• 103590
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ФРАНЦИЯДА НАУРЫЗ ТОЙЛАНДЫ (ФОТО)

Абдулсамет Алтай: 
Ол – асылдың сынығы. 1971 жылдан бері Парижде тұратын ол – белгілі теолог ғалым Халифа Алтайдың ұлы. Атажұрттан алыс жүрсе де жүрегі қазақ деп соққан қандастардың бірі – Абдулсамет Алтай ағамен өткізілген сұхбатта Франциядағы қазақтардың бүгінгі жағдайы, салт-дәстүрі, қазақ тілінің түйткілі, Парижде өтетін биылғы Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы т.б. мәселелер жайлы ой бөліскен еді. «Түркістан» газетінде жарияланған сұхбатты біз де оқырман назарына ұсынамыз.

«Париждегі қазақтар жиі бас қосады»

– Абдулсамет аға, Франциядағы қазақтар биылғы Наурыз мерекесін қалай қарсы алды?
– Наурыз мейрамын биыл Францияда­ғы Қазақстан елшілігі ұйымдастырды. Мерекелік шараның ерекшелігі сол, Парижде Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Иран, Ауғанстан, Пәкстан, Өзбекстан мен Македония сияқты Наурызды ресми түрде тойлайтын мемлекеттердің өкілдері түгел атсалысып, бірінші рет мерекені барынша кең ауқымда тойладық. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Елшілік тарапынан осындай шара ұйымдастырылуы біздің мерейімізді кәдімгідей өсіріп, бір серпілтіп тастады.
– Бұған дейін Наурызды қалай атап өтетін едіңіздер?
– Батыс Еуропаның қақ жүрегінде тұратын қазақтар ұлттық мерекелерді тойлауда тек өз араларында, жақын-жұрағаты, туған-туысы ішінде ғана шектеледі ғой. Өйткені ресми түрде мейрам боп бекітілмегеннен кейін қолдары қалт еткенде, яғни, жұмыстан босағаннан кейін барып тойлайтын. Бір-бірінің үйіне қонаққа барады, құттықтайды, дастарқан жайылып, ізгі тілектер айтылатын. Ал биыл басқаша болды. Би билеп, ән айтып, ұлттық ойындар ойналып, киіз үйлер тігілді.
– Францияда қазақтардың қанша түтіні бар?
– Мұндағы қазақ отбасыларының саны 250-ге жуық.
– Олар бір-бірімен тығыз араласа ма?
– Әрине, араласады. Қанымыз қазақ болғасын тойсыз отырмаймыз. Апта сайын құда түсу, шілдехана, бесік той, қыз ұзату, үйлену тойы сияқты қуаныштардан қалмаймыз. Сондай-ақ, өмір болғасын қуаныш пен қайғы қатар жүреді ғой, көңіл айтулар мен ас беру сияқты дәстүріміз тағы бар. Осындай шаралардың барлығында қазақтар бас қосып, бір қауқылдасып қалады. Атажұрттан алыс жүргенде бір-бірімізбен қатынасты үзбеу өте маңызды. 
– Шекара сыртындағы қазақтар туралы сөз қозғалса, Ана тілінің мәселесі қоса көтеріледі. Франциядағы қазақтардың қазақшасы қалай?
– Еуропа елдеріндегі қазақтардың бәріне тән ортақ қиындық – тіл мәселесі. Францияда балалар 3 жастан бастап француз тілін меңгеруге көшеді. Қазір мұндағы қандастар, әсіресе, жас буын өкілдерінің өзі қазақша білмесе, бала-шағасына Ана тілін қайтіп үйретсін? Кезінде нәпақа табудың қамымен жүріп балаларына қазақша үйретуге көңіл бөле алмағандар көп. Оның үстіне, Еуропада қазақ мектептері ешқашан болмаған. Тек Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шеттегі қандастарға қазақша үйретеміз деген бастама көтеріп, бізге кітапшалар жіберді. Алайда, әліппеміз бөлек: 70 жылдан астам КСРО құрамында болған Қазақстан кирилше жазса, біздікі – латын әліппесі. Кирилл әріптерін жастар тұрмақ, үлкендер де білмейді. Қазақстаннан жіберілген кітапшаларды оқу, түсіну қиын болғандықтан, қазақша үйренуге деген құлшыныс та саябырсып қалды. Көңілімізді жұбататыны, ересектердің дінге қатты көңіл бөлуінің арқасында балаларымыз да дінге берік, адами құндылықтарға ұйиды.

 

«Жастарға қазақша үйрету керек»

 

– Қазақы салт-дәстүр – ұлттық құндылықтардың ажырамас бөлігі. Француздар жеріндегі қандастар қазақы дәстүрді ұстануда қалай?
– Қанымыз да, жанымыз да – қазақ. Сол себепті әрбір қазақ отбасындағы қазақы дәстүр бабаларымыздан мұраға қалған күйінде, ешқандай өзгеріссіз сақталып келеді. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстанда салт-дәстүр қандай болса, бізде де дәл сондай. Ешқандай ерекшелік немесе айырмашылық жоқ.
– Құда түсу, үйлену тойларына жиі баратыныңызды айттыңыз. Қазіргі қазақ жастары арасында өзге ұлт өкілдерімен шаңырақ көтеретіндері бар ма?
– Аллаға шүкір, Франциядағы қазақтар арасында өзге ұлт өкілдеріне қыз берген жайт кездескен емес. Бірақ түбіміз бір түркімен қан араластырған қазақ жігіттері бар. Түркиямен, араб елдерімен құда болған қазақ отбасылары жетерлік. Француздардан да бірнеше келін түсіріп үлгердік. 
– Негізі француздар елінде қазақтар немен айналысады? Таңдайтын басты мамандықтар қандай?
– Бұл елге 1970 жылдардың басында келген алғашқы буын, яғни, біз тері киім (былғары) тігумен шұғылдандық. Ал Францияда туған кейінгі ұрпақ өкілдері француз мектептерінде білім алып, француз тілін жетік меңгеріп, жалақысы жоғары мамандық иелеріне айналды. Франция азаматтығын алған қазақтар мемлекеттік қызметтерге орналасуда, жоғары білім алған қазақ жастары арасында дәрігер, адвокат, инженер болғандары да жиі кездеседі.
– Қазақстанмен арадағы байланыс қалай? Атажұрттан жиі хабар алып тұрасыздар ма?
– Жыл өткен сайын Қазақстанмен арадағы байланысымыз нығайып келеді. Франциядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілері мен елшілік қызметкерлері де әрдайым бізді құшақ жая қарсы алады. Жаңалықтармен, ұсыныс-пікірлерімізбен бөлісеміз. Олармен бірге емен-жарқын әңгіме-дүкен құратын кездеріміз де көп. Бұл сыртта жүріп, Атажұртты аңсайтын көңілге демеу. 
– Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы биыл Париж қаласында өтетіні белгілі. Шарада қандай мәселелер көтеріледі?
– Кіші құрылтайға Жер шарының 12 мемлекетінен 1 мыңнан астам қонақ күтіп отырмыз. Меніңше, құрылтайдың күн тәртібіне шығаратын мәселесі қазақ тіліне қатысты болады. Мәселен Қазақстанда білім алу, 14-16 жастағы қазақ жасөспірімдерін кем дегенде 15 күнге Қазақстанға шақыртып, Атажұртпен, ондағы қандастардың өмірімен таныстыру, егер осы бастаманы құрылтайға қатысушылар құп алса, жол шығындарын кім көтереді, т.б. Ең бастысы, Кіші құрылтай шеңберінде өтетін басқосулар мен дөңгелек үстелдерде қозғалған мәселелердің дер кезінде шешімін табуы.
– Ендеше алдағы барлық жұмыстарыңызға жеміс тілеймін, аға!
– Сізге де үлкен рахмет! Мен Атажұрттағы барлық қандастарымды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Төрт түлік ақты болсын, ел аман, жұрт тыныш болсын! Алланың нұры жаусын!
– Әңгімеңізге рахмет!


Әңгімелескен 
Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

 

Суреттер Абдулсамет Алтайдың Facebook жеке парақшасыынан алынды

 
nazgulnaz
1 апреля 2013, 8:26
516

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38052
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

В США 75% жителей считают, что КНДР является "критической угрозой" для их страны. Авторы популярного американского шоу Джимми Кимела решили проверить жителей США, знают ли те, где находится КНДР.
tala03
10 авг. 2017 / 16:48
  • 2663
  • 64
Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

КТК: "У жителя Алматы украли… 3 миллиона долларов! В деле, которое расследует сейчас местная полиция, удивляет всё – и внушительная сумма, и фамилия пострадавшего..."
SamJamKZ
10 авг. 2017 / 11:43
  • 2404
  • 42
Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

В Казахстане началось поэтапное внедрение трехъязычного образования. По данным МОН РК, с 2017 учебного года начнется внедрение трехъязычия в 5-х классах.
tala03
10 авг. 2017 / 15:20
  • 1975
  • 31
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2250
  • 5
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1195
  • 6
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1191
  • 0