Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
12:38, 03 апреля 2013

БІЗ ҮЙРЕНІП ЖАТҚАН СПОРТТЫҚ БАЛ БИЛЕРІ ТУРАЛЫ БІЛГЕНІМІЗ АРТЫҚ БОЛМАС)))

 

БІЗ ҮЙРЕНІП ЖАТҚАН СПОРТТЫҚ БАЛ БИЛЕРІ ТУРАЛЫ БІЛГЕНІМІЗ АРТЫҚ БОЛМАС)))

«Бал» термині ортағасырлық Еуропада пайда болған, кәсіби емес, ақсүйектердің жұпты билерінен шыққан. Уақыт өте келе бұл билер түрлі өзгерістерге ұшыраған: Еуропа тарихының барлық дәуірлері - қайта өрлеу, ағартушылық, классицизм, романтизм, - өзіндік билер жиынын тудырып отырды. Бүкіл Еуропаның мәдени дамуының барысында бал биіне әр түрлі этникалық көздер және кәсіби билер әсер етіп отырды.

Спорттық бал билері нағыз эстетикалық және сәнді спорт түрі. Спортқа жатқызатын себебі - би көп энергияны, күшті, табанды жаттығуды қажет етеді. Спорттық бал билері екі топқа бөлінеді, оған еуропалық билер (стандарт) мен латын-америка билері жатады. Спорттық билер бойынша жарыс осы екеуі бойынша өткізіледі.

Қазіргі таңда спорттық бал билері бойынша жарыстар өткізіледі. Осы орайда бірнеше бағдарламалар қалыптасты:

  • Еуропалық;
  • Латын-Америкалық;
  • Қоссайыс (он түрлі би);
  • Еуропалық және Латын-Америкалық секвей (өзіндік әуенге орындалатын үш минуттық шоу);
  • Еуропалық және Латын-Америкалық формейшн (8 жұптан тұратын ансамбльдер жарысы);

«Бал» сөзі латынның «ballare» деген сөзінен шыққан, және ол «билеу» деген мағынаны білдіреді. Бал билерінің барлығы жұпты және ол жұп кавалер мен ханымнан құралады. Еуропалық бағдарламада ханым мен кавалердің жұптық ұласуы тығыз және бидің толық орындалу барысында ол ұласу сақталады, ал латын-америкалық бағдарлама билерінде жұптардың ұласуы еркін, көбінесе қолдардың түйісуімен жүзеге асырылады.

Еуропалық бағдарлама

Еуропалық бағдарламаға (Стандарт) 5 түрлі би кіреді: Баяу ВальсТангоВена ВальсіБаяу факстрот және Квикстеп (Жылдам факстрот). Еуропалық бағдарламадағы барлық билер сызық бойымен (сағат тіліне қарсы бағытта айналу) қозғалу арқылы орындалады. Қыздар талапқа сәйкес ұзын көйлек, ал жігіттер қара немесе қара көк түсті фрак киеді. Жігіттердің мойнында галстук немесе көбелек (бабочка) болу керек. Фрактың орнына смокинг немесекөкірекше киіп билеуге де болады. Қазіргі заманғы биге арналған костюмдер күнделікті киетін костюмдерден тігісі арқылы ажыратылады, олардың бір ерекшелігі серіктестің костюмінің иық жағы қолдарын көтергенде түзу болып қалу керек.

Бал билерінің орындалуы белгілі бір икемдер мен жаттығуларды қажет еткендіктен, олардың қоғамдағы әйгілілігі уақыт өте төмендеді. 1960-жылдары твисттің пайда болуы жұп билердің аяқталуына әкелді. Вальс, танго, факстрот және т.б. сияқты билер көпшілікті көңілдендіре алмады. Осылайша бал биінің тарихында жаңа бет ашылды.

Латын-Америкалық бағдарлама

Латын-Америкалық бағдарламаға СамбаЧа-ча-чаРумбаПасодобль және Джайв билері кіреді. Латын-Америка билерінің ішінде тек самба мен пасодобль билері ғана сызық бойымен қозғалу арқылы орындалады. Ал қалған билерді орындау барысында бишілер бір орында қалады, алайда, кейде азды-көпті сызық бойымен (би алаңы бойымен қозғалып, бастапқы орнына қайтып келу немесе келмеу). Қазіргі таңда қыздардың жарыс көйлектері, ереже бойынша, қысқа, өте ашық және денеге жабысып тұруы керек. Жігіттердің жарыс костюмдері де денеге жабысып тұруы керек.


0
2516
3