место в рейтинге
  • 171446
  • 1
  • 8
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорының жетекшілігімен «Қорғас» қылмыстық ісінің тергелуі аяқталып, айыптау қорытындысымен Алматы қаласының прокурорына жолданды.

Алматы қаласының прокуроры айыптау қорытындысын бекіткеннен кейін іс а.ж. 12 сәуірінде Алматы қ. қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды. Айыпталушыларға және олардың қорғаушыларына көлемі 35 томды құрайтын айыптау қорытындылары табыс етілді. Сотқа түскен қылмыстық істердің көлемі 1576 томды құрады.

Тергеу барысында ұлттық қауіпсіздік және кедендік бақылау органдарының лауазымды тұлғалары қолдау көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың қылмыстық схемасы ашылды. Олар өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, «Қорғас», «Қалжат» және «Достық» кеден бекеттері арқылы контрабандалық тауарларды кедергісіз өткізуді қамтамасыз еткен.

Қытайдан Қазақстанға тауарларды контрабандалық жолмен кіргізу, қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты алу және заңдастырудың схемасы ашылып, айыпты тұлғалар анықталды. Кеден органдарының қорытындысы бойынша 2011 жылы әкелінген және ұсталған контрабандалық жүктің құны 1,5 млрд. теңгені құраған.

Ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың бақылауындағы 34 кәсіпорын анықталды, олар жасанды тұлғалардың атына рәсімделген және олардың мекен-жайына негізгі контрабандалық жүк ағымы жіберілген. Сондай-ақ қылмыстық схема бойынша құжаттарды рәсімдеген брокерлік компаниялар анықталды.

Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың 2 көшбасшысы және қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты шоғырландырған 3 кассирі әшкереленді. Қылмыстық қауымдастықта атқарылатын рөлдеріне байланысты іс бойынша жауапкершілікке тартылып отырған тұлғалардың қатарынан жалған ілеспе және кедендік құжаттарды дайындаумен айналысып келген 6 брокер, контрабандалық жүкті алып жүру тобынан 8 адам, ҚХР-дан контрабандалық жүкті жіберуші 1 адам, кедендік бекеттерде жалған құжаттарды пайдалану арқылы контрабандалық жүкті кедендік тазартуды жүзеге асырған 8 айыпталушы анықталды.

Ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық мүшелерінің қылмыстық жолмен табылған мүліктерін анықтау бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 67 жылжымайтын мүлік объектісіне, 162 автокөлікке, банк есеп-шоттарында, сейф жәшіктерінде сақталған 69 млн. теңгеге, 1,5 млн. АҚШ долларына, 164 мың евроға, құны 1,5 млн. теңгені құрайтын алтынның 8 троя унциясына (284,828 грамм), құны 2,6 млн. теңгені құрайтын платинаның 10 троя унциясына (311,035 грамм), құны 1,1 млн. теңгені құрайтын палладийдің 10 троя унциясына (311,035 грамм) тыйым салынды.

Сондай-ақ, айыпталушылардың тұрғын үйлерін тінту барысында  10,2 млн. теңге,  354 мың АҚШ доллары, 70 мың араб дирхамы, 52 мың ресей рублі, 61 мың қырғыз сомы, 5 мың ағылшын фунт стерлингі сомасындағы қолма-қол ақшалай қаражат, сондай-ақ ірі көлемдегі құнды заттар алынып, тыйым салынды (белгілі өндірушілердің зергерлік бұйымдары, қол сағаттары және т.б.).

Ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық мүшелерінің және олардың қолдаушыларының заңсыз табылған қаражаттарын жасанды тұлғалар, жақын туыстары мен таныстары арқылы заңдастыру үшін пайдалану фактілері анықталды.

Заңсыз табылған қаражатты заңдастыру компаниялар желісі арқылы, атап айтқанда, «ТАТ Кредит» кредиттік серіктестік» ЖШС арқылы жүргізілген, оның жетекшісі лауазымды тұлғалар еңгізген ақшалай қаражаттың негізінде оларға Алматы және Астана қалаларындағы тұрғын-үй кешендеріндегі қымбат тұратын пәтерлер және басқа мүліктер сатып алуды, олардың және отбасы мүшелерінің карточкалық есеп-шоттарын толтыруды, шетелдік сапарларын төлеуді және т.б. қамтамасыз еткен.

Қазіргі уақытта ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағандары үшін 45 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр, олардың арасында ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 қызметкері, кеден қызметінің 15 қызметкері бар. Қылмыстық іс бойынша 42 айыпталушы тұтқындалды, 3 тұлғаға қатысты «ешқайда кетпеу туралы қолхат алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бөлек шығарылған қылмыстық іс бойынша 19 айыпталушыға іздеу жарияланды.

Тергеу органдары куәгерлердің жауаптары, белгіленген тәртіппен заңдастырыла отырып жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі, сондай-ақ құжаттық дәлелдерді қоса алғандағы жиынтығымен айыпталушы тұлғалардың оларға тағылып отырған қылмыстарға қатыстылықтарын растайтын дәлелдер алды.

ГП РК GenprokRK
23 апреля 2013, 17:36
326

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Если раньше путь до Хоргоса занимал около 5 часов по Кульджинской трассе, то сейчас время до границы с Китаем сокращается до 2,5-3 часов. Уже сейчас можно ехать по 4-полосной дороге с цементобетонным покрытием.
theYakov
15 сент. 2017 / 9:35
  • 5395
  • 12
Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

За три месяца я поработала в трёх разных сферах. И сегодня, хочу поведать вам о работе в одной из богатейших компаний мира. Звучит значительно лучше, чем «Я работаю в Mc Donald’s».
madiNAtty
15 сент. 2017 / 12:44
  • 2988
  • 16
Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Вчера состоялся предпремьерный показ нашего отечественного фильма "Крылья, подаренные матерью", после просмотра которого защемило сердце - настолько правдоподобной казалась эта история.
Gulmira-I
14 сент. 2017 / 9:34
  • 2435
  • 0
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2161
  • 54
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2108
  • 61
Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Алматы - самый лучший город для меня, так как родной и самый близкий. Так как я много лет прожил за рубежом, могу сказать свою точку зрения, что надо делать у нас.
Ispanec
15 сент. 2017 / 6:20
  • 2035
  • 21
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 1699
  • 30
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 2035
  • 17
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2222
  • 1