Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:37, 11 апреля 2013

«Дала қыраны-2013» жаттығуын жоспарлау конференциясы

Blog post imageАлматы қаласындағы «Казбриг» бітімгершілік бригадасының базасында «Дала қыраны» арнайы тактикалық бітімгершілік жаттығуын жоспарлаудың негізгі конференциясы болып өтті. Конференцияға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Тәжікстан, Швейцария, Қырғыз Респуликасы қарулы күштерінің, сондай-ақ НАТО штаб-пәтерінің өкілдері келді.

«Дала қыраны» жаттығуы 2003 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын НАТО-ның «Бітімгершілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы аясында өткізіліп келе жатыр.

Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов «Дала қыраны» арнайы тактикалық бітімгершілік жаттығуының форматы барған сайын өзгеріп, күрделеніп отырады. Оны өткізу аумағы да ұлғайып келеді. Халықаралық жаттығуды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін барлық мәселелерді егжей-тегжейлі талқылап, тыңғылықты дайындалуымыз қажет» - дейді.

Конференцияға қатысушылар жаттығуды әкімшілік, медициналық, әскери-техникалық және тылдық  тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Бірінші рет көпұлтты бригаданың штабы бекітілді. Бұл бітімгершілік іс-қимылдары кезінде шетелдік бөлімшелермен жедел үйлесімділік деңгейін қамтамасыз етпек.

Конференцияның қорытындысы бойынша  жаттығуға әрі қарай дайындық барысында басшылық құжат болып табылатын хаттамаға қол қойылды.  «Дала қыраны-2013» жаттығуы осы жылдың тамыз айына жоспарланып отыр. Жаттығу жөнінде түпкілікті шешім қабылдау үшін әсери мамандар тағы бір бас қосу өткізетін болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
309
0