Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:31, 10 апреля 2013

Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздік мәселесі

Таяуда "Болашақ" газетінің бетінде Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздік мәселесі талқыға түскен болатын. Аталған өзекті сұраққа қатысты мен де өз пікірімді білдірген едім.
- Меніңше, бұл мәселені біржақты қарастыру дұрыс емес. Біріншіден, еліміздегі көлік бақылау қызметінің босаңсып кеткендігінің айғағы. Себебі, көліктің техникалық жағдайына қатаң бақылау жоқ. Мұның соңы апатқа, адам шығынына соқтырып жатады. Екіншіден, жеке тасымалдаушылар бірінші орынға жолаушылардың қауіпсіздігін емес, қалтаның қамын қояды, яғни олар ескі, жарамсыз көлікті шашылып қалғанша пайдаланып, байып қалу маңызды. Тағы бір маңызды себеп, ол - еліміздегі автожолдардың жағдайы. Ескіріп, тозғаны былай тұрсын, кейбір автожолдар тар, көлік ағынын сыйдыра алмайды. Кей жағдайды жүргізушілердік кәсібі дайындығы да күмән тудырады. Сондықтан, бұл мәселеге кешенді көзқарас керек-ақ.

0
300
0