Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
05:16, 09 апреля 2013

#Аружан-ның Мәскеудегі бірінші емі!

2013 жылдың 22 ақпан күні «Жас Отан» Жастар қанатының қызметкерлері мен мейірімді еріктілердің ұйымдастыруымен  «Остеогенез» ауруына шалдыққан  Оразбекова Аружан Серікқызына арналған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық кеші өткен болатын. Сол концертте Аружанның Мәскеуде барып емделуі үшін 4 343 926 теңге қаражат жиналып, ата-анасына табысталды.

Алдағы уақыттарда Аружанның Мәскеуге барып, ем қабылдағаны және қандай нәтижелерге жеткені туралы хабардар етіп отыруды ескерткен болатынмын. Бүгін сіздерге, Аружанның алғашқы емінің нәтижесі туралы айтпақпын.

Blog post image

Аружан   ата-анасымен  Мәскеу қаласы, European Medical Center EMC  ауруханасында өзінің бірінші емін қабылдап жатқан сәті. Ішкі қан тамырына  памидроната дозасын 3 күн бойы 4 сағаттан құйып отырған Аружанға жақсы ем болғанын ата-анасы қуана жеткізді.

Blog post image

Blog post image

Аружан ата-анасымен бірге

Мәскеулік дәрігерлер Аружанның ем қабылдауы 3 жылға созылатынын айтты.

Мұнда, дәрігерлердің медициналық қорытынды анықтамалары:

Blog post image

Blog post image

Аружан Мәскеу қаласына келесі емін қабылдауға шілде айының 29 жұлдызына аттанады.

Айнұр Сүгірбаева

@ainurasat


   
2
1266
3