Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:50, 31 марта 2013

Казактар

Астана. 31 наурыз. Baq.kz-Көшпелі қауымның ру-тайпалық жүйеге құрылған демократиялық ықпалы Алтын Орда мемлекеті құлағаннан кейінгі кезеңде казактардың қоғамдық құрылысына аса зор ықпал етті. Олар әскери ортада атаман сайлайтын болды. Ал атамманның жанынан ақсақалдар кеңесі мен казак станицалары атамандарының кеңестері құрылды. Бұл өз кезегінде қазақтың билер соты жүйесінен көшірілген үлгі еді.

Blog post image


Атаман ақсақалдар кеңесінің келісімінсіз біреуді жазалай алмады, әйтпесе өз бетінше маңызды шешім шығара алмайтын болған. Ақсақалдар алқасының төрағасын атаманның шешіміне тиым сала алатын болған. Казактардың қауымдық ережесін бұзғаны үшін дүре соғу немесе өлім жазасы кесілетін еді. Жазадан құтылу үшін қауымнан қашып кету керек, әйтпесе жазықтыға араша түсіп, өз қарауына алатын адам шығуы тиіс. Арын төккен казак тек соғыста ерлік көрсету арқылы абыройын жинай алады.
Егер казак соғыста өлсе, оның әйелін бойдақ біреуі алатын болған. Жесір әйелдің балаларын туған әкелеріндей баққан. Ортақ жиында осы жөнінде уәде беретін болған. 
Кез-келген ұлттың өкілдері, кез-келген діни сенімдегі адамдар казак бола алады. Ол үшін жалпы әскери жиында (биліктің жоғарғы органы) серт берсе жетіп жатыр. Сөйтіп казактыққа жаңадан қабылданған адам казактардың қауымдық ережесін орындауы тиіс, және ақсақалдар алқасы мен атаманға сөзсіз бағынатын болған.
Дәулетқали Асауов

 
0
264
0