место в рейтинге
  • 17750
  • 55
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ел болам десең бесігіңді түзе!

Қазір қазақ жастары, Қазақстандық жастар басын батыс мәдениетіне, әсіресе АҚШ мәдениете бұратыны айтпаса да түсінікті. Сөзді сол АҚШ-тан бастасақ. Қазіргі таңда бұл елде жас отбасылар неке қиған күннен бастап 3 жыл көлемінде 70 %-ы отбасылық түсініспеушіліктерге душар болып, ақыр соңында ажырасып тынады екен. Көрші Ресейде де бұл мәселе мәз емес. Ал бізде қалай?

Тақырыпқа толық енбес бұрын мына суретке назар аударсақ...

(Астана қаласы, Б.Момышұлы көшесі)

Көріп тұрғандарыңыздай балаларды дамыту орталығы мен ересектердің эротикалық тауарлар дүкені көрші болатын заманға да жетіппіз. Оқырман қауым мені «тырнақ астынан кір іздеп отыр» деп ойлап қалмасын, бірақ шыдам таусылды. Бұл милионнан бір ғана мысал. Сол «тырнақ астындағы кір» ертең тұтас ұлт бетіндегі «кірге» айналмасына кім кепіл... Неге шенеуніктер осындай ынғайсыз жағдайлар туындамас үшін белгілі бір ережелер шығарып, мұндай екі қайнаса сорпасы қосылмайтын орындардың арасында белгілі бір ара-қашықтық қоймасқа.

Қазіргі таңда біз жастарды бақылауымыздан жіберіп алып отырмыз. Жастар үлкендерді, үлкендер жастарды түсінбейді. Басқаша сөзбен айтқанда ұрпақтар сабақтастығы жойылуда. Егер біз өскелең ұрпақты түсінуге ұмтылмасақ, олар бізді түсінуге өмірлік тәжирибелері жетіспейді. Егер ұрпақ тәрбиесі біз үшін маңызды болса өзіміздің ұрпақтарымыздың жүріс-тұрысын біліп отыруымыз қажет. Қазір қандай ата-ана баласының қандай интернет сайтта, жолдастарымен қандай тақырыпта сөйлесетінен мүлде бейхабар.   «Білмеймін, әйтеуір құрғыр компьютер мен телефоннан басын алмайды» - деп қолымызды бір сілтей саламыз. Ал оның салдары қазіргі кезде жақсы жағдайларға алып келіп жатқан жоқ. Өскелең шақтың тәрбиелілігінің аздығына біз жастарды кінәлап жатамыз. Үлкен қателік! Ата-аналар кінәлі. Қай қоғамда болсын өзінің «опасыздары» мен «жарайсыңдары» болады, бірақ қазақ жастары қазіргі кезде ай санап емес күн санап құлдырауда. Білім бар, тәрбие аз. Ол күн сайын жүріп жатқан үрдіс.

Қазақ қазақты сынап жатса мән бере қоймаймыз, жәй айтылып жатқан сөздер сияқты көреміз, тарих куә. Қандай атақты, ғұлама тұлғаларамыз іштері қыж-қыж қайнап, қанша ұран тастап кетті. Тіпті тура сөзбен «Оян Қазақ!» - деп те шырылдады. Бәрін қойып енді өзгелер сынауда, мүмкін солардың сөзі әсер етер. Мәселен, бәріміз білетін Герольд Бельгер. Танымал публицист, әдебиетші, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов аталарымыздың шығармаларының аудармашысы былай деп сөз түйіндепті: «Менің үйімнің қасында қазақтың таңдаулы мектебі орналасқан. Сабақтан кейін балалар олай-бұлай жүгіріп жүреді. Бірақ олар тек орыс тілінде сөйлейді. Ата-аналары, ата-әжелері келіп, олар да орысша сөйлеседі балаларымен. Бұл мені жабырқатады. Жақында осы Қазақстандық «Х-Факторды» көрдім. Қазақтар сахынаға шығып, ағылшынша, орысша өлеңтер айтады. Бұл батыстық еліктеу, батыстық нақыш. Ұлттық ешнәрсе жоқ. Бұл ұят...Олар шетелде опера арияларды, классикалық музакаларды айтып, скрипкада барынша тырмыңдап ән салады. Мұнымен ешқандай Еуропалықты таң қалдыра алмайсың. Оған оның қажеті жоқ. Сен одан да өз әніңді айт. Тек сол кезде сен басқаға қызықты көрініп, беделге ие боласың.  Олар біреуден асып түскісі келе ма? Мен үнемі айтам: «Қазақ, не істесең де сен американдық бола алмайсың! Орыс та болмайсың! Қазақ болып қала бер. Осында сенің бақытың!». Шындық бар ма? Шындықты қойшы, намыс қайда кетті екен...

Бұл бір ғана тақырып, енді жастардың моральдық тұсына келсек. Кезінде «Қоянды қамыс, жігітті намыс өлтіреді» деуші еді. Қазір ол пікір де көнерді. Болмай жатса шетелге қашып кететін болдық. Жылқы мінезді, қой көзді ер жігіттер күннен күнге сиреп бара жатқаны қынжылтады.

Ал қыздардың жүріс-тұрысы қалай? Ешкімнің ар-ожданына немесе жеке өміріне деген қол сұғушылық деп түсінілмесін. Бірақ, «ұлы сөздің ұяты жоқ» деп, кішкене ғана статистикаға мән берсек. Еліміздегі 1992-95 жылдары туылған жас қыздар арасында 1988-91 жылдары туылған қыздармен салыстырғанда жыныс аурулары мен ардың бұзылуы 2,5 есе көп екен. Алдыңғы буын өкілдерімен салыстыруға тіпті намысымыз жібермейді. Бұл нені білдіреді, бұл  - уақытпен бірге жастар да бұзылуда екендігін көрсетеді. Осылай жалғаса берсе сол американдық отбасылық статистиканы біз де қайталаймыз.

Сонау өткен ғасырдың 40-жылдары фашисттік Германия КСРО-ға соғыс ашпас бұрын әртүрлі зерттеулер жүргізген екен. Сол зерттеулердің қорытындысының бір есебінде: «Егер нақты, қатал әрі тез шабуылдармен жеңбесек, 21 жасқа дейінгі қыз-келіншектерінің 90 % ар-намысын сақтаған, рухани мықты елді жеңу оңайға түспейді» - деген екен КСРО туралы неміс зерттеушісі.  «Қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу» - қаншама мағына жатыр десеңші. Жалғыз қаракөз қыздарымыз емес, жігіттеріміздің тәрбиесі де үлкен назарды қажет етеді. Қазір көшешедегі жастарды тоқтатып:  «Қазақ жігіті қандай болуы керек?», «Қазақ қызы қандай болуы керек?» - деген сұрақ қойып қалсаңыз әр-қайсысы әртүрлі жауап береді. Себеп - ОРТАҚ ИДЕОЛОГИЯ ЖОҚ. Шешеуніктердің бюрократиялық есептері жастары қызықтырмақ түгілі, жастар оларға мән бермейді де. Одан да, ел алдына шығып, ұрандатып, ар-намысты оятып, көз алартып, жастардың бастарынан сипап, қолдарынан алып тәрбиелік сөз сөйлесін. Сол кезде халыққа да, жастарға да жақындайды. Ал қазір біз жастарды уысымыздан, бақылаумыздан шығарып алдық. Жастар бытырап кеткен, ортақ мүдде жоқ. Олардың бастарын біріктіретін де шаралар жоқтың қасы. Тұп қазық мектептен бастау керек. «Әдеп» сабағының маңыздылығын ескере отырып, тіпті жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін арнай сабақ ашсақ қалай болады? Өзімізді өзіміз танып болдық қой...

Қандай мықты елде болмасын «сен өзіңнің кім екеніңді ұмыстпауың керек» деген сияқты нақыл сөздер бар. Сол сөзді біздің жастарға да айтқым келеді. Біз ең бірінші кім екенімізді ұмытпауымыз қажет.

Әрине, қол сілтеп әркім өзі біледі қалай өмір сүретінін деуге де болады. Бірақ сол жастардың ертеңгі ұрпағы Сіздің ұрпағыңызбен, олардың немерелері  Сіздің немерелеріңізбен бірге өмір сүреді. Бәрі бір-біріне тікелей әсер ететін, өзара байланысты құбылыстар.

Әркім өзінің қамын ойлап, эгоисттік көрсететін ұлт  ұзақ өмір сүре алмайды. Тарих төреші. Ал біздің олай өмір сүруімізге құқығымыз жоқ! Бір адам халқын, халық кез-келген азаматын қорғай білуі тиіс. Егер Мәңгілік ел болғымыз келсе, Адай ақын айтпақшы «әр қазақ менің жалғызым!» деп өмір сүруіміз қажет. Сол кезде қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заман болатыны аян.

 

Равиль Нұржанов

 
Равиль Нуржанов raville
Патриот!
4 апреля 2013, 13:09
4849

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 20151
  • 5
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3832
  • 12
«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

Провидец из Португалии по имени Горацио Вильегас считает, что новая мировая война состоится уже в текущем году. Считается, что португалец два года назад объявил, что Трамп станет президентом.
Seattle
21 апр. 2017 / 15:33
  • 3735
  • 13
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 3318
  • 19
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Такая уж у него работа, он приходит поздно. Но почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания. Когда его долго нет, признаюсь, я начинаю нервничать. Названивать и писать смс-ки...
DominaOmnium
21 апр. 2017 / 2:25
  • 2486
  • 12
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2078
  • 2
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
вчера / 16:14
  • 1916
  • 20
Паводок в Атбасаре глазами блогера

Паводок в Атбасаре глазами блогера

Ситуация в населенном пункте непростая, много домов подтопило, по сравнению с 2014-м годом уровень воды поднялся намного выше. Жители держатся молодцом.
kokshetau_today
21 апр. 2017 / 14:17
  • 2003
  • 8