Балаларға ертегілер, қазақ және орыс тілдерінде

Бахауаддин Сопыбеков 2013 M04 29
31728
3
631
0

Балалар мен ата-аналарына арналған ертегілер, Сказки детям и родителям.

Жолбарыстың баласы мен лақ

(Эфиоп  халық ертегісі)


Жолбарыстың ба­ла­сы мен ешкі­нің баласы тау бөктерін­де кездесіп қалып, күні бойы бірге ойнап асыр салады. Кеш батқан кезде олар үйлеріне тарайды. Жолбарыстың баласы өз анасына келіп:
- Мен бүгін кішкентай лақпен бірге сондай жақсы ойнадым! Өте көңілді болды! – дейді.

ертегілер, сказки

Жолбарыс:
- Сен не деген ақымақ едің! Сен өз әкеңе лайық емессің! Сен ол лақты өлтіруің керек еді. Сол жерде біз оның қанын ішіп, етін жейтін едік. Ертең таңертең оған бар. Оны алдап, оған “Кел, ойнайық!” деп орманға қарай алып жүр. Содан кейін тұншықтырып осында алып кел. Нағыз жолбарыстар, міне, осылай жасайды! – дейді.
- Жақсы, – деді жолбарыстың баласы, — мен дәл солай жасаймын.
Лақ та өз анасына келіп:
- Анашым, мен бүгін кішкентай жолбарыстың баласымен сондай тамаша ойнадым! – дейді. Кәрі ешкі қорыққанынан қалшылдап кетеді.

ертегінің жалғасы ertegiler-aleminde.ru

Оцените пост

560