Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:16, 10 апреля 2013

Қазақстан Қорғаныс министрінің Ауғанстанға алғашқы ресми сапары

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ауғанстан Ислам Республикасына алғашқы ресми сапармен барды. Сапар барысында Қазақстан Қорғаныс министрін Ауғанстан Президенті Хамид Карзай қабылдады.


– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстанның аймақтағы интеграциялық үдерістерге белсенді араласуын, өзара экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың нығая түсуін қолдайды, – деді Әділбек Жақсыбеков.

– Біздің ел ауған қоғамын ынтымақтастыруға және елді тұрақты демократиялық мемлекетке айналдыруға бағытталған Ауғанстанның ұмтылысын қуаттайды.

Әділбек Жақсыбеков пен Ауғанстан Қорғаныс министрі Бисмилла Хан Мұхаммедтің кездесуінде әскери саладағы ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

Қазақстанның қорғаныс өнеркәсіп кешенінің әскери техника мен қару-жарақты, оның ішінде атысты басқару, байланыс, радиолокациялық құрал-жабдықтар, авиациялық техника, жауынгерлік бронды машиналарды жетілдіруге,  жөндеуге әлеуеті жеткілікті.Бұл бағытта Ауғанстанмен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік бар.

Ауғандық әріптесін Астанада тұрақты өтіп тұратын халықаралық «KADEX» қару-жарақ және әскери мүлік көрмесі туралы хабардар еткен Қазақстан Қорғаныс министрі ауған мамандарын 2014 жылы өтетін көрмеге қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, Ә. Жақсыбеков Ауғанстан Қарулы Күштерінің өкілдерін осы жылдың тамыз айында өтетін «Дала қыраны-2013» тактикалық бітімгерлік оқу-жаттығуларына бақылаушы ретінде қатысуға шақырды.

Қазақстан қазіргі уақытта ауғандық әскери қызметшілерді еліміздің әскери оқу орындарында оқыту мүмкіндігін қарастыруда. Тараптардың пікірінше, бұл жобаның болашағы зор және Ауғанстан үшін мамандар дайындау саласындағы ынтымақтастық- тың тағы бір тетігі болуы мүмкін.

Кездесу барысында қауіпсіздік және қазіргі қауіп-қатерлер ахуалы жайында ақпараттар мен пікір алмасулар қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың маңызды аспектісі болуы ықтимал екені айтылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
253
0