• 105057
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ашыққан қазақтарға Кеңес үкіметі мен Сібір орыстары ерекше жауыздық жасаған

Астана. 2 сәуір. Baq.kz- Кеңестер үкіметі құлап, оның құрамындағы республикалар тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Новосібір облыстық мемлекеттік мұрағатының «Құпия», «Аса құпия», «Айрықша пәпкі»-лерінің бірқатарының бауы тарқатылды. Бірақ, ақиқаттың ашылуы қызыл империяның мұрагері РФ-ға абырой әпермесін білген орыс билігі ол құжаттарды қайта «құлыптап» тастады. Бірақ, жариялықтың желігімен 1-2 жыл болса да, ізденушілердің «құпия құжаттардың» шет жағасын көріп қалды. Соның арқасында бәлшебектердің біраз «масқаралары» әшкере болды. Кеңес үкіметінің қазаққа жасаған қастандығы туралы көп дерек осы мұрағаттан табылды.


РФ Журналистері Одағының мүшесі, ІІМ доғарыстағы (отставка) подполковнигі Александр Агалаков қолындағы деректерге сүйене отырып, ол кезде Қазақ АССР-інде 6,2 миллион адам болғанын, соның 2,1 миллионы аштықтан өлгенін, 1 миллионнан астамы Қытай, Моңғолия, Ауғаныстан, Иран және Түркияға қашқанын айтады. Сол кезде 100-200 мың адам Қазақстанмен шекаралас жатқан Сібірге барып бас сауғаламақ болған. Бірақ, Кеңес үкіметі мен жергілікті тұрғындар арып-ашып жеткен елга қып-қызыл қиянат жасап, жауыздық көрсетті. Соның салдарынан ұлтымыздың талай ұл-қыздарының басы сол жақта көмусіз қалды, тірі оралғандары кісі төзгісіз азап шекті.
Батыс Сібір өлкелік атқару комитетіне 1931 жылы 7 желтоқсанда Алейск аудандық атқару комитетінің төрағасы жазған хатта «ауданға кейінгі екі айда аштыққа ұшыраған қазақтар көптеп келіп жатқанын, олардың жағдайы тым ауыр екенін, босқындардың арасында жұқпалы ауруға шалдыққандар көп екені» айтылады. Өлкелік прокуратураның 1932 жылы 9 наурызда жаған есебінде қазақтар Барнаул, Омбы, Ключи, Тюменцев, Волчиха, Новосібір, Ново-Омск, Славгород, Бийск, Алейск, Бай, Прокопьевск, Сталинск, Поспелихинск, Шипуновск, Угловск, Родинск қалалары мен елді мекендеріне таралып кеткені жазылған. 
Аш-арық жұрт алғашында Қазақ АССР-мен шекаралас аймақтарға кідірген, бірақ ол жерлерден жан сақтайтын мүмкіндік, істейтін жұмыс таппаған соң, Сібір даласына ішкерілеп ене берген. Үкіметтің есебінде сол жылдары Сібір даласын жайлаған қазақтың саны 100 мыңның үстінде дейді. Бірақ, белгілі тарихшы, марқұм Владимир Позанский босқындардың саны 200 мыңға жетеқабыл деген дерек келтіреді. Ол : «Қазақтар деревнялардағы, қалалардағы қираған ғимараттарды, бос тұрған қора-қопсыны паналады, вокзалдарда түнеді. Олар өлексе көметін жерлерді аршып, өлген ит-құстың, малдың етін жеді. Үйлерге, асханаларға кіріп қайыр сұрайды. Олардың қазіргі «бичтар» сияқты жылу құбырларына, жылы жертөлелерге жататын мүмкіндігі болмады. Өзі аш, өзі аурушаң адамдардың Сібірдің қақаған қысында қирған ғимарттарды паналауы қандай болатынын өздеріңіз де пайымдай беріңіздер. Қаланың әр бұрышында аштықтан, аурудан өліп жатқан қазақтарды ұшыратасың»,– дейді.
Ірі қалаға ілігіп, жолы болып қара жұмысқа тұрып кеткен қазақтардың жаны қалды. Олар аздаған табыс тауып, сонысымен өзін де, туыстарын да асырауға мүмкіндік алды. Бастарын сұғатын жеркепелер салды. Бірақ жергілікті жұмыс берушілер өзі де сорлап келген босқындардың еңбекақысын жөндеп бермей ығыр қылатын. Әйтпесе, сылтау тауып жұмыстан қуып шығатын. Тіпті, дұрыстап ақы төлемес үшін, бір орыннан екінші орынға жиі ауыстырып, жалақыны өзгелерге 120 рубль төлесе, қазақ жұмысшысының қолына 20-30 рубль ғана ұстатады екен. 
Жалпы босқын қазаққа Кеңес үкіметінің де, жергілікті орыс тұрғындары да үлкен өшпенділікпен қараған. Батыс Сібір өлкелік атқару комитетінің бірінші хатшысы Р.Эйхе өңірдің әлеуметтік ахуалын оңалту мақсатымен босқын қазақтарды 24 сағаттың ішінде қуып шығуға бұйрық береді. Бұл бұйрық жергілікті үкіметке қазаққа қарсы ашық жауыздық жасауға жол ашты. Өлкелік милиция қазақтардың жеркепелерін, тұрған орындарын бұзып кіріп, қуып шығуға белсене кірісті. Тіпті, жұмыс істеп жүргендерінің жұмыстарынан есеп айырысуларына да мүмкіндік бермеді. Жергілікті тұрғындар арасында босқын қазақтар бай-кулактың тұқымы, тығып жүрген байлықтары бар деген сөз таратты. Ол-ол ма, «аш қазақтар орыстардың балаларын жейді екен» деген өсек шықты. Осыдан кейін тұрғындар қазақтарды ұстап алып, өлімші қылып сабап кететін болған. Мынандай оқиға болған: Бірде Шағыров деген қазақ баракқа қайыр сұрап кіреді. Үйде 11 жасар қыз бала ғана бар екен. Ол ұсқыны алба-жұлба қазақты көріп, шошығаннан баж ете түсіпті. Дауысқа жүгіріп келген көрші әйел сол жерде шу көтерген. Осыдан кейін барактың барлық тұрғындары Шағыровты «қыз баланы жеуге келді» деп соққының астына алады. Ол байғұс оқиға орнына жеткен милицияның арқасында ғана аман қалған. Ал, Николаев ауданының Есілкөл деревнясында бір әйел қайыр сұрап келген қазақты сойылдың астына алып, «адамжегіштен баламды құтқаруға көмектесіңдер» деп айқайлаған. Дауысқа жиналған тобыр әлгі қазақты ұрып өлтірген. 
Борисов ауданында 1932 жылы 18 мамырда мынандай оқиға орын алған. «Болшая Роща» бөлімшесінің меңгерушісі Рычков деген жауыз Қоңыр Есов деген қазаққа 100 рубльге 2 қап бидай, 1 пұт ет сатып сататынын айтады. Оны түнге қарай келіп алып кет деген. Қастық ойлаған ол Зайцев пен Рутц деген сыбайластарының қолдарына мылтық беріп жасырып қойып, қазақ келгенде оның ақшасын тартып алуды ойластырған. Түнге қарай қасына екі серігін ертіп жеткен Қоңыр ақшасын төлеп, енді бидайды ала бергенде, әлгі екеуі бұрыштан мылтық атып шыға келген. Атқан оқтан Қоңыр тіл тартпай кетеді, ал әлгілер мұжықтар «қазақтар ұрлық жасап жүр» деп аттандаған. Милиция қарақшыларға еш жаза қолданбаған соң, қылмыстарына шабыттанған олар осы «операцияны» тағы қайталап, тағы бір қазақты атып тастаған. 
Өлкелік прокурор материалынан: «Михайловка ауылдық кеңесінің каталжка камерасында 40 тұтқын қазақ отыр. Олардың 7-уін Бостан селосында ұрып кеткен». Бостан оқиғасы былай болған: Селода біреудің сиыры жоғалыпты. Шаруалар мұны қазақтардан көріп, жиналып келіп, мылтық атып, олардың 2 жылқысын, 2 арбасын тартып әкеткен. Соққыға жығылған қазақтарды байлап-матап әкеліп ауылдық кеңеске тапсырған. Осыған ұқсас екінші оқиға Михайловка ауылдық кеңесінде 1932 жылы мамыр айында орын алған. Мал ұрлады деп күдіктенген қазақты ауылдық кеңес төрағасының өзі ағашқа асып қойған. Ол буынып өліп бара жатқанда, босатып алған. Осылай бірнеше рет қайталаған. Амалы құрыған қазақ еріксіз мал ұрлағанын «мойындаған». 
1932 жылы қыркүйек айында Волчихинск ауданында мектеп мұғалімі бақшасында бүрнеше түп картопты біреу қазып әкеткенін көріп, оны қираған үйде тұртын қазақ келіншегінен күдіктенеді. Үйіне бас көктеп кіріп, картоптың қабығын іздеп таба алмаған соң, үйді шашып, әйелдің басын жарған. Оның 1,5 айлық баласын лақтырып жіберген. Ертеңінде сәби алған соққыдан қаза тапқан. Мұғалім коммунист болғандықтан, бұл қылмысы үшін жазаға тартылмады.
«Культура» кеңшарында мал ұрлады деген күдікпен екі қазақты сабаған (жылқылар соңынан жайылып жүрген жерінен табылған); Шендорфск ауылдық кеңесінде ағаш және нан ұрлады деген жаламен екі қазақты атып тастаған; №41 кеңшарында картоп ұрлады деп жала жауып бір қазақты сабаған. Бұл оқиғада кеңшар фермасының меңгерушісі мен кооператив күзетшісі қазаққа картоп сатып, ол алып кетіп бара жатқанда «ұрыны ұстаңдар!» деп айқайлаған. Сосын екеуі қазақты жабылып сойып, қан-қан болып жатқан байғұсты амбарға лақтырып кеткен. Ол амбарда 16 сағат бойы жатыпты. Ақыры, жауыздардың қазаққа өтірік жала жапқаны анықталып, сот екеуін 4 және 6 жылдан бас бостандығынан айырды. 
1933 жылы 18 тамызда Кемеров ауданының «Ударник» кеңшарында үш шаруа ұлтараздық наразылықты қоздырғаны үшін сотталды. Оқиға былай болған: Тасымал судың кезегінде тұрған сауыншы Малыгина мен қазақ Зекмет Рекмешева ұрысып қалып, сауыншы шелекпен қазақ келіншегін басын жарады. Шуға екі жақтан кісілер жиналған: қазақтар – 24, орыстар –100. Десятник Брусов орыстарды қазақтарды сабауға шақырған. Золотарев 7-жасар қазақ қызын жерге алып ұрған. Қыздың мұрнынан қан кеткен. Сот Брусовты 2 жылға, Малыгина мен Золатаревты 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
1932 жылдың 30 шілдесінде Хабаров ауданының Михайловка селосында шаруалар Кереев, Үркімбай және Әлмырза деген азаматтарды сабап өлтірген. 1932 жылы тамызда бір топ қанішер тонауға барып, 9 жанды қазақтың бір отбасын түнде қырып кеткен. Тонағанда оларда қандай байлық болсын? Бар болғаны егістік даласынан масақ теріп күн көріп отыр екен...
Мақаладағы деректердің бәрі Новосібір облыстық мемлекеттік мұрағатынан алынды. Және жоғарыда аты аталған екі автордың жазбаларынан үзінді келтірілді.
Дәулетқали Асауов

 
nazgulnaz
3 апреля 2013, 9:57
352

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 3350
  • 11
Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным школьным...
Zhumanova
вчера / 16:26
  • 2893
  • 5
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2595
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2534
  • 85
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 2044
  • 35
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2562
  • 1
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 2361
  • 17
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 1930
  • 31
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 1674
  • 13