Yvision.kz
kk
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 постов3 подписчика
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
7
01:02, 05 апреля 2013

Оразбек Есенбаев. «Косяк»

4-сәуір күні DUNIYA Art қазіргі заман өнері галереясында суретші әрі педагог Оразбек Есенбаевтың «Косяк» атты көрмесінің ашылуы болды.

Blog post image

Вернисажға адам өте көп жиналды. Пресса мен қонақтарды есептемегенде, Оразбек ағайдың студенттері мен жанкүйерлерінің өзі біраз топты құрады. Қызыл лентаны қимастан бұрын, сахнаға шығып, олар көрме иесіне құттықтау сөздер мен ақ тілектерін білдірді.

Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image

Көбінде қозғалыс пен жануарлар әлемінен көрініс беретін бұл картиналарды суретші 3 айдың ішінде салып бітіріпті. Суреттер (көрменің өзі сияқты) атаулары да өте қызықты: «ЧС», «КСК», «Привет Асылжану», «Доступное жилье», т.б.

Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image
Blog post image

Сондай-ақ вернисаж барысында Оразбек Есенбаевтың «Сымбат» академисяндағы студенттері Айгүл мен Жұлдыз өздерінің тіккен киім үлгілерін де көрсетіп үлгерді. Олар бұл коллекцияның негізінде ағайларының картиналарынан алған шабыт жатқанын жасырмады.

Blog post image
Blog post image
Blog post image

— Оразбек ағай бұл көрмеге көптен дайындалып жүрген. Ол процесс біздің көз алдымызда өтті. Күн сайын картиналар көбейе түсіп, соңында осындай көркем дүниелерге айналды. Тіпті көрменің атауы да біраз интрига берді деп ойлаймыз. Келушілер «Косяк» сөзін әр қилы түсініп келді, бірақ көрменің өзінде шынында оның жай балықтардың тобын атағанына таң қалып жатты.

Бұл көрменің өзі бізге үлкен сабақ. Өйткені бір кішкентай детальдің өзінен, мысалы, құмырсқадан, қандай үлкен полотно жасауға болатынына көзіміз жетті.

Blog post image
Blog post image
Blog post image

Оразбек Есенбаевтың өзі көрмесі жайлы бізге былай баяндап берді:

— Қазірде халық пен әкімшілік бөлек өмір сүріп жатыр. Бұрын, мысалы, өзімнің жас кезімде қала әкімшілігі болсын, әкімдер болсын халық олармен әзілдесе қарым-қатынас жасайтын. Ал қазір кедейлер бастықтарды, бастықтар кедейлерді жақсы көрмейтін заман болып кетті. Ал мен олардың арасында біраз ойын, бұрынғы қызық дәурен қайтып келсе екен деймін. Әрине, бұл арман ғой. Суретшілер өзі арманшыл болады. Тобыр болып жүзген балық өз ұрпағын аман алып қалу үшін осылай «косяк» болып жүреді. Оларды жолда акула, дельфин жеп қойып жатса да, әйтеуір өз дегендеріне жетіп жатады. Ұрпақтарын сақтап, ары қарай таратып жатады. Қазақ болғаннан кейін менің де арманым біздің болашақ ұрпақ бізден де жақсы тұрып, біз көрмеген қуаныш, жақсылықтарды көрсе екен.

Blog post image

Көрме Наурызбай батыр көшесі, 83-үй, Мемлекеттік Ұйғыр театрында өтіп жатыр.
Қосымша ақпарат: 272 59 33

Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева

Фото автордікі

7
2153
1