І тоқсан есебі

taskala_lib 2013 M04 1
1800
0
0
0

Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 2013 жылдың І-тоқсаныныда атқарған жұмыстарынан хабарлама. ОКЖ бойынша 2012 жылы атқарған жұмыстар сарапталып, қорытындыланды. Қаңтар...

Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша

2013 жылдың І-тоқсаныныда атқарған жұмыстарынан хабарлама.

ОКЖ бойынша 2012 жылы атқарған жұмыстар сарапталып, қорытындыланды. Қаңтар айында барлық кітапханаларда оқырмандарды қайта тіркеу жұмыстары жүргізілді.

Кітапханаларда Елбасының Жолдауын насихаттайтын тұрақты кітап көрмелері жарық көрді. Аудандық кітапханада  Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламсына орай еңбек адамдарын дәріптеу мақсатында ауылдағы кәсіпкерлермен № 20 кәсіптік колледж студенттері кездесіп, пікір алмасты.

Кәсіпкерлер өз істерінің даму барысымен таныстырып, болашақ маман иелерін еңбекке шақырды.  Сондай-ақ   «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғымына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын баяндайтын бейне  үзіктер көрсетіліп, еңбек адамдары дәріптелді. «Шағын және орта бизнес-ауылда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған шолу жүргізілді. Осындай іс-шара Оян, ІІ-Шежін ауылдық кітапханаларында жалғасын тапты.

Аудандық балалар кітапханасында отбасылық оқуға арналған «Ата-аналар сіздер үшін», «Балалармен бірге оқимыз» атты кітап көрмелері шығарылды. Сондай-ақ  «Қауіпсіз Интернет» апталығы шеңберінде облыстық Х.Есенжанов атныдағы кітапхана мен Тасқала аудандық балалар кітапханасының оқырмандары «Балалар, компьютер және ғаламтор» атты On-Iine конференциясын өткізіп, пікір алмасты.

ІІ-Шежін ауылдық кітапханасында балалар жазушысы Е.Өтетілеуовтың 85 жылдығына арналған «Балажан ақын» атты тақырыптық кеш өткізіліп, ақынның шығармашылығына шолу жүргізілді. Барлық  кітапханаларда

А.Байтұрсыновтың 140 жылдығына арналған кітап көрмелері мен тақырыптық сағаттар өткізілді.

Аудандық кітапханада Сталинград шайқасының 70 жылдығына арналған кеш өткізілді. Кеш барысында ардагерлердің естеліктері тыңдалып, бейне фильм көрсетілді.

Балалар кітапханасының филиалында  «Бала Мұхтар» атты ауызша журнал өткізіліп, М.Әуезовтың балалық шағы туралы баяндалды. Атамекен ауылдық кітапханасында «Ауғандағы алау жылдар ұмытылмайды» атты тақырыптық сағат өткізілсе, Оян ауылдық кітапханасында «Құрманғазы күйлері-қазақтың шежіресі» атты сазды кеш ұйымдастырылды. Аудандық кітапханада «Фристайл» үйірмесінің мүшелерімен «Иманға жүгін ей пенде» атты шара өткізілді. Шараға аудандық мешіттің имамы А.Ибрашев қатысып,  жастарға имандылыққа шақырды.

6 наурыз күні аудандық балалар кітапханасында «Ана сен бақыттысың» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауға аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Ә.Нұрмақова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы А.С.Дүйсенова және «Намыс» ЖҚБ–нің өкілі А.Сапаров пен ОКЖ директоры М.Нарыковтар қатысты.

Байқау екі кезеңнен тұрды. І-кезеңде анаға арналған ақын жазушылардың өлеңдері оқылса, ІІ-кезеңде өздері ана тақырыбына арнап шығарған  туындыларын жатқа мәнерлеп оқып берді. Байқаудың  қорытындысы бойынша  І-ші жүлделі орынды «Саулет» мектеп лицейінің 9 сынып оқушысы А.Амангелдиева, ІІ-ші орынды Ы. Алтынсарин атындағы мектептің 7-сынып оқушысы А. Сериков пен Қ.И.Сатбаев орта мектебінің 6-сынып оқушысы О.Жасанғалиевалар өзара бөлісті. ІІІ-орынды Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Г. Бадировамен  «Саулет» мектеп лицейінің 10-сынып оқушысы А. Хабеновалар иеленді. Барлық жеңімпаздарға «Намыс» ЖҚБ-нің  атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

8 наурыз мерекесі қарсаңында аудандық кітапханада «Сыр сұхбат» кездесу кеші өткізілді. Бұл кештің қонағы  аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева болды.  Балалар сұхбат барысында сан түрлі тосын сұрақтар қойып, кейіпкеріміздің шынайы болмысын ашуға тырысты. Өз кезегінде Люция Әсетқызы тапсырмалардан тартынбай, әуелетіп ән шырқап, ақ қағазға сурет салды.  Шара соңында психолог маман сұхбат кейіпкерінің сауалдарға жауап беруін, салған суретін талдап мінездеме берді.

Барлық кітапханаларда Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар өткізіліп, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Махамбет оқулары Кітап беру пункттеріне /қариялар үйі, көзі нашар көретін мүгедектер/ кітап жеткізу. Барлық кітапханаларда кітап қорларымен жұмыс жүргізіліп, мазмұны ескірген, тозығы жеткен кітаптар сұрыпталып, қордан шығару үшін тізімдері жасақталуда.

 

Оцените пост

0
Дальше