Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:17, 11 апреля 2013

«Қорғас» бойынша қылмыстық іс сотқа тапсырылды

Бүгінгі күні айыпталушылар мен олардың қорғаушыларын «Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттерінде экономикалық контрабандамен айналысу және ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істің материалдарымен таныстыру процедурасы аяқталуда.

Ағымдағы жылғы 3 сәуірде 1575 томды құрайтын қылмыстық істің материалдары әрі қарай сотқа тапсыру үшін айыптау қорытындысымен Алматы қаласының прокуратурасына жолданды.

11 сәуірде қылмыстық іс материалдарын мәні бойынша қарау үшін Мамандандырылған әскери сотқа жіберу басталды.

Бұл қылмыстық істер бойынша айыпталушы ретінде 45 тұлға өтіп отыр, олардың 42-сі қамауда, 3-не қатысты ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Бұдан басқа, 19 адам іздеуге жарияланған, оларға қатысты қылмыстық іс материалдары жеке өндіріске шығарылды.

0
186
0