место в рейтинге
  • 11235
  • 10
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Америкалық жолды таңдау қажет

Қайдан туған қызығушылық?

 

Жасым жиырма жетіде. Мектепте ағылшын тілі пәнін әупірімдеп бітірдім. Бағам толық 3 деуге тұратын шығар. Тіпті «а», «an», «the» артикльдерінің қолдану орнын да ұқпай кеттім. Ал мектеп бітіргелі он жыл өтті. Неліктен соңғы кездері менің ағылшын тіліне деген қызуғушылығым артып жүр? Қызмет бабымда талап етіп жатқан ешкім жоқ. Жан-жағым толы қазақ. Ағылшынша сөйлеп жүрген бірі жоқ. Бірақ, ағылшын тілі туралы сөз бола қалса, бәрі бір ауыздан «соны үйрену керек еді»,-деседі. Яғни бәрінің де таласы бар. Бұл неткен күш?

 

Шекспирге дейін...

 

XV-XVI-шы ғасырға дейін тіпті ағылшындардың өзі бұл тілде сөйлемеген көрінеді. Ұлыбританияның мемлекеттік тілі французша болса, ағылшын тілінде тек кедейлер, қарақшылар, шаруалар ғана өзара сөйлескен екен. Ол замандарда французшасы аздар өздерін қор санаған. Тарихтан Ресейдің де француз мәдениетіне қалай еліктегендерін білетін боларсыздар. Бастарына бұйра парик киіп, французша «ғ»-латып талайлары тіл сындырған еді. Сөйткен ағылшындардың бағы қалай ашылды дегенге тоқталсақ.

 

Ағылшын тілінің бағын ашқан кім?

 

Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде тұтас Еуропа мен Кеңес үкіметі соғыстан етек-жеңін жия алмай жатқанда АҚШ державасы әлемдік аренаның серкесіне айналып шыға келді. Америкалық бизнесті былай қойғанда Голливуд киноиндустриясы бұрын соңды болмаған күшке еніп, атышулы фильмдер шығара бастады. Ондағы арнайы эффектілер (спецэффекты), түрлі трюктер кез-келген жастағы кісінің таңдайын қақтырды. Түрлі кинокейіпкерлер жасөспірімдердің кумиріне айналды. Керқұла атты Кендебай мен Алпамыс, Ертөстіктер Рэмбо, Терминатор, Чак Норрис, Жан Клод Ван Дамменің жанында ешкім болмай қалды. Халықтың қызығушылығы артқаны соншалық, актерлардың жеке өмірбаянына үңіліп, солармен бірге тыныстап кетті.

Екінші кезекте, әрине, музыка тұрған болатын. Сөзі түсініксіз болса да, ағылшын тілінде шырқалған әрбір ән жастарды елітіп әкетті. Бара-бара қазақ тіліндегі әндерді тоқсаныншы жылдардың соңында тығылып жүріп тыңдайтын болдық. Қазақша ән тыңдау артта қалғандықтың белгісіндей еді.

Жаһандану белең алған сайын ағылшын тілі ақпараттың тіліне айналды. Қазіргі таңда журналистика мамандығын алу үшін төртінші пән ретінде ағылшын тілінің міндеттелуі осының бұлтармас айғағы.

       

Біздің тіл неге жарамсыз?

 

Біріншіден, қазақтардың өзі ана тілінде сөйлеуді аса қажет деп түсінбейді. Қазаққа қажетсіз тілді өзгелер қайтсін?! Өзге ұлттарға келер болсақ: «қазақ тілі үйренуге өте қиын»,-дегенді алға тартады. Қалайша дейсіз ғой. Қазақта «Ң», «Ғ» тәрізді дыбысталуы қиын әріптер бар екен. Солай дей тұра сол өзге ұлттар ағылшын тілін қазақшадан жақсы сөйлейді және аудармашы боп жүргендері қаншама. Ойлап қараңыз, қай тіл ауыр? Мәселен, еуропалық бірқатар тілдерде етістіктің бірнеше түрлері кездеседі. Ағылшынның өзінде екі түрлі етістіктер бар. Дұрыс және бұрыс. Түсініп отырған боларсыздар. Ал қазақ тілінде етістіктер қандай да бір топқа бөлінбейді. Өзге тілдерде қиындық тудыратын артикльдер қазақ тілінде мүлдем жоқ. Сондағы қиыншылық «Ғ»-ға келіп тірелсе, француздарда «Р» әрпі жоқ қой. «Париж» Париж емес, тиісінше «Пағиж». Ағылшынның «sing» сөзі «синг» емес, «сиҢ». Ал, не дейсіз?

 

Нетпек керек?

 

Тіл үйретуде қандай да бір күш қолдану не мәжбүрлеу адамгершілікке жат нәрсе. Бізге америкалық жолды таңдау қажет. Біздің әншілердің (қазақ тіліндегі) әнін өзге ұлттар сүйіп тыңдауы қажет. Және оның не жайында орындалып жатқанын білуге деген құмарлықтарын ояту керек. Мәселен «ОРДА» тобын көп кісілер жек көретін шығар. Жоқ! Олай етпеу керек. Талай кәрістер солардың әндерінің «сөзін аударып берші?»,-деген өтініштерін естідім. Орда тобының музыкаларын ұялы телефондарына басып алып, билеп жүрген қаншама өзге ұлттарды кезіктірдім. Керек десеңіз, түсінбесе де сөзіне еріп, қайталап айтып жүргендері қаншама.

Енді, фильмдерге тоқталайық. Қызылорда қаласында сонау жылдары «Көшпенділер» фильмі алғаш қазақ тілінде кинотеатрларда көрсетіле бастады. Өзге ұлттар да жиналды. Ешкімнің аузынан «өй, мынау қазақша ғой»,-деген сөз шықпады. Қызықты. Көрді. Кетті. Іштей ой түйді. Қазақ фильмдері де көруге тұрарлық екенін сезінді. Бренд деген түсінік қалыптасу қажет. Мәселен, ағылшын тілі дегенде ойға биік үйлер, заулаған жаңа көліктер, яхталар, үшақтар, сапырылысқан адамдар, Дисней Лэнд, екі қабатты қызыл автобус, Биг Бен, кеме жүзген өзендер түседі.

Қазаққа тән неміз бар? Аянып қалмауымыз қажет. «Мұрныңа кофенің иісі келмейінше, италиян тілін үйренемін деу әурешілік»,-деген тіркестер бар. Қиял мен арман жоқ жерде ұмтылыс та болмайды. Ал ұмтылыс деген түрлі облыс орталықтарында адам төзгісіз, көңілсіз кітаптармен, жалықтырмалы курстар ашу емес. Бұлай дейтінім жасандылықтан ешнәрсе шықпайтынын ұқтым. Жұмыс бабымен бір үлкен мекемеге барып тұрамын. Ол жақта әрбір бейсенбі қазақ тілін үйренуге арналған күн. Бірақ, қазақ тілінде сөйлеген бір орысты көрмедім. ««Көше» деген сөзді ғана түсініп отырмын, әрі қарай не деген?»,-деді бір күні бір қызметкер анықтаманы оқып отырып. Аударып беруіме тура келді.

Оқуға келген өзге ұлт өкілдері қазақтың керемет ұлт екенін сезінуі қажет. «Олардың мотивациясы неден қуат алуы қажет?»,- деген сұраққа жауап іздейік. Бәлкім, жаңа піскен бауырсақтың иісі мен қымыз дәмін татып отырып, қазақ тілінде шүйіркелесуге қызығушылықтарын арттыру керек шығар?

Еркебұлан Ерлен

Еркебұлан Ерлен yerlenyerkebulan
Қазақ. Мұсылман. Инженер.
1 апреля 2013, 17:32
296

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 19617
  • 3
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3774
  • 12
«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

Провидец из Португалии по имени Горацио Вильегас считает, что новая мировая война состоится уже в текущем году. Считается, что португалец два года назад объявил, что Трамп станет президентом.
Seattle
21 апр. 2017 / 15:33
  • 3616
  • 13
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 3225
  • 19
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Наши депутаты известны не достижениями и работой, а своими высказываниями. Сегодня в СМИ вышла новость, где депутат сената Бырганым Айтимова ответила на критику народа.
tala03
20 апр. 2017 / 13:44
  • 2584
  • 20
Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Такая уж у него работа, он приходит поздно. Но почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания. Когда его долго нет, признаюсь, я начинаю нервничать. Названивать и писать смс-ки...
DominaOmnium
21 апр. 2017 / 2:25
  • 2419
  • 12
Советы бывалого: выбираем надежную систему денежных переводов и хранения денег

Советы бывалого: выбираем надежную систему денежных переводов и хранения денег

Какую систему выбрать для денежных переводов внутри СНГ и как избежать потерь при девальвации. В общем, берегите свои кровно заработанные, помните...
Pablo13
20 апр. 2017 / 16:00
  • 2363
  • 19
Атбасарская дамба: кто так красиво сэкономил 137 миллионов?

Атбасарская дамба: кто так красиво сэкономил 137 миллионов?

История с разрушенной атбасарской плотиной получила интригующее продолжение. На официальном уровне говорят о 200 млн тенге, в то время как районный аким сообщил, что дамбу строили совсем за другие деньги.
openqazaqstan
20 апр. 2017 / 15:10
  • 2194
  • 14