место в рейтинге
  • 12537
  • 10
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Алданып қалмаңыз!

Адал ақшаңызға әділетсіздікпен келген ас ішіп жүрсіз. Сізді арбаушылар сізге «ас болсын!»,- деп тілек тілеуде. Олар күліп тұрып, бүйірден пышақты қалай ұрады? Таныс болыңыз.

Оқиға былай басталды

Сенбі күні болатын. Есік алдында ерсілі-қарсылы кезіп жүргем. Кенет әкем:

-Балам, ақыры бос жүр екенсің, қыста азық қылар картоп-жуа әкеліп қояйық. Әйтпесе, ертең қол тимейді, жұмыс көп деді.

Жалқаулық еңсемді езіп тұрса да, қарсы уәж айтуға ұятым жібермеді.

-Барсақ, барып қайтайық,-дедім құлшынып тұрған кісідей.

 

Сұрасаң аузыңнан, сұрамасаң қалтаңнан табасың

Базарға кірісімен, алғашқы сауданы еттен бастадық. Он келідей өлшеттік. Расымен он келі ме, тоғыз келі ме, бәлкім оған да жетпес. Кім біліпті? Ол жағын саудагердің ішкі арына қалдырдық. Тәп-тәуір жілік таңдағандай болғанбыз... Үйге келіп, қалтаны төңкерсек, шайнасаң тісіңе, жұтсаң өңешіңе тұралайтын қосымша бірдеңелерді де сүңгітіп жіберіпті. Қай кезде? Қалай? Сиқыршы ма дерсіз. Бұрын, «аға, мынаны қосайын, аға, ананы қосайын?»,- деп сұраншақтап тұратын сатушының қазіргі әдіс-тәсілдері де өзгеріпті.

 

Екінші сауда

Әкем әр картопты таңдап, біраз жүрді. Мен тек ілесуші. Картоппен өскен кісі болғандықтан, тағар міні де көп болды. «Сақтауға қызыл сорты жақсы»,- деп қойды бір сөзінде. Мен де басымды изеп қоям. Құлықсыз. Әрине, мына оқиғаға дейін.

 

Даудың басы сары кемпірдің таразысынан басталды

Неліктен екенін білмедім, «мынаусынан алайық»,- деп, әкем бір жерге тоқтады. Картоп бағасын сұрадық. «Келісі 75 теңгеден»,-деді. «70-тен берсеңізші?»,- деп едік, қанша алатынымызды және сұрады. Біз айттық. Сонсоң ойланып тұрды да, әріде жүрген кемпірге қарап:

-Света,  70-тен сұрап жатыр, мұнша қап аламын дейді, бересіз бе?,- деді. Света әжей көп ойланып тұрмай:

-Бер, бер, қайту базар ғой,- деді. Соған қарағанда, осы картоптардың иесі болса керек деп іштей түйіп тұрдым. Әкем де солай ойлапты.

-Қаптың ортасы да осындай ірі картоптар ма?-деп сұрады әкем. Мұнысы дұрыс та.

-Немене, сізді алдап тұр деп тұрсыз ба?-деді, үшінші қатын сөзге килігіп. Маған оның өз-өзін ұстау мәнері жүдә ұнамай қалды. Тым пысақайлық танытып, көп сұрақ қоюшыларды ұнатпайтынын аңғартқандай болды. Менің әкем де осал адамдардан емес. Ашуға мінсе, мінезі жойқын. Әзірге сабыр сақтап тұрса керек.

-Сен ашуланба қарындасым, ақша менікі. Жейтін де мен деп, жәй күлді. Сонсоң қысықкөз қатынның жүйкесін сынағандай боп:

-Таразыларың дұрыс қой, әйтеуір, я?-деді.

Әлгінің қабағы шытынап шыға келді.

-Қазіргі таразылар «электронный» ғой. Бұрынғы заман өткен. Кімді ақымақ қылып тұрсыз?,- деді. Негізі өзі ақымақ боп тұрған.

-Жә, жә, өлшеңіз енді,-деді, әкем.

Әлгілер таразыны қосты да, қаптарды үсті-үстіне мінгестіре бастады. Бұл да алдаудың бір әдісі еді. Үлкенді-кішілі етіп буылған қаптарда білген адам үшін сыр жатыр. Таразыдағы әр қапқа тиесілі салмақты ажырату мұндайда қиынға тиеді. Бұл әрекеттерін дереу тоқтаттық та, бір қаптың өзін жеке өлшеттік. Сізге өтірік, маған шын әлгі бір қап қызыл қартоп 69 келі берді. Әкем сенбеді, үш қатын дәлелдеп бақты. Сонсоң таразыға өзі мінген әкемнің салмағы, алпамсадай болды. Жанжал лап етті.

 

Ұйымдасқан топ боп шықты

Бетперделер шешілді. Бұл үшеу базарға атақты топ екен. Картоп иесінің рөлін сомдаушы Света әжей қолында билігі жоқ сорлы кемпір екен. Сасқан үйрек артымен жүзедінің кері келіп, әжеміз:

-Таза салмақпен өлшеймін,-деді. Оған шикіл сары қарсы болды. Пысақай қысық көз табанын жылтыратып, оқиға орнынан жым-жылас жоғалды. Қылмысы әшкере болған шикіл сары «таза салмақпен алсаң, 75-тен ғана аласың»,- дегенше болмады, әлгі кемпір таразыдан бірдеңені қозғап кеп жіберді. Сол сол-ақ екен, 69 келімін деп тұрған қабымыз 51 келіге сылқ етіп түсті. Ұйқым шайдай ашылды. Іштеріндегі ең момақан сары қатын мықтылары боп шықты. «Сатпаймын»,- деп кесіп айтты.

-Алсаң 70-тен жалған өлшеммен, ал шынайы өлшеммен тек 75 теңгеден болдады,- деді. Бірақ, беті бүлк етпеді. Біз есеңгіреп қалдық. Сауданы өзге жерден жасайық деген тоқтамға келдік те, алға қарай аяңдай бердік. Ал артымызда қалып бара жатқан алаяқтардың бізді балағаттап жатқан дауыстары естіліп жатты.

 

Қырағылық таныттық

Кезекті сатушының таразысына қолымдағы он келі етті қойып көрдім. Он үш келі берді. Көңіл қалды. Ал әкемнің бойы үйренсе керек, «қазір дұрыстайды ғой»,- деді баяу ғана. Саудагер алдай алмасын білді білем, лезде дұрыстады. Сосын таразыны күн беткейден бұрғыздық. Себебі күнге шағылысқан таразының дисплейі көзге көрінбейді. Бұл да алдаудың өзіндік бір тәсілі. Сіз алған затыңызды таразыға қойғаннан соң, дисплейге қарайсыз. Көрсеткішке сенесіз. Ал сіз келгенше ол таразыға саудагер бес келідей, не одан да көп көрсеткіш енгізіп қояды екен. Оны күн сәулесінен аңғару қиын болады. Осы сынды құйтырқы әрекеттермен алданып қалуға біз жол бермедік.

 

Өз сөзім: Таразыға абай болыңыз! Аллаһ алдында бұл үшін жауап бар екенін ұмытпаңыз!

 

Ерлен Еркебұлан

 
Еркебұлан Ерлен yerlenyerkebulan
Қазақ. Мұсылман. Инженер.
9 апреля 2013, 16:53
2541

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
вчера / 17:21
  • 37945
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Балконы Алматы. Интересные экземпляры встречаются только на старых домах

Балконы Алматы. Интересные экземпляры встречаются только на старых домах

Ещё один отчёт, который очень хотел сделать. Посмотрим на старые алматинские балконы. Хоть у нас и нет шедевров, но кое-что можно снять и выставить.
Ispanec
10 авг. 2017 / 0:04
  • 2827
  • 9
Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

В США 75% жителей считают, что КНДР является "критической угрозой" для их страны. Авторы популярного американского шоу Джимми Кимела решили проверить жителей США, знают ли те, где находится КНДР.
tala03
10 авг. 2017 / 16:48
  • 2602
  • 58
Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

КТК: "У жителя Алматы украли… 3 миллиона долларов! В деле, которое расследует сейчас местная полиция, удивляет всё – и внушительная сумма, и фамилия пострадавшего..."
SamJamKZ
10 авг. 2017 / 11:43
  • 2365
  • 42
Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

В Казахстане началось поэтапное внедрение трехъязычного образования. По данным МОН РК, с 2017 учебного года начнется внедрение трехъязычия в 5-х классах.
tala03
10 авг. 2017 / 15:20
  • 1943
  • 31
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2205
  • 5
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Кандидат в президенты Польши просит место жительства в Казахстане

Кандидат в президенты Польши просит место жительства в Казахстане

Балли Мажец, ранее Балжан Наурызбаева, уроженка Южно-Казахстанской области уже 30 лет проживает в Польше. Является гражданской активисткой и председателем ассоциации Wspolnota Kazachska.
tala03
10 авг. 2017 / 0:25
  • 1386
  • 11