Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
07:39, 20 марта 2017

Ұсыныс - поезд бен вагонды ескі де нақты сөздермен атау

Ассалау-мағалейкүм құрметті қауым. Менің сіздерге ескі де нақты қазақтың сөздерімен мына атауларды ұсынып сарапқа салғым келеді:

1) Поезд деген сөзді қазақтың көне сөзімен Керуен - деген атауды ұсынамын.

Өйткені поезді ойлап тапқанда, алдымен керуенге қарап шығарған. Бұрынғы заманда керуендегі көшті құрап тұрған түйе, бұқа, аттарды арқанмен бір-біріне байлап жалғап тұрған. Қазірде бұндай құрамды біз поездан байқауға болады.

2) Вагон деген сөзді қазақтын көне сөзімен Көш - деген атауды ұсынамын.

Өйткені керуенді құрап тұрған көш саны. Сонымен қатар қазіргі заманда ағылшын тілінде вагонды Couch деп атайды, яғни Көш сөзбен атайды. Біздің ата-бабаларымыз көшіп жүргенде олар Еуропаға дейін жеткенде, ол жердің адамдары арбаларға тиеліп тұрған зат мүлүктерге қарап, бұл не беп сұрағанда, ата-бабалар бұл көш деп таныстырды. Содан бері ағылшын тілінде вагонды couch деген атауды қолданып жүр.

Мысал ретінде жазып оқысақ әдемі естіледі және біздің айтуымызға ыңғайлы:

Құрметті жолаушылар нөмірі 45 керуен екінші жолға келіп тоқтайды.

Керуеннің көш реті басынан басталады.

Керуеннің көш реті соңынан басталады.

Құрметті жолаушылар нөмірі 45 керуенге жолаушылар отырғызылуы басталды.

Мен керуенге отырдым.

Мен 4-ші көште кележатырмын.

Осы посттың басты мақсаты көне сөздерді біздің заманға сай келтіру.

1
1054
0