Жылжымалы үгіт пункті жұмысын бастады

МО РК 2013 M03 29
292
0
0
0

Қазақстан республикасы Қорғаныс министрлігі әскери қызметті үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін Астанада азаматтарды келісім шарт бойынша жинақтайтын  жылжымалы үгіт пункті жұмысын...

Қазақстан республикасы Қорғаныс министрлігі әскери қызметті үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін Астанада азаматтарды келісім шарт бойынша жинақтайтын  жылжымалы үгіт пункті жұмысын бастады. Оның орналасқан  жері – теміржол вокзалы.

Армия туралы, әскери қызметтің шарттарын жұртшылыққа түсіндіре алатын Қарулы Күштердің өкілдері халыққа бұрынғыдан да жақындай түсті. Келісім шарт бойынша әскери қызметке жинақтау пунктінің қай жерде екенін білдіретін мемлекеттік және орыс тілінде жасалған үлкен екі билборд алыстан көз тартады. Пункт вокзалдың екінші қабатындағы күту залында орналасқан.
Телевизиялық мониторларда әскери қызмет туралы бейне роликтер көрсетілуде. Жолаушылар Қарулы Күштер қатарына қабылдау туралы  түсініктеме беретін журналдарды көріп, брошюра, буклеттермен танысуда. Азаматтар барлық өтініштері мен сұрақтарына Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің келісім шарт бойынша  әскери қызметке  қабылдау сұрақтарымен айналысатын қызметкері жауап береді.
Жылжымалы үгіт пункті жұмысын сағат 9-дан бастайды. Әскерде қызмет еткісі келетін, бірақ ол үшін не істеу керектігін білмейтін жас азаматтар қайда барып, кімге жолығатындығын және өзіне қажетті барлық ақпаратты осы жерден ала алады.
Жуық арада Астанада келісімшарт бойынша әскери қызметке жинақтайтын тағы бір жылжымалы үгіт пунктін ашу жоспарда бар. Ол қаланың әр түрлі учаскелерінде жұмістейтін болады. Нәтижесінде астаналықтар мен қала қонақтары келісімшарт бойынша әскери қызметтің мән-жайынан толық хабардар етіледі
Қосымша ақпарат:
Өз өмірлерін Отанға қызмет етуге арнағысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) өздері әскери есепте тіркеуде тұрған іріктеу пунктіне, немесе жергілікті әскери басқару органдарына (қорғаныс істері жөніндегі департаментке, қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге) хабарласып, кандидаттарға қойылатын талаптармен, қажет етілетін құжаттармен және әскери қызметке қабылдау жөніндегі рәсімдермен танысуы;
2) әскери қызметке барғысы келетіні туралы арыз жазуы;
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы «Кадрлар» бетіне тіркелуге және анкета толтыруға;
4) қажетті құжаттарды жинастыруға;
5) іріктеу шараларына қатысып, медициналық комиссиядан өтуге, дене тәрбиесіненен нормативтер тапсыруға, психологиялық және нормативтік құқықтық актілер бойынша, жауынгерлік дайындық сұрақтарына тест өткізуге, сондай-ақ қажетті  әңгімелесуден өтуге тиісті
Іріктеу шараларынан сүрінбей өткендер Қорғаныс министрлігінің комиссиясының шешімімен кандидаттың әскери қызметке қабылдануы қарастырылады.
2013 жылы іріктеу шараларын өткізу:
Алматы қ. ҚІЖД базасында 25.03. - 30.03.2013 ж.
Оңтүстік Қазақстан облысы ҚІЖД базасында 1.04. - 10.04.2013 ж.
Шығыс Қазақстан облысы ҚІЖД базасында 13.05. - 20.05.2013 ж.
Астана қ. ҚІЖД базасында 08.07. - 15.07.2013 ж.
Батыс Қазақстан облысы ҚІЖД базасында 7.10. - 14.10.2013 ж. жоспарланған.
Қазақстан Қарулы Күштері қатарында қызмет етіп өз Отаны мен халқын қорғағысы келетіндер жергілікті әскери басқару органдарына немесе өзі тұратын елді мекендегі  кез келген жинақтау пунктіне  хабарласа алады.
Толық және нақты ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
8 (7172) 72-11-57 немесе 8 (7172) 72-12-07.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0