Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:04, 17 апреля 2013

Курсанттар Наурыз тойын тойлады

Blog post imageАлматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтында Наурыз мерекесіне арналған шара өткізілді. Тиянақты жоспарланған мереке музыка, спорт, әзіл жағынан болсын көңілден шықты.

Болашақ офицерлер ән салудан, актерлік шеберліктен өз таланттарын көрсетті. Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты көңілді тапқырлар клубының командасы өз өнерлерін мерекеге келген қонақтарға көрсетті. Бұл команда Қазақстан көңілді тапқырлар клубының құрамына енгендігін атап өткен жөн.

Мерекені ұлттық салт дәстүріміз толықтырып, көріктендірді. Спорттық шараларда арқан тартылды, қол күрестіріліп, кір тасын көтеруден жарыс өткізілді.
– Оқу мен спортты және мәдени ойын сауық шараларын ұйымдастыруды үйлестіре білген курсанттар, болашақ офицерлердің жан-жақты болу керектігін, әскери істі жақсы біліп, мерекелерді жоғары деңгейде ұйымдастыра алатындығын дәлелдеді,-деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік  институтының бастығы  полковник  Қайрат  Садықов.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
300
0