место в рейтинге
  • 11886
  • 40
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Құлшылықсыз мұсылман қаншалықты мұсылман?

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! 

Алла Тағала адам баласын Өзіне құлшылық ету үшін жаратты. Және оларға Раббыларына бой ұсынып, құлшылық етудің қажеттілігі жан-жақты ескертілуде. Бірақ, дүние қызықтарына алданып, соларға бастары байланып қалған кейбір жандардың Алла Тағалаға құлшылық етуге мүлде ықыластары жоқ. Сондықтан да олар түрлі уәждер айта отырып құлшылық етуден бастарын аршып алмақ болуда. 

Осындай жандардың кейбіреуілері «мен құдайға сенемін» дейді де, сонысымен өзінің Алла Тағаланың алдындағы бар парыздарынан құтылғандай сезінеді. Бірақ, шындығына келгенде «сенемін» деген сөздің салмағы ауыр. Өйткені, сенумен адамның Алланың алдындағы бар міндеті бітпейді. Керісінше, сену адам үшін орындауға тиісті діни міндеттерінің бастауы болып табылады.

Бұл міндеттердің ішінде қатаң сұралатыны Алла Тағала белгілеген парыз амалдар. Осы амалдарды қалай орындауына байланысты адамның сенімінің қаншалықты мықтылығы, оның діндар ретінде неге тұратыны анықталады. Сондықтан да «мен Аллаға сенемін» деп, бірақ, мүмкіндігі бола тұра одан әрі баспай қалатын мұсылманның сенімі иманның ең әлсізі болып табылады.

Иман екінің біріне берілмейтін, ал берілген адамға зор игіліктерге жол ашылатын құн жетпес қазына. Өйткені, иман адамның «бес күндік» өмірін мәңгілік бақытты өмірге жалғайды. Ал, имансыз адамның өмірі бар істері зая кеткен түрде мәңгілік азапқа ұласатын болады. Сол себепті де адамға өзінде бар аз ғана сенімін қастерлеп, оны ұлғайтуға мейлінше тырысқан жөн. 

Алланың ризалығы үшін атқарылатын құлшылық амалдар арқылы адамның жаны тазарып, көкірек көзі ашылып, оның әлсіз сенімі мықты иманға айналды. Ал, құлшылық жоқ жағдайда адамның жаны үздіксіз ластанып, көкірегі көрге айналып, ол өзінің болымшы сенімінен де айрылып қалатын болады. Осылай өзінде бар сенімінен айрылып қалмас үшін де Алла Тағала адам баласына құлшылық етуді міндеттеді. 

Осы міндеттелгендердің ішінде қатаң талап етілетін құлшылықтар бес уақыт намаз оқу, табысынан зекет беру, бір айлық ораза ұстау, және мүмкіндік болса қажылыққа бару. Бұл парыздардың қаншалықты өтелгені өзін мұсылманмын деп білетін әр адамнан міндетті түрде сұралады. Сол себепті де «мен құдайға сенемін» өзінің азын-аулақ сенімін малданып, қамсыз жүру кім үшін болса да зор қателік болып табылады. 

Құлшылық етудің басты шарттарының бірі Алла Тағаланы еске ала отырып жақсы істер жасап, жаман істерден тиылу. Өйткені, жаман деп танылған істерді жасаған әрбір адам, мейлі ол құдайға сенсін, мейлі сенбесін міндетті түрде өзіне күнә табады. Және біреу ерте, біреу кеш болсын, әркім де сол істерінің сазайын тартатын болады. 

Ислам діні бойынша жаман істерге Алланы мойындамау, Оған бой ұсынбау, Оған, және Оның дініне қарсы шығу, Оған серік қосып жанды да жансыз «пұттарға» сиынып, табыну, ата- ананы силамау, туыстардан безіну, басшыларына бағынбай оларға қарсы шығып бүлік (фитна) шығару, жазықсыз адамды өлтіру, сиқырмен айналысып, бал ашып, дуа жасау, өзгелердің, соның ішінде жетімдердің ақысын жеу, пара алып, пара беру, таразыдан жеу, саудада алдау, өсім алу, қарақшылықпен айналысу, ұрлық жасау, харам табыс тауып, харам ас-суларды ішіп жеу, зинақорлықтан бастап түрлі жыныстық азғындықтармен айналысу, зорлық-зомбылық жасау, масайтатын ішімдіктер мен елітетін есірткілерді пайдалану, жасанды түсік жасату, баладан бас тарту, аманатқа қиянат жасау, жала жабу, жалған ант-су ішу, өсек-өтірік, ғайбат, балағат айту, шектен тыс ашылып киіну, және басқа да шариғат бойынша тиым салынған істер жатады. 

Егер «мен Аллаға сенемін» деген адам осындай күналардан тартынбаса, керісінше, халық арасында олардың таралуына өз үлесін қосып, тіпті, ол күналарды белсенді түрде насихаттап жүрсе, онда оның Аллаға сенбейтіндерден қай жері артық? Оның Аллаға қарсы шыққан адамдардан айырмасы не? Мұндай сенімінен оның өзіне де, өзгелерге де не пайда бар? Бұлайша Аллаға сенетінін жұртқа жария етіп, ал, іс жүзінде жаман істермен айналысуы адамды бұл дүниеде бейнетке ұшыратып, ақиретте азапқа душар ететін зор екіжүзділік. 

Жалпы, кім болса да өзгелердің өзін силағанын, өзгелер тарапынан өзіне тиісінше құрмет көрсетілгенін жаны қалап тұрады. Ал, егер біреу оны әдейі көзге ілмеген болса, онда ол сөзсіз қорланып, ішіне кек сақтай бастаған болар еді. Сол тәрізді адамдардың иесі болып табылатын Алла Тағала да Өзіне тиісінше көңіл бөлініп, құрмет көрсетілуін талап етеді. Бірақ, «Аллаға сенемін» дей тұра кейбір жандар Оның талаптарын орындап, тиымдарына бой ұсынуға асықпайды. Сол арқылы олар өздерінің Алла Тағалаға қатысты менсінбеушілік танытып жүргендерін ойламайды. 

Әдетте, адамдар бірін-бірі силағандықтан, немесе қорыққандықтан, тіпті болмаса сыпайылықпен құрмет көрсетеді. Ал, Аллаға сенетінін аузымен айтып, жүрегімен бекіте тұра Оны силап та, қорқып та, ең құрығанда сыпайылықпен де құрмет көрсетіп құлшылық етпейтін адам өзінің Кімнің төзімін сынап жүргенін ойлап әуре болмайды. Әрине, Алла Тағаланың кеңшілігі мол, бірақ, Ол шексіз еркелікті көтеріп, әркімді төбесіне шығарып ойната беретін ынжық та емес. Қазір ғана еркелеп, тайраңдап жүрген жанның бір сәтте- ақ Раббысының көз қиығын салуына да зар болып еңірегенде етегі жасқа толып отыруы ғажап емес. 

Өзін силамаған адамға өштігі түсіп, оны мұқатып, оған жапа шектіру арқылы өзін "танытуға" тырысатын әрбір адам Өзін таныту үшін де жазалауға құқығы бар Раббысына «Мен не жазып қойып едім» деп тұлданып, судан таза, сүттен ақ періште болып шыға келеді. Керісінше, оған «Жаратқан Ием, мен Саған не істемедім» деп күйзеліп жас төккен жөн болар еді. Осыдан- ақ адам баласының кеңшілікті бағалай білмейтін, өзін кінәлі санағысы да келмейтін пендешілікке бейім екенін аңғаруға болады. 

«Аллаға құлшылық етіп бұрын-соңды істеген күналарыңды өте» делінсе «Мен не күнә жасап қойыппын?» деп бейкүнә кейіп танытып шыға келетін кісілер де бар. Шын мәнінде, адамдардың ішіндегі Алла Тағалаға ең жақын болып саналатын пайғамбарлардың өздері де «Мен күнәсізбін» деп айтудан қорқатын болған. Оларға Алла Тағала тарапынан шапағат етіліп, жұмақтан жоғары орындар дайындалып қойылса да, олар құлшылықтарын арттырған үстіне арттырып, Раббыларынан жарылқау тілеп жалбарынудан танбаған. Ал, күнә жасаудан басқа кәсіптері жоқ кейбір жандар болса өздерін күнәсіз санап, құлшылық етуге тіпті де мұқтаждық сезінбейді. Егер шындықты көре алмастай етіп көкірек көзін надандық тұмшалап, шындықты мойындатпайтын қыңырлық ақыл- есін сірестіріп тастамаса қандай адам мұндай жөнсіз сөзді айтар еді? 

Шын мәнінде, астамшылыққа бой алдырып, менмендік танытпайтын; қызғаныш буып, көре алмай, күншілдік жасамайтын; қорқытып, жасқап, жасытып, өктемдік көрсетпейтін; ренжіп, жеккөріп, өшігіп, ашу-ызаға булықпайтын; өкініп, күйініп, торықпайтын; өсек айтып, ғайбаттап, қарғап-сілемейтін; көлеңкесінен де үркіп, бойын үрей бумайтын; өтірік айтып, алдап-арбап азғырмайтын; кіналап сөгіп, айып тағып жазғырмайтын; тағы басқа да осы тәріздес жаман қасиеттері жоқ адам бар ма? Бірақ, кейбір жандар мұндай қасиеттерді күна ретінде санамайды. Сол себепті де олар күн сайын, сағат сайын, сәт сайын күнә жасап айыпты болып жүрміз деп ойламайды. Сондықтанда олар күнәларын өтеуге асықпай мүлде қамсыз жүреді. 

Тіпті ешқандай күнәсіз болып табылса да, бұл күнәсіздік адам баласын Аллаға құлшылық ету міндетінен босатпас еді. Өйткені, күнәсіз болып табылатын жер мен көктегі сансыз періштелердің өздері де Алла Тағалаға құлшылық етіп, Оның әмірлерін мүлтіксіз орындауда. Олай болса, адам баласы үшін құлшылықтан жалтаруға ешқандай да сылтау жоқ. Бұл дүниеде біреулер ақталып әуре, бірақ, ақиретте олар ақталуға да тырыспайтын болады. Өйткені, оларды ешкім де тыңдамайтын болады. 

Кейбіреулер болса, «Аллаға деген ниетім түзу» деп қойып алаңсыз өз бетімен жүре бергісі келеді. Алла Тағала «ниетім түзу» дегенге алданып, мәз болып елпілдейтін әлдебіреу емес. Ол адамның Өзіне деген ниетінің қаншалықты түзу, қаншалықты қисық екенін оның өзінен де артық біледі. Сондықтанда Оған аз–маз ниетіңді саудалап алдарқатудың қажеті жоқ. Алла Тағала әрбір адамнан Өзіне сөзсіз бой ұсынып, құлшылық етуді ғана талап етеді. Ал, құлшылық етуге асықпайтын, тіпті, ондай ниеті де жоқ біреулердің құрғақ ниетпен алысқа барамын деп дәмеленуі ақымақшылық. 

Біреулер «Намаз оқып, ораза ұстап, құлшылық етіп жүргендерді де көріп жүрміз, олардың қасында менің жүрегім таза, жаным ақ» деп мақтанып, осылайша құлшылық етуден басын аршып алуға тырысады. Кімнің жанының қаншалықты таза, жүрегінің қаншалықты ақ екендігі бір Аллаға ғана аян. Негізінде, адам баласы өзін-өзі асыра бағалап, алдарқатуға бейім тұрады. Тіпті, азып–тозып қор болып жүрген кісі де өз бойынан бір артықшылық тауып алып, соны кәдімгідей малданып өзін-өзі жұбатумен жүретіні рас. 

Шын мәнінде, егер адамның жаны таза, жүрегі ақ болса, онда ол бірінші кезекте Алла Тағаланы мойындап, Оған бой ұсынуға тиісті. Егер Раббысына құлшылық етуден тиятын болса ондай тазалықтан, ондай ақтықтан адамға не қайыр? Осындай «жаны таза, жүрегі ақ» талай кісілердің адасып тозаққа қарай кетіп бара жатқандары айдан анық. 

Алла Тағала өткен замандарда жаны таза, жүрегі ақ болып табылатын жандарды халық арасынан таңдап алып оларды Өзіне пайғамбар еткен. Егер жаны таза, жүрегі ақ адамдар арқаларын кеңге салып бейқам жүруге тиісті болса, онда ең әуелі сол пайғамбарлар Аллаға еркелік жасаған болар еді. Бірақ, олар болса, керісінше, Алладан қорыққан түрде күндіз де, түнде де құлшылық етіп, жарылқау тілеп жалбарынып, көз жастарын төгетін болған. Егер Раббысына осылай құлшылық ете алмаса, онда ол адамның «жаным таза, жүрегім ақ» деп мақтануы тіпті де бекер. 

Бұл дүниеде адам баласы үшін басты талап Аллаға бой ұсыну. Аллаға бой ұсынған адам міндетті түрде құлшылық амалдарын атқаруға ұмтылады. Ондай жан қаншалықты лас, қаншалықты қара болса да Алла Тағала оны Өз мәрхаматымен тазартып, ағартып алады. Ал, өзін тазасынып, ақсынып Аллаға бой ұсынбай жүрген кісі күндердің күнінде осы бір қарсылығының салдарынан жанының қаншалықты ластанып, жүрегінің қаншалықты қарайып кеткенін өзі де аңғармай қалуы мүмкін. Сондықтанда әр адам түрлі сылтау айта жүріп зиянда қалмас үшін құлшылық етуге асығуға тиісті. 

Maсa.кз. 01.08.2011.  http://galym.jimdo.com

gbaqytkereiuly
30 марта 2013, 0:05
388

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Если раньше путь до Хоргоса занимал около 5 часов по Кульджинской трассе, то сейчас время до границы с Китаем сокращается до 2,5-3 часов. Уже сейчас можно ехать по 4-полосной дороге с цементобетонным покрытием.
theYakov
15 сент. 2017 / 9:35
  • 5647
  • 13
Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

За три месяца я поработала в трёх разных сферах. И сегодня, хочу поведать вам о работе в одной из богатейших компаний мира. Звучит значительно лучше, чем «Я работаю в Mc Donald’s».
madiNAtty
15 сент. 2017 / 12:44
  • 3113
  • 16
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2394
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2319
  • 68
Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Алматы - самый лучший город для меня, так как родной и самый близкий. Так как я много лет прожил за рубежом, могу сказать свою точку зрения, что надо делать у нас.
Ispanec
15 сент. 2017 / 6:20
  • 2148
  • 21
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 1877
  • 34
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
вчера / 15:48
  • 1585
  • 6
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2380
  • 1
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 2152
  • 17