Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:19, 07 апреля 2013

Мектеп оқушылары десантшыларда қонақта болды

Мектеп оқушылары десантшыларда қонақтаАэроұтқыр әскерлерінің десантты-шабуылдаушы бөлімі Қапшағай қаласындағы төрт мектептің жоғары сынып оқушылары үшін «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

Әскери бөлім плацына десантты-шабуылдаушы бөлімше жеке құрамының күнделікті жауынгерлік оқуда қолданатын қару-жарақ үлгілері қойылды. Оқушылар жауынгерлер баяндаған атыс қаруларының тактикалық-техникалық сипаттамасын қызығушылқпен тыңдады. Көптеген сұрақтар қойды.

Десантшылардың паршютпен секірмес бұрын жердегі дайындықтан өтетін әуе десанты кешеніндегі сабақтары оқушыларға барынша әсер етті.

Жауынгерлердің тренажердегі нақты қимылдарын бақылаған жас өрендер әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлік пен дене тәрбиесі дайындығына көп уақыт бөлетініне көз жеткізді.

Десантшылар бөлімінде болған мектеп оқушылары сарбаздар мен сардарлардың күнделікті қызметі мен тыныс-тіршілігінен мол хабар алғанын жарыса айтты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
229
0