Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
12:05, 19 апреля 2013

Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді

Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Орталық Концерт Залында Бүркіт пен Аишаның "Тау-тау сезім" атты шығармашылық кеші өтті. Кешке халық көп жиналды. Ерекше сезімде болғаны сөзсіз.

Мынау сахнаның сырты. Халық енді жиналып, концерт басталғалы жатқан кез.

Blog post image

Бүгінгі кештің иесі - Бүркіт. Концертінің қалай өтетінін іштей уайымдап, толқып тұрған сияқты. Ештеңе білдірмеуге барынша тырысып-ақ жүр :)

Blog post image

Бүркіт пен Аишаның "Тау-тау сезім" атты кешінің жүргізушілері - КешYOU тобы. Концерт басталғанша қызу дайындық болып жатыр.

Blog post image

Бұл концерттегі бүкіл биді басынан аяғына дейін өздері атқарып шыққан - VIVA би тобы.

Blog post image

"Бүркіт досымыздың кешіне арнайы сыйлық жасап келдік,"- дейді Нұр-мұқасан. Алматыдан арнайы ұшақ арылтып келіпті :)

Blog post image

КешYOU тобы кешті ашып болған соң "Асықпа" әнін орындады.

Blog post image

Нұр-мұқасан VIVA би тобымен бірге.

Blog post image

Сүйемелдеу де болды.

Blog post image

Инстаграм, Твиттер сияқты әлеуметтік желілерге жіберетін суреттерге түсу барысы :)

Blog post image

Биыл Бүркіт пен Аиша LG компаниясының жарнамасына түскен болатын. Сондықтан LG компаниясының демеушілігімен концертте мына гаджет ойнатылды. Яғни, LG компаниясы мен Бүркіт-Аиша шығармашылығына қатысты 3 сұрақ қойылады. Соған тез арада дұрыс жауап берген көрермен Айдананың қолындағы смартфонға ие болды.

Blog post image

Біз бұл жолы концерттің арт жағын, сахнаның сыртын түсіргіміз келді. Солай жасадық та. Залда көрермен көңілді отыған сияқты. Билеп, күліп отырғандарын шапалақтарын қаттырақ ұрғандарынан байқадық.

Blog post image

Мың бұралып билейтін Аиша сұлу концерттің аяқ жағында шықты. Ән салды, биледі. "Тау-тау сезім", "Туған жерім менің" атты хит әндердің қатары толығады алдағы уақытта. Тағы да керемет жаңа әндер айтылды.

Blog post image

Өкінішке қарай біз тек Нұр-мұқасан тобынан ғана сұхбат алып үлгердік. Алдағы уақытта осы концерттің видеосын, мына сұхбатты да көретін боласыздар. Ертең порталымызға концертті жүктеуіміз де мүмкін. Бізбен бірге болыңыздар! :)

1
3646
0