iLuminate би тобы Қазақстанда алғаш рет

kaztube1 2013 M04 7
513
0
1
0

3 сәуір күні Астана қаласы, Хан шатыр ойын-сауық-сауда орталығында кешқұрым iLuminate би тобы өнер көрсетті. Төмендегі суретте дайындық жүріп жатыр. Аппараттарды реттеп, бишілер шығатын сахна...

3 сәуір күні Астана қаласы, Хан шатыр ойын-сауық-сауда орталығында кешқұрым iLuminate би тобы өнер көрсетті.

Төмендегі суретте дайындық жүріп жатыр. Аппараттарды реттеп, бишілер шығатын сахна даярлану үстінде.

iLuminate би тобы көп адамға таныс болмауы да мүмкін. Кейбіреулері бірден тани кетуі де ықтимал.

iLuminate жаңа технологиямен заманауи биді біріктіріп, түрлі түсті жарық арқылы шоу-бағдарлама көрсетеді. Black Eyed Peas, Кристина Агилера, Крис Браун сияқты әлемдік деңгейдегі әншілер би жағына келгенде осы топтың көмегіне жүгінеді екен.

Бұл би тобының Лос-Анджелестен келуіне мүмкіндік берген АҚШ-тың  Қазақстандағы елшілігі болатын. iLuminate Қазақстанға бірінші рет келген екен. Астананы, жалпы Қазақстанды көргендеріне қуаныш білдіріп, өз сезімдерімен бөлісіп жатты.

iLuminate 4 сәуір күні сағат 19-00де Бейбітшілік және келісім сарайында концертін берді. Соның кіріспесі ретінде халық көп жүретін Хан шатыр ойын-сауық-сауда орталығында тегін өнер көрсетті. Астана қаласында 4 сәуір күні өнер көрсетсе, 4 сәуір күні Алматы қаласындағы "Алматы Тауэрс" бал залында өнер көрсетті.

Халық, әсіресе жастар өте көп жиналып, арнайы осы топтың өнерін тамашалауға келіпті.

Осы топтан сұхбат алып, көрсеткен өнерін арнайы сіздер үшін түсіріп алғанбыз: http://kaztube.kz/kz/video/70764http://kaztube.kz/kz/video/70568

Алдағы уақытта осындай шаралардың түр-түрі болады. Хабардар болып отыру үшін бізді Фейзбукта (http://www.facebook.com/kaztube.kz.5), Твиттерде (https://twitter.com/kaztube) оқыңыздар!

Бізбен бірге болыңыздар!

Оцените пост

1
Дальше