Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:33, 09 апреля 2013

Астанада Әскери әуе күштері штабы жаңа ғимаратының тұсаукесері болып өтті

Blog post imageҚазақстан Әскери әуе күштерінің басшылығы жаңа орынға қоныс тепті. Енді Қазақстан Қарулы Күштері ӘӘК штабы осы әскер түрін басқаруды жүзеге асыруға қолайлы етіп арнайы салынған ғимаратқа орналасты.

Жаңа ғимараттың тұсаукесеріне орайластырылып әскери әуеайлақта құрметті қонақтардың қатысуымен салтанатты іс-шара болып өтті. Қорғаныс министрі мен Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасарлары,  әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің қолбасшылары авиаторлардың қуанышына ортақтасты.

Сондай-ақ, ӘӘК қолбасшылығының шақыруы бойынша салтанатты шараға даңқты ұшқыш-ғарышкер, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, Әскери әуе күштерінің ардагерлері, басқа да қонақтар қатысты.
Іс-шараның мерекелік жағдайын қалыптастыру үшін және Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне ӘӘК өкілдері әуеайлақта бірнеше киіз үйден тұратын ауыл орнатты. Киіз үйлерді Әуе қорғанысы күштерінің Ақмола өңірлік гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері тігіп, безендірді.
Мерекелік көңіл-күй мен қазақтың ұлттық киімдерімен көрсетілген театрландырылған көріністің, ұлттық спорттық сайыстардың арқасында ӘӘК жаңа ғимаратының ашылуы шын мәнінде салтанатты, есте қаларлық болды. Мереке қонақтары да, әскери қызметшілер де, олардың отбасы мүшелері де ризашылықтарын білдірді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
171
0