• 102922
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Кеңес үкіметінің қазаққа қарсы саясаты

Астана. 31 наурыз. Baq.kz-«Алашорда» партиясы екi мақсатты көздедi. Бiрiншiсi - қазақ халқын отаршылдық қамытынан босату. Екiншiсi - қазақ қоғамын өркениеттi халықаралық қауымдастыққа қосу. Алаш бағдарламасының жобасында «барша халық тегiн бiлiм алуы керек» деп көрсетiлген. "Қазақ", "Айқап" басылымдарында олар қазақ өмiрiнiң мәселелерi, қазақ қоғамын реформалау туралы мәселе көтерiп, Ресей империясының отарлық саясатының жағымсыз тұстарын ашық сынады. Мәдениет пен бiлiмді дамытуға көп еңбек сiңiрдi.


Қазақ қоғамындағы ұлт-азаттық қозғалыс негiзiнде екi нәрсе жатыр: бiрiншiсi - жер мәселесi, екiншiсi - мемлекет ретiнде өзiн-өзi басқару мәселесi. Қазақстандағы қозғалыстар таптық мазмұнда емес, ұлттық мазмұнда болды. Байтұрсынов 1919 жылы Ленинге жазған хатында: "Қазақстандағы ұлт мәселесiне қатысты большевиктердiң нақты бағдарламасы, iс-қимыл жоспары жоқ", - деп ашық айтқан. Бiрақ Ленин де Байтұрсыновтың ұсыныстарын қабыл алмады. Большевиктер осылайша аз ұлттарды мемлекеттiк дербестiкке байланысты толық табиғи құқынан айырды. Оның орнына зорлықпен сырты қызыл, тапшыл, интернационалшыл, ал iшкi мазмұны жағынан орыстық, ақ империялық жолға түстi.
1918 жылдың көктемінде Алашорда үкiметiнiң тапсырмасымен Кеңес өкiметiнiң басшыларына Екiншi қазақ съезiнiң шешiмдерiн жеткiзу үшiн Оралдан Мәскеуге Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер барады. Азамат соғысының алдында тұрған большевиктерге қазақ автономиясымен ымыраға келу аса маңызды едi. Сондықтан Ленин мен Сталин Алашорда өкiлдерiн қуана қарсы алды. Лениннiң тапсырмасы бойынша Сталин 19 наурызда Алашорда үкiметiмен келiссөз жүргiздi. Кеңес өкiметiнiң атынан сөйлеген ол екiншi қазақ құрылтайының шешiмi мен "Ресей халықтарының құқығы" туралы декларациясы үндес деп мәлiмдедi.
Алашорда үкiметi Кеңес өкiметiн тану туралы Сталин ұсынысын талқылап, Ресейдегi барлық автономиялардың кiндiк үкiметi екенiн мойындайтынын бiлдiрдi. Жалпықазақ құрылтайының қаулысы бойынша, Алаш автономиясын жариялады. Алашорда кеңесi Алаш автономиясына кiретiн уездер мен облыстарды көрсетедi. "Кеңес өкiметi бiзге шекарамызды белгiлеп бердi деген пiкiр - түбегейлi қате. Шындықты бұрмалау. Бұл жаңсақ пiкiрдi қалыптастырған кеңес өкiметi. Шын мәнiнде, шекарамыз "Алашорда" кеңесiнде белгiленген болатын",– дейдi М. Қойгелдi.
Оның пiкiрiнше, кеңес өкiметi қазақ автономиясын жариялауға мәжбүр болған. Азамат соғысы жағдайында оларға бұдан басқа жол жоқ едi.
Алашорда тек қана қазақ ұлтының ғана емес, бүкiл қазақстандықтардың үкiметi болатынын, оның құрамына қазақтардан басқа ұлттардан мүшелерi кiретiнiн, Алаш автономиясында заң шығаратын Һәм ел билейтiн үкiмет Алашорда болатынын, құрылтай жиналысы шақырылып, билiктiң сын-сипаты анықталғанға дейiн советтер тек қана Алашордаға жәрдемшi ретiнде мiндет атқаратыны ашық айтылды.
"Кеңес одағы Алашорданың бұл ұстанымдарына түсiнiстiкпен қараған сыңай танытқанымен, iс жүзiнде қабыл алған жоқ. Өйткенi, "Алашорданың" бұл ұсыныстарын қабыл алу - қазақ елiнiң ұлттық мемлекеттiлiк құқығын мойындаумен бiрдей деген сөз", - дейді тарихшы.
Сол себептi де Сталин қитұрқылық жасап ұлттық мемлекет құруға ұмтылған Алашордадан iргесiн аулақ салып, Әлiби Жангелдинге назар аударды. Ол - қазақ даласындағы кеңес өкiметiнiң комиссары болатын. Кеңес өкiметi Алашорданың жауларымен жақындаса бастайды. Орынбордың кадет корпусын бiтiрген, губернатордың жанында қазақ басылымдары бойынша цензор қызметiн атқарған, сұлтан Мұхамедияр Тұңғачиндi кеңес өкiметi қолдады. Ол төңкерiске дейiн "Айқап" газетiне қарсы адам болатын. Тұңғачин берген ақпарат бойынша Байтұрсынов патша өкiметi тұсында бiрнеше рет түрмеге түскен. Бөкейханов өзiнiң мақаласында отставкаға кеткенiн, орнына "ислам дiнiнен шығып, христиан дiнiн қабылдаған, фамилиясын Степновқа, шапанын кительге айырбастаған Жангелдиннiң келгенiн ашық жазған. Ал Жангелдиннiң мақсаты қайткенде де Алашорданы саясат сахнасынан ығыстырып шығару болды.
Сталин "Үш жүз" атты социал-демократиялық партия құрдым, Алашордаға қарсымын» деген Көлбай Тоғысовты қолдау керек екенiн айтқан. "Сталин ұлттық пассионар тұлғаларды кеудесiнен итерiп, бейiмделгiш адамдарды қолдады. Бұл саясат 1920 жылдары да, Сталин өлгеннен кейiн де жүрдi", - дейдi М.Қойгелдi.
Кеңес өкiметi тұсында Қазақстанды 20 адам басқарды. Соның төртеуi ғана қазақ болды. Соның бiрi - Жұмабай Шаяхметов. М.Қойгелдiнiң пiкiрiнше, Сталин Шаяхметов кандидатурасын мынадай себептермен қолдаған: Жұмабай Шаяхметов - Солтүстiк Қазақстан облысындағы НКВД-ның үшiншi бөлiмiн басқарған адам. НКВД-да он жыл жұмыс iстедi. Партия басшылығына да осы қызметтен келдi. Ол қазақтың көрнектi қайраткерiн жазалауда сан түрлi жаңа азаптау тәсiлдерiн енгiзген. Сталин үшiн Шаяхметов өз адамы едi.
"Сталиннiң тұсында Қазақстанды басқара алатын зиялы, бiлiктi, интеллектуалды тұлғалардың үлкен шоғыры болды. Бiлiм-бiлiгi тұрғысынан Алашорда Кеңес үкiметiнен әлдеқайда жоғары тұрды. Алашорда құрамында арнайы орта бiлiмi бар бiр-ақ адам болды. Ол Ә.Отыншиев едi. Қалғандары түгелдей жоғары оқу орындарын бiтiрген-дi. Сталин бұлардың бiрiн де Қазақстан билiгiне өткiзген жоқ. Қазақстанды басқара алатын адамдардың бәрiн Мәскеуге шақырып алды. Сталин мұнысымен Қазақстандағы национализм өртiн сөндiргiсi келдi, - дейдi М.Қойгелдi.
Сталиннiң қазақ зиялылары мен қайраткерлерiнен хабарсыз болуы мүмкiн емес. Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел, Жаһанша Досмұхамедовтермен түрлi себептер бойынша жүздесiп, кеңестiк ұстанымдағы Рысқұлов, Сейфуллин, Нұрмақов, Асфендияров және Мыңбаев сияқты қайраткерлермен кездесiп, түрлi мәселелерге қатысты пiкiр алысып тұрған. "Қазақтың саяси элитасын Сталин жақсы бiлдi. Қазақ зиялыларында сталиндiк билiкке деген қарсылық өте күштi болды", - дейдi М.Қойгелдi.
НКВД-ның бiр офицерi Голощекин мен Сәдуақасовқа жазған хатында: "Қазақстанда не болып жатқандарын бiлесiздер ме? Қазақ қайраткерлерiнiң үстiнен бақылау қойылды. Олардың қандай пiкiрде екенiн, кiмдермен қарым-қатынаста екенiн, интимдiк мәселесiне дейiн бақылау қойдық. Бұл не деген сұмдық? Бұл қандай билiк? Мұндай нәрсенi тоқтатыңыздар" деп өтiнген. "Мұндай бақылау барлық мұсылман қайраткерлерiнiң үстiнен қойылған болатын", - дейдi тарихшы.
ХХ ғасырда бұрын-соңды тарихта болмаған тоталитарлық диктатуралық режимдер пайда болды. Бiрiн-бiрi бiтiспес жау санағанымен, национал-социализм мен большевизм егiз қозыдай ұқсас болғаны баршаға мәлiм. А.Жандосов қазан төңкерiсiнен кейiн КСРО-да қандай қоғам құрылғаны жайында сөз еттi. "Социализм болды ма? Олай деуге ешкiмнiң де аузы бармас. Сонда бұл қоғамды қалай атауға болады? КСРО-да 30-жылдары мемлекеттiк капитализмнiң, социализмнiң, феодализмнiң, азиялық өндiрiс тәсiлдерiнiң элементтерi болды. Бiр сөзбен айтқанда, қойыртпақ құрылыс орнады. КСРО-да мынадай қоғамның топтары болды. Бiрiншiсi - құлдар - ГУЛАГ тұтқындары. Екiншiсi - басыбайлы шаруалар. Бұлар кеңестiк колхоз бен совхоздың жұмысшылары", - дейдi ол

Дәулетқали Асауов

 
nazgulnaz
5 апреля 2013, 12:10
3031

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
25 июля 2017 / 18:27
  • 11454
  • 11
Ненавязчивый сервис Родины. Почему казахстанцы не очень-то спешат на Алаколь и в Баянаул

Ненавязчивый сервис Родины. Почему казахстанцы не очень-то спешат на Алаколь и в Баянаул

Как Кыргызстан смог превратить в «игрушку» побережье Иссык-Куля? Сервис там – на любой статус и кошелёк, и цены выгоднее Алаколя или Балхаша раза в два-три, и дороги шикарные, народ гостеприимный.....
openqazaqstan
вчера / 11:54
  • 6052
  • 21
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
25 июля 2017 / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3598
  • 12
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
25 июля 2017 / 13:50
  • 3794
  • 33
Тест нашего общества: сержант против педофила. Оправдано ли нарушение закона?

Тест нашего общества: сержант против педофила. Оправдано ли нарушение закона?

Когда сержанта-конвоира, который нанёс побои подозреваемому в изнасиловании пятилетней девочки, уволили из органов и закрыли в СИЗО, последовала достаточно неожиданная реакция общества.
openqazaqstan
вчера / 16:02
  • 3064
  • 22
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2589
  • 27
СказQAZ о королеве ночного города. Казалось, ничто не могло прошибить её оборону

СказQAZ о королеве ночного города. Казалось, ничто не могло прошибить её оборону

- Ты задолбала быть такой прекрасной!.. Пьяный в доску романтик еле держался на ногах. Девушка, сидящая за столом, даже не удостоила его взглядом. Охранники нежно вытолкали его из заведения.
Aks_Ras
26 июля 2017 / 12:09
  • 1861
  • 4
Хан Ордасы – ставка Жангир-хана. Здесь была открыта первая в Казахстане типография

Хан Ордасы – ставка Жангир-хана. Здесь была открыта первая в Казахстане типография

Ханская ставка Жангир-хана в селе Хан Ордасы Бокейординского района Западно-Казахстанской области - это одно из самых интересных исторических мест Казахстана.
theYakov
26 июля 2017 / 5:34
  • 1789
  • 6