Құрметті дебютанттар би кеші кезіндегі әдеп жайлы білгендеріңіз артық болмас)))

Akbota Islambek 2013 M04 3
1287
1
2
0

  Биге шақыру Бірге билегіңіз келген бойжеткенді басынан аяғына дейін қарап шықпай, байқатпай таңдаған жөн. Алыста тұрып, қайсыбір белгі беріп, биге шақыруға әсте болмайды. Өзін-өзі құрметтейтін...

 

Биге шақыру

Бірге билегіңіз келген бойжеткенді басынан аяғына дейін қарап шықпай, байқатпай таңдаған жөн. Алыста тұрып, қайсыбір белгі беріп, биге шақыруға әсте болмайды. Өзін-өзі құрметтейтін, әдептілік ережесімен таныс бикештің бас изеуге немесе көз қысуға ешқашанда келіспейтіні және шақыруды қабыл алмайтыны айқын.

Биге шақырғанда жігіт өзін жинақы ұстап, бойжеткенге жақын келеді де, сәл ғана бас иіп, оны биге шақыруға рұқсат сұрайды. Мұны тек бас иіп, үндемей де істеуге болады.

Ұсынысты қабылдау

Бойжеткен өзінің келіскенін жылы көзқараспен білдіреді. Мүсіркеген сыңаймен өркөкіректік немесе менсінбегендік түр көрсету кез келген жігіттің намысына тиеді, мұндайды тәрбиесі нашар қыз ғана істеуі мүмкін. Ең дұрысы – биден жайбарақат және қарапайым түрмен бас тарту. Биге шақырғанда ерекше қуаныш та білдірмеу керек. Сабырмен тұрып, өзін лайықты ұстаған жөн.

Егер бойжеткен бұл биді бірге билеуге басқа біреуге уәде етіп қойған болса, ол өзін биге шақырушыға ілтипатпен алғыс айтып: "Рақмет, бұл биді басқамен билеуге уәде етіп қойғанмын" немесе "Өкінішке орай, бұл биге уәде беріп те қойып едім" - дейді. Барша жұрт кіре беретін ашық кештерде танымайтын адамға себебін айтып жатпай-ақ, биден бас тартуға болады. Дегенмен бұлай істемегеніңіз жақсы.

Билеуден бас тартқанын естігеннен кейін жігіт ашуланбай, басын иеді де, кетіп қалады. Егер ол осы бикешпен міндетті түрде билегісі келсе, екінші рет шақырады. Екі рет бас тартылғаннан кейін, ол қайтып шақырудың жөні жоқ екенін түсінуі тиіс. Сонымен қатар, қыздар қауымына ерекше себебі болмаса, екі рет бас тартуға болмайды. Бас тартқан жауап алған еркектің өзінен бас тартқан бикештің жанында отырған қызды немесе әйелді биге шақырмағаны жөн.

Би алаңында билеушілер көп болса, аяқты байқап басу керек. Би кезінде денені әдепті ұстау керек. Билеуге жігіт басшылық етеді.

Би кезінде танысыңызды көрсеңіз, онымен жай бас изеп амандасыңыз. Бірден әңгімелесіп кету әдепсіздік болады.

Вальс билеген кезде...

Егер қыздың көйлегінің арқасы ашық болса, жігіт өз бикешінің бүйірінен ұстауға тиіс. Қолды ашық арқаға салуға болмайды. Жігіт өз серігінің көйлегін көтеріп, қисайтып жібермеуін және мыжғыламауын үнемі қадағалап жүруі керек. Сондай-ақ қолдың терлеп кетпеуін қадағалуы қажет. Үнсіз билеуге де болады, дегенмен де серігіне құрмет сезімін білдіріп, онымен азын-аулақ сөйлескен сыпайырақ көрінеді. Ескі ережелер бойынша, әңгімені әуелі жігіт бастайтын. Қазіргі кезде бұған аса мән берілмейді.

Әдемі билеу үшін барлық сәнді билерді бүге-шігесіне дейін білу міндет емес. Негізгі қимылдарын біліп алып, өзіңізді әдепті ұстай білсеңіз жеткілікті. Емін-еркін биленген биде қарапайым қимылдың өзі тартымды көрінеді.

БҰЛ ЖАЗЫЛҒАН КЕҢЕСТЕРГЕ ҚҰЛАҚ САЛАСЫЗДАР ДЕГЕН ОЙДАМЫН. АЗ ДА БОЛСА, БИЛЕУ ӘДЕБІН БІЛГЕНІМІЗ АРТЫҚ БОЛМАС ШЫҒАР)))ҚОСАР ҰСЫНЫСТАРЫҢЫЗ БОЛСА, ЖАЗЫҢЫЗДАР))) АҚБОТА

 

Оцените пост

2

Комментарии

0
Толығымен келісемін!! Сонымен қатар, бал кешіне жақсы көңіл күймен келу керек. Сергек әрі жадыраңқы мінезбен жүрген кісіні кім жақтырмас? Ал, біздің құрметті жігіттерге Остенның "Тәкаппарлық пен Жалған сенімдегі" Дарси мырзаның алғашқы бал кезіндегідей өзін ұстауы - орынсыз болар) (Ол бүкіл бал кешінің бойында бір де бір қызды биге шақырмай, тәкаппарланып тұрып алады) Ал, негізінен, әрине, ең бірінші назар аударуға тиісті нәрсе - әдеп.
Показать комментарии
Дальше