Yvision.kzYvision.kz
kk
SmartShow
SmartShow
207 постов0 подписчиков
SmartShow.kz - казахстанский портал о мобильных технологиях и гаджетах.
3
08:39, 23 апреля 2013

22 сәуір. Зияткерлік меншікті қорғау күніне арналған брифинг өтті

Кеше, 22 сәуір күні Қазақстан Баспасөз клубында «26 сәуір — Бүкіләлемдік зияткерлік меншікті қорғау күні. Контрафакт өніммен және қарақшы бағдарламалық жасақтамамен күрес» тақырыбында баспасөз брифингі өтті.

Шара жүзінде Hewlett-Packard, Microsoft және Great Yassa зияткерлік меншікті қорғау жолдары, қарақшылықпен күресу қажеттілігі және де осы мәселелерді шешу арқылы қандай пайда көруге болатыны жайлы айтып кетті.

Blog post image

Бриффингке қатысқан спикерлер:

  • Тина Роуз, Европадағы, Таяу Шығыс елдері және Африкадағы Hewlett Packard компаниясының контрафакт өнімге қарсы күрес бағдарламасының менеджері;
  • Арыстан Жолдасбеков, Microsoft компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің қарақшылыққа қарсы күрес жөніндегі менеджері;
  • Дәулет Таженов, Great Yassa заңгерлік компаниясының аға заңгері.

IT саласындағы компаниялар бүкіләлемдік зияткерлік меншікті қорғау күнін толығымен қолдау көрсетіп жатыр. Және зияткерлік меншікті қорғауға басқа да компаниялардың, билік органдардың және тұтынушалардын назарын аудартып жатыр.

Тина Роуз өзінің барлық (басқа да компанияларды қосып санағанда) контрафактті картридждердің әлемдегі үлесі шамамен 1,6 млрд эвро құрайтынын айтты.

Blog post image

2012-13 жылдар аралығында Орталық және Шығыс Европада және ТМД елдер арасында 21000 контрафакт өнімі тәркіленді. Қазақстан Республикасында соңғы 4 жыл ішінде 40 контрафакт өнімі тәркіленді. Бұл көрсеткіштің аз болу себебі, өнімдер ҚР - на жетпей жатып, шет ел зауыттарында тәркіленеді.

"Бұл дегеніміз тек қана компанияларға емес, қолданушыларға да зиянын келтіреді. Контрафакт өнім, әдетте тез істен шығып кетеді. Осыған байланысты тұтынушы артық шығынға түседі. Бұл дегеніміз экономикалиқ қауіп болып табылады. Екінші қауіп - экологиялық. Контрафактті картиридждің сапасы нашар болғандықтан, қағаз саны көп кетеді. Қағазбен қоса, картридж сиясының да сапасы нашар болады, ал бұл экологияға өз зиянын тигізеді. Әрине үшінші қауіп - құқықтық яғни заң бұзылады." - деп Hewlett Packard компаниясының контрафакт өнімге қарсы күрес бағдарламасының менеджері Тина Роуз толықтырып кетті.

Hewlett-Packard компанисының контрафакт өнімдерімен күресу және зияткерлік меншікті қорғау жолдарын толығырақ төмендегі презентациядан көре аласыз.

 

Арыстан Жолдасбеков, Microsoft компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің қарақшылыққа қарсы күрес жөніндегі менеджері зияткерлік меншік өте маңызды екенін айтты.

Blog post image

"Қарақшылық деңгейі Қазақстан Республикасында өте жоғары, шамамен, Microsoft өнімдерінің 76 пайыза қарақшылық жолмен алынған өнімдер. Қазақстан Республикасында шамамен 2,6 млн компьютер қолданылады соның 76%-да пираттық софт орнатылған. Бұл көрсеткіш Япония, Люксембург және АҚШ мемлекеттерінде 20%-ды ғана құрайды. Ал ресейде 69%. Егер де біз бұл көрсеткіште 10 пайызға кемітетін болсақ, мемлекеттің қазынаға, салық есебінен, қосымша 26 млн АҚШ доллары пайда, 135 млн АҚШ долларын АТ - индустрианы дамытуға инвестиция алуға және шамамен 2670 жұмыс орнын ашуға болатын еді." - деді Арыстан Жолдасбеков.

Алайда бұл көрсеткішке қазіргі күймен жету оңай емес. Бірінші кезектегі мәселе адамдардың мораліне байланысты. Біздің халық қазір көп нәрсені арзан немесе тегін алғысы келеді. Сол себепті Microsoft корпорациясы зияткерлік меншікті қорғау заңын күшейтуді ұсынады.

 

Blog post image

Дәулет Таженов, Great Yassa заңгерлік компаниясының аға заңгерінің айтуы бойынша, зияткерлік құқықты қорғау заңын күшейту тек қана экономиканы жақсартып қана қоймай, сонымен қоса пираттық өнімдердің тарауына жол бермеуге көмектеседі. "Пираттық өнімдер  билик органдарына, заңды бизнеске және тұтынушылардың өзіне қиын мәселе болып тұр. Заңсыз тұтынылып жатқан өнімдер әле экономикасына өте үлкен зиянын келтіріп жатыр." - деп атап кетті.

Халықаралық сауда палатасының хабарлауы бойынша, контрафакт өнімдері және пираттықтан 2015 жылға дейін әлем экономикасына зақым көлемі 1,7 трлн АҚШ долларына жетеді. Және 2,5 млн жұмыс орны жыл сайын қауіп үстінде болып отыр.

(с) Alisher Toiguliyev, @toiguliyev, Smartshow үшін

3
1593
0