Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:00, 16 апреля 2013

Танкистер құрлықтағы, судағы нысананы бағындырды

Т-72 танкісінен оқу нүктелеріндегі арнайы қойылған нысаналарға оқ жаудырылды. Танкистер танкідегі қару –жарақтың ұрысқа әзірлігін және экипаждың су бөгеттерінен өту сұрақтарын пысықтады. Бронды машиналардың жүргізушілері көру қашықтығының шектеулігіне байланысты құрлықтағы және судағы күрделі бөгеттерден жүруді жүзеге асырды.Танкистердің алдында шартты түрдегі жауды жою жөніндегі тапсырма тұрды. Оны орындау үшін әскери қызметшілерге күрделі кедергілер жасалды. Олар күндіз және түн мезгілінде күрделі жаттығуларды орындап тәжірибелерін шыңдады.
– Штаттық атыстарды жүргізу барысында танк бригадасының әскери қызметшілері өздерінің жауынгерлік әзірлігі мен шеберліктерін жетілдіреді,-деп атап өтті бригада командирі подполковник Тұрдалы Тұрғынбаев. – Сарбаздар мен офицерлер жауынгерлік тапсырманы орындау барысында мол тәжірибе жинақтап, шеберліктерін арттырды. Олардың барлығы тапсырманы үздік бағаға орындады.
Күрделі сынақтан сүрінбей өтіп, барлық нормативтерді үздік тапсырған экипаж командирлері мен жүргізуші-механиктер «Шығыс» өңірлік қолбасшысының грамотасымен марапатталды.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Blog post image«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Аягөз полигонында танк бригадасы бөлімшелерінің атыс жаттығулары өтті.

296
0