Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:49, 03 апреля 2013

Уақыт сонда да жүйрік

Blog post image

"Ақырзаман жақындаған сайын, уақыт та тез өтеді",- деген рас-ау. Мысалды өзімнен алайыншы. Таңертең 6:30-да тұрамын. Түнде 23:00-ге дейін жатуға тырысамын. Осы 16 жарым сағат мен үшін қас-қағым сәттей зулап кетеді. Заман дамыды. Бұрын біреуді іздесем үйіне баратынмын немесе үй телефонына қоңырау шаламын. Әрине, ол адам үйінде болса ғана ұстаймын. Жоқ, болса оны табуыма жарты тәулік немесе тұтастай күнімді жұмсайтынмын. Ал қазір, ұялы телефонына шығып, мейлі ол қаладан тысқары жол бойында жүрсе дағы ұстаймын. Шығатын қорытынды: Ұялы байланыс уақытты тиімді пайдалануға өз септігін тигізеді. Бұрын сұрақ пайда болса кітапханаға барып, кітап іздейтінмін. Егер іздегенім табылса жарты тәулік, табылмаса уақытым босқа шығын болатын. Ол өз бастарыңыздан да өткен болар. Ал бүгінгі таңда ғаламтор баршаға жақсы болды. Әп дегеннен қажетіңді тауып ақ аласың. Керек десеңіз Ресейдегі компанияларға дейін байланысқа шығып, хат алысып отырамын. Ал, бұл бұрын мүмкін бе еді? Ресейге сол бір қағаз үшін бару қисынсыз ғой. Қанша уақытты құрбан етер-ек. Жә, айта берсек мысал көп. Қаншама жерден уақытты үнемді пайдаланып жүрмін десем де неліктен "тайм менеджмент" оқып жүрмін? Өйткені уақыт кез-келген заманауи құрылғыдан да жүйрік.

Еркебұлан Ерлен

26/9/12

   
0
2152
0