Қозы Көрпеш — Баян Сұлу күніне мерекелік анонс

Алия 2013 M04 14
3576
6
5
0

Бүгін еліміздің барша жастары Махаббат күнін тойлауда. «Екпін» журналы Қазақстанның әр қаласы бұл мерекені қалай тойлайтынын алдын ала біліп алып, сіздермен бөлісіп отыр.

Бүгін еліміздің барша жастары Махаббат күнін тойлауда. «Екпін» журналы Қазақстанның әр қаласы бұл мерекені қалай тойлайтынын алдын ала біліп алып, сіздермен бөлісіп отыр.


Астана:

Астана қаласында сағат 21:00-де Астана орталық саябағында жастар жиналып, жанатын гелий шарларын ұшырады.

Алматы:

— сағат 15:00-де Қарасай батыр мен Масанчи көшелерінің қиылысында, ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің студенттері ұлттық ғашықтар күніне арнайы қойылым қояды.

— сағат 18:00-де ADK сауда-ойын-сауық кешенінде ғашықтарға арналған кеш ұйымдастырылады. Романтикаға толы ән мен биден тұратын кештің соңы жанатын гелий шарларын ұшыруға ұласады.

— сағат 18:30-да Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Махаббат сазы» атты поэзия кеші өтеді.

Семей:

— сағат 17:00-де Абай драма театрында қалалық ғашықтар байқауы өтеді.

— сағат 22:00-де Абай атындағы орталық алаңда «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» күніне орай жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

Шымкент:

— сағат 16:00-де облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы 15 сәуір күні нәрестелі болған жас аналарды құттықтап «Нұрсәт» ықшам ауданындағы перзентханаға барады.

— 16 сәуір күні сағат 19:00-де, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың кәсіподағының ұйымдастыруымен «Сапфир» мейрамханасында «Ғашықтар кеші» өтеді.

Қарағанды:

— сағат 17:00-де Кеншілер мәдениет сарайында «О, Махаббат» атты поэзиялық кеш өтеді.

— сағат 19:30-да «ЦУМ» сауда орталығының алдында қарағандылық жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

Теміртау:

— сағат 17:00-де Теміртау политехникалық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитететінің ұйымдастыруымен «Қозы Қөрпеш — Баян Сұлу» күніне арналған кеш басталады.

— сағат 21:00-де, Орталық стадионда теміртаулық жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

Павлодар:

— сағат 20:00-де Орталық жағажайда павлодарлық жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

— 19 сәуір күні сағат 15:00-де С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің концерт залында «Ғашық болуға 7 қадам» атты шоу-байқау өтеді.

Қостанай:

— бүгін 21:00-де «Кіші көпірде» қостанайлық жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

Орал:

сағат 19:00-де Жастар мәдениет үйінде «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» күніне арналған «Ғашықтың тілі — тілсіз тіл» атты мерекелік кеш өтеді.

Ақтөбе:

— сағат 17:00-де, «Нұр Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен «Mega Ақтөбе» сауда-ойын-сауық орталығында «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу» байқауы өтеді.

Қызылорда:

— сағат 18:00-де Қызылорда қаласының орталық алаңында жастар кеші басталады. Қала қонақтары мен тұрғындарын керемет кештің куәсі болуға шақырамыз.

Қапы қалмаңыздар, достар!

Оцените пост

5

Комментарии

0
Ақтау тойласа, жазып жіберіңіз, қосайық
0
рахмет, қостық
Показать комментарии
Дальше