақстанда ол заңның еңгізілгеніне бірталай жыл болған. Олар сол заңмен жұмыс істеп келе жатқандықтан, балалардың өлім көрсеткіші төмендеді.

- Қазіргі кезде балалар арасында кең таралған қандай аурулар бар, оның себебі неде?

- Негізінен балалар арасында ең көп таралатын ауруларды жаз және қыс маусымы деп екіге бөліп қарастырамыз. Осы екі маусымда екі түрлі аурулар көбейеді. Қыс мезгілінде, әрине, балалардың тыныс жолдары аурулары. Кішкентай балаларда иммунитет өте төмен болады. Иммунитетті олар тек қана ана сүтінен алады.

Ал қазіргі уақытта сымбатына қарап қалған аналар балаларын екі-үш ай ғана емізіп, әрі қарай емізбей қояды. Бірақ біз кем дегенде алты айға дейін емізіңіз деп талап етіп жатамыз. Соған байланысты қыста бізде бронх-өкпе жүйесінің аурулары көбейеді. Ол түшкіруден басталады. Сол кезде аналар нәрестесі түшкіріп жатыр екен дейді де қоя салады. Оның арты қаралмағандықтан температура көтеріліп, соңы өкпе қабынуына айналып кетеді. Бұл қысқы уақытта ең қорқатын ауру. Ал жаз маусымында жедел ішек инфекциясы басталады. Балаларды білесіз ғой, аузына әр нәрселерді салады. Дүниені енді танып келе жатқан бала жазғы уақытта көбейіп кететін жеміс-жидектерден бастап, тас, құмырсқаға дейін аузына салып көріп жатады. Соның бәрі ішек инфекциясына әкеліп соғады. Сол кезде құсу, іш өтуден басталған аурудың соңы баладан айырылып қалатын кездерге дейін жеткізіп жатады. Оның бәрін алдын-алу үшін ата-аналарды ескертіп, балабақшаларға арнайы барып профилактикалық жұмыстар жүргіземіз.

- Баланың денсаулығы мықты болуы үшін туғаннан бастап не істеу қажет, қалай қарау керек?

- Ең бірінші, бала денсаулығы үшін ең маңызды дүние ана сүті. Екіншіден, күтім қажет. Егер баланың күтімі жоқ болса, содан баланың барлық ауру-сырқауы басталады. Үшіншіден, міндетті түрде екпелер жасату қажет. Мысалы, мына қасымыздағы Қытай Халық Республикасында балалардың полиомиелит, яғни сал ауруы белең алған. Бұл ауру тыныс-ауа жолдары арқылы жұғады. Қазір елімізге осы жақтан көшіп келіп жатқандар көп. Олар келуің келіп, балаларын тексеруге алып келмейді. Ал ол жақтан келген баланың 100 пайызға сау екендігіне, онымен сіздің балаңыз ойнамайтындығына кім кепілдік береді?! Балабақшаға барады, бір төсекке жатады, мектепте бір партада отырады. Ол дұрыс емес. Баланы қай уақытта да қаратып, қажетті екпелерді алу керек. Ата-аналарға осыны түсіндіру қажет. Осы мені қатты қынжылтады. Әрине, біз бір Аллаға сенеміз, бірақ Алла Құранда «Сақтансаң сақтаймын» деген.

- Кішкентай нәрестеге екпе жасау қаншалықты зиянды, пайдалы?

- Нәресте дүниеге келгенде түрлі жұқпалы ауруларға қарсы екпелер жасалынады. Мысалы, дифтерия. Дифтерия ол тамақ-жұтқыншақ ауруы. АДС деген вакцина бар. Егер сол жасалмаған болса, баланың не үлкен адамның тамағына жұқа пленка түседі де сол оны тұншықтырып өлтіреді. Балаға осындай екпелерді салдыруға бас тартып, кейін баланың өмірін сақтап қалуға ешқандай жағдай жасамады деп шағымданып жататын ата-аналар болады. Ал оның емі жоқ. Оның емі туылғанда салынатын сары су (сыворотка). Одан кейін көкжөтел сынды жұқпалы аурулар бар. Ата-аналар осыны ескерсе екен деймін.

- Жас аналар балаларының денсаулығына қатысты көп ретте қандай қателіктер жібереді?

 

- Көбіне балаларын қараусыз қалдырып жатады. Баласын дүниеге алып келгеннен кейін екі-үш ай үйде отырады да, жұмысқа шығуға асығады. Сол кезде үйде ана қарауынсыз жүрген бала күйіп қалады, үйдегі басқа кішкентай балалармен қосылып бұзықтық жасайды, бір-бірінің көзін шұқиды деген сияқты. Осындай жағдайларды алдын алу үшін ата-аналарды көп ескертіп жатамыз. Бірақ ол бізге де байланысты емес қой. Ол отбасы жағдайына, асыраушысына байланысты. Егер де ана баласын қараусыз қалдырмаса, дұрыс күтім жасаса, бәрі жақсы болады деген ойдамын.

- Осы мамандық бойынша елімізде ең жақсы оқу орны деп қайсысын айта аласыз?

- Бірінші орында, әрине, Қазақ Ұлттық медицина университеті. Содан кейін Ақтөбе мен Қарағанды медициналық университеттерін айтар едім.

- Болашақта осы мамандықты таңдағысы келетіндерге қандай кеңес бересіз?

- Осы мамандықты таңдайтын жастарға біріншіден шыдамды, төзімді болуларын тілеймін. Өйткені тоғыз жыл деген оңай емес. Оған қоса медицина университетінде оқытылатын сабақтар да жеңіл емес. Шыдамды, балаларды жақсы көретін, сол балаларды емдейтін дәрігерлікке шын көңілімен барған адамдар ғана осы саланың нағыз маманы болып шыға алады. Ал нақты мақсаты жоқ мамандар бірінші курс болсын, бесінші курс болсын, жарты жолдан тастап кетіп жатады. Ең бастасы, шыдамды болсын, табанды болсын, алға мақсат қоя білетін адам болсын. Алдыңа мақсат қоймасаң, болмайды. Мақсат, армансыз адамның ісі өңбейді. Алдыңнан қандай қиыншылықтар шықса да, бәріне төзіп бағу қажет. Ол өмірдің ағымы. Әрине, тоғыз жыл жатақханада тұрып оқу деген өте қиын. Бірақ біздің де басымыздан сол өтті. Қазір Аллаға шүкір бәрі жақсы.

Сұхбаттасқан: Айнұр Ракишева

Фото автордікі

_________________________________________________________________________

Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді

Ұқсас материал: Денсаулыққа қатысты 9 күмәнді дерек

Алия Arsik
24 сәуір 2013, 11:09
72147

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

akma81
0
0
Айнур, кешiрiнiз, дефтерия созi катемен жаздыныз. Дифтерия :).
Дарігер неге "колпак" кимеген? ауру тарихтары туратын жәшіктеріде жыртық? "пеленальный стол"дан бой өлшешіш дұрыс емес, арнайы турлері бар.

Баяғы жартас сол-жартас, БАРДАК барлығында, тек "галочка" белгісіне гана жумыс жасалмақ.((((
менде қазір 9 сыныпта оқимын меніңде педиатр болғым келеді осы 9 сыныптан кетемін педиатр болу үлкен жауапгершілікті қажет етеді екен

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8786
  • 82
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6073
  • 23
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2724
  • 30
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1608
  • 30
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1398
  • 10