Жауынгерлік парадқа дайындық жалғасуда

МО РК 2013 M04 18
291
0
0
0

Жамбыл облысындағы «Отар» 40-ыншы әскери базасы ауданына Отан қорғаушылары күніне арналған Жауынгерлік парадқа қатысушы әскерлердің шоғырлануы аяқталды. Келген бөлімшелердің жеке құрамы далалық...

Жамбыл облысындағы «Отар» 40-ыншы әскери базасы ауданына Отан қорғаушылары күніне арналған Жауынгерлік парадқа қатысушы әскерлердің шоғырлануы аяқталды. Келген бөлімшелердің жеке құрамы далалық лагерьдегі шатырларға орналасып Жауынгерлік парадты өткізу жоспары бойынша дайындыққа кірісіп кетті.

Бүгін полигонда командалық-штабтық дайындық барысында  парадты өткізу кезіндегі барлық іс-қимылдар егжей-тегжейлі пысықталды. Әскерлердің жауынгерлік парадқа дайындығын практикалық тұрғыда Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев жетекшілік етуде.

– Әскерилер үшін тұңғыш рет өткізілгелі тұрған Жауынгерлік парад кең көлемді жаттығуға қатысумен бірдей болып тұр. Бөлімшелер практикалық дайындықтар барысында өзара іс-қимыл сұрақтарын түбегейлі  пысықтайтын болса, офицерлер парадтың кезеңдерін жоспарлауда және бөлімшелерді басқаруда әскери өнерді жоғары деңгейде пайдалана білуге ұмтылмақ,- дейді  Мұрат Майкеев.

Қазіргі кезде «Отар» 40-ыншы әскери базасында қару-жарақ пен әскери техниканы және полигон  нысандарын дайындау қызу жүргізілуде. 7 мамыр Отан қорғаушылар күні Жауынгерлік парад тікелей эфир арқылы таратылады. Онда көрсетілетін жауынгерлеріміздің іс-қимылын бүкіл еліміз тамашалайтын болады.

Мұндай Жауынгерлік парад Қазақстан Қарулы Күштері тарихында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Онда Құрлық әскерлерінің барлық  қару-жарақ түрлерінен жауынгерлік атыстар жүзеге асырылады. Әуе қорғаныс ы күштері аспан кеңістігінде өз шеберліктерін танытады. Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың әскери қызметшілер, 400-ден астам бронды машиналар, автотехникалар, 80-нен астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысады.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0